Мектепалды даярлық сыныбына арналған “Дидактикалық ойындар”


Айжарық Зинегүл Сағымбайқызы

Ақтөбе  қаласы  №35 орта мектебі мектепалды даярлық  сыныбының мұғалімі

«Тілдік дидактикалық ойындардың ұйымдастырып өткізудің маңызы»

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» – деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алды. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Балалар ойын арқылы тез табысып, жақсы ұғысады, бірінен – бірі ептілікті үйренеді. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай олардың мінез – құлқының қалыптасу құралы деп те ерекше бағалаған. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады.

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез – келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын – дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын. Соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы – баланың ой өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай – ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым – қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынатын нақты мазмұнмен анықталады.

Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой – өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтар мен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино», т. б.
  3. Сөздік дидактикалы қойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл – ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.

Өз іс – тәжірибемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр – түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:

– балалардың сөздік қорларын дамыту;

– жаңа сөздерді меңгерту;

– үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.

 

Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін, тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланамын, ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдап аламын. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс пайдаланамын.

1 кіші топтан бастап ересек топтар арасында жұмыс жасаған кезімде тіл дамыту сабағында тақырыбына қарай мынадай дидактикалық ойындарды пайдаланамын.

1 кіші топта дидактикалық ойындардың жеңіл түрлері ойнатылады. «Дауысын сал» – ойын шарты: кубизм арқылы ойнатамын бала кубикті лақтырып қандай жануар түссе сол жануардың дыбысын салады.

«Қимылын көрсет» – ойын шарт:

Айтылған заттардың қимылын көрсету мысалы: қоян, ұшақ, аю, бақа, т. б.

«Ғажайып қалта» – ойын шарты:

Қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау мысалы: алма, доп, мысық, орындық, т. б.

«Жеміс пен көкөністі ажырат»-

ойын шарты: бала жемістер мен көкөністі ажыратады

«Үй жануар мен жабайы жануарды ажырат» – ойын шарты:

Бала үй жануары мен дала жануарын ажырату керек.

Ортаңғы топта 1 – 2 – кіші топқа қарағанда қиындау болады.

«Тілші» ойынның шарты:

Жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды, жауаптарын алады. (жүргізуші – жоғары деңгейдегі бала)

– Мынау не?

– Мынау жеміс алма.

– Алма қандай?

– Алма қызыл, тәтті (сары, домалақ, үлкен, кішкентай)

«Құстардың атын ата»- ойын шарты:

Суреттегі құстардың атын ату.

«Тазалық бұйымдардың атын ата»- ойын шарты – тазалыққа жататын бұйымдарды атау.

Қазіргі уақытта ересек тобында өзім мына ойындарды қолданамын бұл ойын МАД топтарында қолдануға болады. Кіші топтарға қарағанда күрделі болып келеді.

«Мекенін тап»

Ойынның барысы:

Үй және жабайы жануарлар суретің біртіндеп ала отырып, немесе бірнеше балаға бөліп берілген суреттерді мекен жайларына орналастыру қажет. Мысалы: үй жануарларын жайлауға орналастыру. Ал жабайы жануарларды орманға орналастыру керек. Жаңылмай тапсырманы дұрыс орындаған балаларды мадақтап, жаңылысқан балаларға көмектесіп түсіндіру.

 

«Эстафета»

Ойынның мақсаты: Балалардың тілін және сөздік қорын жетілдіру.

Ертегі кейіпкерлер туралы түсініктерін кеңейту.

Көрнекіліктер: Таяқша.

Ойын барысы: Балалар дөңгеленіп тұрады. Жүргізуші қолында эстафеталық – таяқша болады. Жүргізуші бір ертегі кейіпкерінің атын айтып, қолындағы таяқшаны қасындағы балаға береді. Таяқшаны алған бала сол ертегі кейіпкерлерінің іс – әрекет қимылына байланысты сөз айтып, келесі балаға тездетіп таяқшаны беруі тиіс. Жүргізуші қолына таяқша қайтып келгенде, ол жаңа сөздер айтып, басқа балаға беріп бастайды. Балалар сөз тауып айта алмаса, айып салынып ұпай беріледі. 3 айып салынған ұпай алғаннан кейін, ол бала ойыннан шығып қалады. Ойын соңында кімде айып салынған ұпайы аз болса, сол бала жеңімпаз аттанады. Мысалы: «ит» сөзі – үреді, жүгіреді, үй күзетеді т. б. «мысық» сөзі – ойнайды, тышқан аулайды т. б.

Ақтөбе қаласы № 35 орта мектебі

Тәрбиеші: Айжарық.З.С

2016 – 2017 оқу жылы

Тақырыбы: «Тәрбие басы- отбасы» (дөңгелек үстел)

Мақсаты: бала тәрбиесінде ата – ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру, ата – ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретін де қарауға қызығушылықтарын дамыту.

Кіріспе сөз: Баланы баптап бақпасаң. Жамандықтан қақпасаң Қадірден жұрдай қасқа боп. Кешкенің өмір босқа тек – дегендей баланың ыстық – суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата – ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді.Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы демеуші ата – ана.Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата – ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата – бабамыздың асыл сөзінің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ендеше, осы тәрбие төңірегінде ой өрбітсек.

Ῑ. Шаттық шеңбері. Әр ата – ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі – үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы, Айдай сұлу – Айгүл.(Осылайша жалғасады)Жүргізуші: – Тамаша! Енді дөңгелек үстел басына жайғасып, ой өрбітсек.(Үстел басына жайғастыру)

ῙῙ. Топқа бөлу: Стол үстіндегі қағаздарды таңдау арқылы бөлінеді. – Енді ата – аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.Ал енді ата – аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Әр топ өз аттарын қорғайды1 – топ: «Тамыр» 2 – топ: «Діңгек» 3 – топ: «Жапырақ» – Осы ағашты «Бақытты отбасы ағашы» деп атайық .

ῙῙῙ. Жағдаяттарды шешу 1.Ата-анамен бала арасындағы махаббатты қалай түсінесіз? 2.Бақытты жанұя қандай болады? 3.Бала тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлі? 4.Ата-анамен балабақшаның ынтымақтастығы дегенді қалай түсінесіз? 5. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? 6. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,….. деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба? 7. Сізге тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата – аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? 8. Кейбір ата – аналардың баласының әрбір іс – әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,  – деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?  9. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, мектепке келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз? 10. Балаңыз қандайда бір теріс іс – әрекеттер көрсетсе, сіз қандай шара қолданасыз?

ῙV. Топтастыру. «Бала» – Бала – ата – ананың жастық шағының айнасы. Баланың әр қимылынан кей кездерді өзіміздің де бейнемізді сеземіз. Себебі ол біздің бауыр етіміз, өн бойына өз жылуымыз бен қаталдығымызды құйып, баптап отырған гүліміз.- Олай болса, құрметті ата – аналар, адамгершілік қағидаларын бала жүрегіне қалай сіңіреміз. Сіздерге тапсырма: «Сіз балам жақсы болсын деп қандай әрекет жасайсыз?»(Өз ойларын ортаға салу)                   V. «Баламен сөйлесудің 10 ережесі»

Жүргізуші: – Сіздің тәжірибеңізде баламен сөйлесу барысында қиындық туындаған кездер болды ма? Қандай қиындықтар есіңізде қалды? Қиындық тудырған сәттерде жағдаятты қалай шештіңіз?(Ата – аналардың пікірін тыңдау)Жүргізуші: – Сіздерге ғалымдардың зерттеулері бойынша жинақталған «Баламен сөйлесудің 10 ережесі» жайлы мағлұмат бере кетсем:1. Үйге ашығып келмеңіз, ашыққан адам сабырсыз, ашушаң келеді. Мұндай сәтте бала жүрегіне қаяу түсуі мүмкін;2. Өте шаршап, қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл – ой жүктемелері өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі;3. Қызметіңіз туралы айтқанда баланы одан кейін қойып сөйлемеңіз;4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды екенін естен шығармаңыз;5. Бала – көмекші, отбасының тең құқылы мүшесі. Оны ұнамсыз жұмыстармен мазаламаңыз;6. Баламен біліміңізді салыстырып сөйлемеңіз. Ол да өзінің ойын түйе алатынын естен шығармаңыз;7. Бала тек өзінің естігенін емес, көргенін жасайтынын ұмытпаңыз. Ісіңіз бен сөзіңіз бір жерден шықсын;8. Тыңдай біліңіз. Өзін тыңдамаған бала қапаланып өседі.9. Баламен кеңесіңіз. Қуанышыңыз бен уайымыңызды бөлісіңіз. Тек бала жүрегін жаралап алмаңыз.10. Балаңыз сізге материалды тәуелді екенін ешқашан айтпаңыз. Бұл оның жүрегінде сызат боп қалады. Қарттық шағыңызда өз алдыңызға келуі мүмкін.

VῙ. « Сөйлемді аяқта»

1– топ: «Тамыр» 1. Егер баланы үнемі сынап отырса…(оқуға құлқы болмайды). 2. Балаға үнемі күлсе…(бұйығы болып өседі). 3. Баланы қолдап отырса…(өз қадірі үшін оқиды).  2 – топ: «Діңгек» 1. Баланы шыншылдықта өссе…(ол шыншыл болады, өтірік айтпайды). 2. Бала төзімділікте өссе…(адал болып жетіледі). 3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе…(ол адамға сеніммен қарайды).  3 – топ: «Жапырақ» 1. Бала кекшілдікте өссе…(ол қатыгез болып өседі). 2. Бала адалдықта өссе…(адал болып жетіледі). 3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе…(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

VῙῙ. «Ашығын айтсам»

Гүл – әдемілік, сыйластық, қуаныш. Балаларыңыз да әдемі, сүйкімді болып өсіп,сіздерді қуанта берсін! Енді мына алдарыңызда роза гүлі суреті салынған стикерлерге бүгінгі дөңгелек үстелден алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып, роза гүлінің бұтағына жабыстыруларыңызды сұраймын. Ата – аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!.

Сценарий мероприятия «Ұлттық ойындар – Национальные игры»

Цель: приобщение детей предшкольных классов к казахским национальным играм и традициям народа.

Задачи:

на примере показать и научить играть в разные подвижные казахские национальные игры;

развивать ловкость, подвижность, смекалку;

воспитывать стремление к победе, умение работать в команде, действовать сообща.

 

Ведущий 1: Қайырлы күн, кішкентай достар және ұстаздар!                                                                                                             Бүгінгі «Ұлттық ойындар»атты  сайысымызға қош келдіңіздер!

Ведущий 2. Добрый день, дорогие друзья! Мы рады приветствовать вас на нашем мероприятии, посвященному национальным играм.

Ведущий 1:  Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

1-кезең —- “Сәлемдесу”, “Приветствие”

2-кезең —- “Қыз қуу”, “Догони девушку”

3-кезең —- “Бәйге”, “Байга”

4-кезең —-  “Жамбы ату”,”Стрельба по мишени”

5-кезең —- “Теңге алу”,”Подними монету”

6-кезең — “Арқан тарту”, “Перетягивание каната”

Ведущий1:  Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай  қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан – жай емес. Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған. Ойын тек адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т. б. тәрбиелеп қана қоймай, адамның ақыл – ойының толысуына, есейіп өсуіне де көп пайдасын тигізеді.

Ведущий 2: С древних времен игры для всех народов являлись способом выделиться среди окружающих людей ловкостью, смекалкой, силой. Состязания силачей, метание в цель, бег на скорость и многие другие игры сохранились до наших дней.

Традиционные игры многих народов во многом похожи, но есть и различия. Казахские национальные игры отличаются тем, что чаще всего проводятся верхом на лошади либо с использованием костей животных.

Ведущий 2: Сегодня на нашем мероприятии будут состязаться три команды:

команда 0″А” класса “КЫРАН” (аплодисменты)

команда 0″Б” класса “СҰНҚАР” (аплодисменты)

команда 0″Ә” класса “ЖАЛЫН”

Ведущий 2: а чтобы состязание носило честный и справедливый характер представляем вам наше уважаемое жюри:

Руководитель МО : Москаленко Марина Николаевна

учитель музыки :Бабияш Елена Анатольевна

старшая вожатая: Инербаева Аида Нурлановна (аплодисменты)

 

Ведущий 1: Ал, енді сайысымызды бастайық. 1-кезең—«Сәлемдесу» (әр топ өздерінің топтарын таныстырады)

Ведущий 2: А теперь 1- тур «Приветсвие»  (каждая команда знакомит свою команду)

Ведущий 1: 2- кезең «Қыз қуу» ( әр топтан бір сайыскер қатысады.1-ші топтан ұл  бала, 2-ші топтан қыз бала) ұл бала қыз балаға жетіп  алса,мойнына орамал тағады,жете алмаса  қыз бала қамшымен ұрады.Женген бала 3-ші топтын баласымен ойнайды, ойынның сонында жеңімпаз анықталады.

Ведущий 2: 2 тур нашего состязания. Национальная игра «Догони девушку». Правила игры: парень команды “Қыран” должен догнать девушку из команды “Сұнқар” и завязать ей ленточку. Если же парень не сможет догнать декушку, то девушка бьет его камчой. Победивший игрок играет с другой командой  (игра повторяется 5 раз)

Ведущий 1: 3- кезең “Бәйге” (әр топтан бір қатысушыдан атқа мініп шауып жарысады)

Ведущий 2: 3 тур. Национальная игра “Байга” Правила игры: с каждой команды выходят по одному игроку ,скачут на конях на перегонки (игра повторяется 5 раз)

Ведущий 1: Келесі 4- кезең – “Жамбы ату”  ойын шарты: әр топ ойыншылары жекелеп белгіленге жердегі асықтарды атып құлатқанына қарай ұпайларын есептейді.

Ведущий 2: 4 тур нашего состязания. Национальная игра “Стрельба по мишени” – Правила игры: с каждой команды приглашаются по 6 мальчиков. Задача игры-сбить впереди стоящие асыки. Каждому дается лишь один бросок.                  Победит та команда, которая соберет больше всех асыков.

Ведущий 1: 5 – кезең – Ойын “Теңге алу” Ойынның ережесі:

 

Ведущий 2: 5 тур. Игра “Подними монету” Правила игры:

 

Ведущий 1: 6- кезең «Арқан тарту» (әр топтан бес қатысушы қатысады.Екі жақта тұрып Тартысады.Қарама-қарсы топты өз жағына қарай тартып алған топ жеңімпаз болып шығады.)

 

Ведущий 2: 6 тур. Игра «Перетягивание каната». Правила игры: необходимо претянуть команду противника за черту на земле. Побеждает та команда, которая за три попытки большее число раз перетянет другую команду.

Ведущий 2: А теперь слово предоставляется нашему компетентному жюри.

Ведущий 2: Песня

Ведущий 1: Осымен біздің бүгінгі «Ұлттық ойындар» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сіздерге әрдайым оқуларыңызда  жетістіктер тілеймін.

Ведущий 2: Наше сегодняшнее состязание подошел к концу. Спасибо всем командам за участие в соревновании.   Поздравляем команду победителей. И хотим пожелать всем: играйте в игры, развивайте ловкость и смелость, учитесь быть первыми и достойно принимать проигрыш. И не забывайте, что игры созданы для хорошего настроения, а не для соперничества.

До свидания! Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *