«Сұранысқа ие мамандықтар» Кәсіби бағдар бағыты бойынша тәрбие сағатының сценарийі. Географиялық кеш «Материктер әлемінде» Әдістемелік әзірлеме бағдары бойынша


 Сабиева Алтынай Даулетхановна
 Өскемен қаласы әкімдігінің «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ география және биология пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру. : «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» озып шығып «Жас географтар» атағын алатын сыныпты анықтау
Дамытушылығы: Білім, білік дағдысын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, ғылыми көзқарастарын қалыптастырып, ізденушілікке баулып дүниетанымын дамыту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған орта табиғатын аялауға, ұжымшылдыққа және бір – бірін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, интерактивті тақта, Power Point презентациясы.
Түрі: Сайыс
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топпен жұмыс, картамен жұмыс, ой қозғау әдісі, шығармашылық жұмыс.

Барысы:

I. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсаты.

II. Ұйымдастыру.

1. 1 Қатысатын оқушыларды таныстыру

1. 2. Әділ – қазылар алқасын сайлау.

1. 3 Сайыстың кезеңдерімен және шарттарымен таныстыру

III. Қорытынды.

IV.Марапаттау.

Мұғалім:

– Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және бүгінгі сайыстың қатысушылары.

– Бүгін біздің «Материктер әлемінде » атты ойын сайысын бастаймыз.

– Бүгінгі ойын сайысқа жетінші сынып оқушылары қатысады, яғни әрбір сыныптан өз сынып беделін , сыныптың намысынқорғауға 7 оқушыдан 1 топ болып шығады. Сонымен бізде 2 топ қатысады.

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,- дей келе бүгінгі сайысымызды бағалайтын және сын беретін әділ – қазылар құрамымен таныстырайық:

Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер. Білімді деген ақылшың Қиындықтан өткізер,–деп сайысымыздың ойын шарттарымен таныстырып өтелік. Сайысымыз 8 кезеңнен тұрады:

Кезеңдері:

1. Таныстыру (топ аты, ұраны, төсбелгісі)

2. Блиц турнир (сұрақтар).

3. Географиялық жұмбақ шешу.

4. Картамен жұмыс.

5. Қара жәшік..

6. Топ басшылар сайысы (географиялық нысандар бойынша сұрақтар)

7. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр

8. Үй тапсырмасы «Қалдықтарға екінші өмір сыйла»

Ітур. Сайысымыздың бірінші кезеңі «Таныстыруға» кезек берейік.

(Топтар өздерін таныстырады) І топ карта, ІІ топ саяхатшылар

ІІ тур: Блиц турнир. Мұнда барлығы 20 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Сайысқа қатысатын топтар кезек кезек жауап береді. Егер жауабы жоқ болса келесі топ мүшелері жауап беруге мүмкіндік алады.

1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)
2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)
3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд)
4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро)
5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)
6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м)
7. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)
8. Жер шарындағы барлық 4 мұхит сулары шайып жатқан материк (Еуразия)

9. Кофенің отаны қай материк (Африка)
10. Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американы бөліп тұрған не? (Панама каналы)

11. Ф. Магеллан жер шарын қашан айналып шықты? (1519 – 1522ж)

12. Құрлықтың су кеңістігіне кіріп тұрған бөлігі (Түбек)

13. Қай таудың аты оның мыс рудасына бай екенін көрсетеді (Анд)

14. Оңтүстік Американың байырғы тұрғындары кімдер (үндістер)

15. Антарктиданы ашқан саяхатшылар ( Ф. Беллинсгаузен, М. Лазарев)

16. Солтүстік бағыт пен белгілі бір зат арасындағы бұрыштық өлшем (азимут)
17. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
18. Солтүстік және Оңтүстік польюстерді қосатын сызық (Мередиан)
19. Ең кішкентай құс (Калибри)
20. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)

ІІІ Тур бойынша 2 топқа бірдей географиялық жұмбақтар жасырылады. Әрбір шешілген жұмбаққа 5 ұпай беріледі. Жұмбақтың шешімін тапсаңыз қол көтересіздер. Орнынан айтылған жауап қабылданбайды. Кезең шарты түсінікті болса, онда біз бастаймыз. Топтарға сәттілік тілейміз.

«Географиялық жұмбақтар»

І -ТОП

Сурет –жұмбақ (2-мин)

сурет. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?
АФРИКА

Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)

Тұрғыны жоқ елдер,

үйі жоқ қалалар

Ағашы жоқ ормандар,

суы жоқ теңіздер. (карта)

II-ТОП

сурет. Орамалды әйел бейнесінде қандай материк бейнеленген?
С.АМЕРИКА

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)

Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

IV тур — «Карталар әлеміне саяхат». Ұпай саны: 5 ұпай Әр топ берілген объектілерді картадан тауып, картадан көрсету.

1 – топ

1. Жерорта теңізі

2. Дрейк бұғазы

3. Сомали түбегі

4. Анд тауы

5. Игуасу сарқырамасы

6. Сахара шөлі

7. Чад көлі

 

2 – топ

1. Қара теңіз

2. Мозамбик бұғазы

3. Виктория сарқырамасы

4. Конго өзені

5. Титикака көлі

6. Атакама шөлі

7. Косцюшко тауы

V тур: “Қара жәшік”

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады

Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай

І топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны “жылан өсімдігі” деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны – Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:

Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны – Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.

Жауабы: Шай

VI тур. Капитандар сайысы. Мұнда әр топ басшысына 1 сұрақ беріледі. Cұраққа толық дұрыс жауап берсе топ қоржына 10 ұпай беріледі.

1.Егер Анд тауы Американың батысында емес, шығысында орналасса, онда материк климаты қалай өзгерер еді?

Жауабы: Егер Анд тауы материктің шығысында орналасса, онда климат құрғақ болар еді. шығыстан экваторлық және муссонды – пасатты ауа циркуляциясына байланысты ауа массаларының келуінен

2. Егер Антарктика болмай, оның орнында Оңтүстік полюс маңында Солтүстік полюстегідей мұхит болса не болар еді?

Жауабы: Антарктида материгінің, оның мұздығының болуы Жер шары атмосфера циркуляциясына үлкен әсер етеді. Егер Антарктика болмаса Жер шары атмосферасының температурасы қазіргіден әлдеқайда жоғары болар еді.

VII тур. Көрермендер сайысы «Ойлы болсаң, тауып көр» Әр бір дұрыс тапқан сұрақ жауабына 5 ұпай.

(қызықты сұрақтар)

Шаян тектес жануардың атын жазбақ еді, орнына Солтүстік Африка халқының аты шықты (краб-Араб)
Әрі суық, әрі тәтті дәм еді, болып қалды солтүстіктің тұрғыны (эскимо-эскимос)
Ең ашулы қандай қала? (Грозный)
Бір әрпін жоғалтса қандай арал геометриялық фигура болады (Куба)
Қандай мемлекетті басқа киюге болады? (Панама).
Қандай жер ешқашан қартаймайды? (Жаңа жер)
VIII тур. Үй тапсырмасы «Қалдықтарға екінші өмір сыйла» . Бұл сайыста әр топ өздерінің қалдық өнімдерінен жасаған туындысымен таныстырады. Бұл сайыс та жасаған жұмысына қарай 10 ұпай балмен бағаланады.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Сайыстың қорытындысын шығару;

Әділ қазыларға сөз беру;

ІV Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау

Мұғалім: Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білімнің шыңына.

Дарындылық пен тапқырлық,

Жеткізеді сіздерді,

География сырына,- дей отырып сайысымызды аяқтаймыз.

Мазмұны:

І. Кіріспе

а)Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері «Мамандықтар классификациясы»

б) Топқа бөліну:   адам – техника, адам – адам,  адам – белгі жүйесі,  адам – табиғат,  адам – көркем образ

ІІ.Негізгі бөлім

а) Ой қозғау «Мамандық» сөзіне ассоциация құру

б) Постер қорғау «Мамандық таңдауға әсер ететін жағдайлар»

в) Ойыңды дәлелде: берілген тұжырымға ойларын айту

г) Ақпарат беру: Мамандық таңдаудың 7 қадамы

д) Өмірмен байланыс «Мамандықтар әлемі»- колледж мамандарының мәліметі. (Қосымша 2,3,4)

ІІІ.Қорытынды бөлім

а) Ақпарат: Мамандық таңдаудағы ережелер (қосымша 1)

б) Жүректен жүрекке-оқушылар қалаған мамандықтары мен өздерінің тілектерін жазып іледі.

Тәрбие сағатының тақырыбы:  «Сұранысқа ие мамандықтар»
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, облысымызда және қаламызда  сұранысқа ие мамандықтар туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың жеке басының сапалық қасиеттерін арттырып, кәсіптік бағдар бере отырып, өзін өзі тану аумағын кеңейту және сұранықа ие мамандықтар туралы көзқарасын дамыту.
Тәрбиелік:    сұранысқа ие мамандықтар  туралы ақпарат беру  арқылы таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау және өз өлкесінің көркеюіне үлес қосатын өз елінің патриоттарын тәрбиелеу. (слайд 2)
Міндеті:
–   Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын    мамандыққа         сай тани білуге үйрету;
– Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
–   Облысымызда және қаламызда сұранысқа ие мамандықтар     туралы
мәлімет беру;   (слайд 3)
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар,  мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, плакат « Отанның болашағы, мемлекеттің  келешегі жастардың  қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен  ұштасқан біліктік арқасында биік белестерге жетеді”Н.Ә.Назарбаев.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,  топтық жұмыс, тренингтер.
Сабақтың түрі: колледж мамандарымен кездесу

Сабақ барысы:   І.  Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі:  Шаттық шеңбері  «Мамандықтар классификациясы» (оқушылар шеңберге тұрып бір оқушы бір мамандықты атайды, келесі оқушы соңғы әріпке мамандық түрін атайды)

Жүргізуші:  Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:  (Таратпа қағазға жазылған мамандықтарды  мысалы: ұшқыш, дәрігер, буғалтер, эколог, суретші т.б таңдап оқушы топқа жиналады.) Әр партаның үстінде топ аттары жазылған қағаздар тұрады.

1-    Топ : адам – техника,

2-    Топ: адам – адам,

3-    Топ: адам – белгі жүйесі,

4-    Топ: адам – табиғат,

5-    Топ:адам – көркем образ.

ІІ. Негізгі бөлім   Ой қозғау.

Жүргізуші: Өздерің топқа бөлінгенде коргендеріңдей  мамандық түрлері көп. Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 — ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме елімізде сұранысқа ие ме?  Ендеше топтарға сұрақ:   Мамандық  сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?   (Әр топ мамандық сөзіне ассоцация құрайды)

Күтілетін нәтиже:   Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық,
Қызығушылық, Еңбек көзі  ( слайд 4)
Жүргізуші:  Мамандық таңдау – өте жауапты іс. Өйткені, таңдаған мамандығың ертеңгі сенің өмірің, болашағың, қоғамның болашағы, елдің ертеңі. Мамандық – бұл кәсіби одақ, яғни қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Топтарға 1- тапсырма :Мамандық таңдауға кім және қандай жағдайлар әсер етеді? сұрағына постер қорғау.

Күтілетін нәтиже:

ата — ананың ақылы

достарыңның ақылы
мұғалімнің ақылы
қазіргі кездегі сол мамандықтың беделі
дарының, мүмкіндігің, қабілетің
жақын аймақтағы оқу орнының болуы
жалақысының көп болуы       (слайд 5)
(топтардың пікірі тыңдалады)

Топтарға 2- тапсырма:  Өзің келіспейтін тұжырымның біреуін таңдап алып, ойыңды дәлелде      (слайд 6)
1.      Мамандық бір — ақ рет біржола таңдалады

2.      Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты

3.      Отбасы және достарыңның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

4.      Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

5.      Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

6.      Мамандық таңдау – күн көріс қамы

( Бір тақырып бойынша  өз ойларын айтып,білген түйгендерін ортаға салады)

«Өмірмен байланыс» бөлімінде   зерттеушілік әңгімесін жүргізеді

Жүргізуші:  Сұрақ: Өздеріңнің туған Өскемен қаласында

1.Қандай мамандар қажет деп ойлайсыңдар?

2.Қала экономикасын көтеру үшін, қалаға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар? (оқушы ойларын ортаға салады)

Күтілетін нәтиже: Құрлысшы, тас қалаушы, токарь, электрмен дәнекерлеуші, тракторшы- машинист, кран жүргізушісі,  техника жөндеуші        (слайд 7)

Ақпарат:  Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі өзгерді

«Жастар жұмыссыз қалмаудың қамына кірісті! Елімізде сұранысқа ие мамандықтар тізімі түбегейлі өзгерді, деп хабарлайды.

Абитуриенттер бұрын көштің басын бермей келген заңгер, есепші қызметтерінен бас тартып, көлікжөндеуші, дәнекерлеуші, электрик мамандықтарын таңдауға кіріскен. Бұл біз үшін қуантарлық жағдай. Өйткені, елімізде дәл осы салалардағы кәсіби кадрлер тапшы.

Таңнан кешке дейін кеңседе отыру енді сәнде емес. Биылғы сұранысқа ие мамандықтар тізімі соның дәлелі. Бұрын көштің басын құқықтану, есеп және аудит мамандықтары бермей келсе, қазір «тазадан» гөрі «қара» жұмысқа қызығушылық артқан,  слесарь, электрик және дәнекерлеуші қызметтеріне де қызығушылық күрт артыпты. Осылайша, жастардың талғамы сұранысқа сәйкес келіп отыр. Аталған мамандық иелерінің бізде тапшы екенін айта кетейік. Ал, биылғы көрсеткіш осындай мамандарды даярлайтын оқу орындары үшін жағып тұр.Осылайша, дипломы бар жастар жұмыссыз сенделмейтін болды. Бұған дейін, олар аталған салаларда айлықсыз қаламыз деп қорыққан. Енді, түлектер де, ата-аналар да көлік жөндеуші, дәнекерлеуші сынды мамандықтардың келешегі зор екенін түсініпті.

Абитуриенттер бізге қандай мамандардың  шын қажет екенін ұғына түсті. Олардың бұл салаларға бет бұруына «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» да әсер еткен”, –  сияқты.

Жүргізуші: Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты кезең. Сондықтан талапкер үшін мамандық таңдаудың жеті басты қадамын ұсынамыз:   (слайд 8)
Бірінші қадам:   Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер ЖОО-ға жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
Екінші қадам:   Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
Үшінші қадам:   Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.
Төртінші қадам: Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Бесінші қадам:   Сұранысты да назар ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
Алтыншы қадам:   Мамандар не дейді?
Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.
Жетінші қадам:   Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
Жүргізуші: ”Мамандықтар әлемі”.бөлімі бойынша Өскемен қаласының колледждерінің мамандарына сөз кезегін берейік:  (Колледжден келген мамандар сол оқу орындары туралы деректермен қысқаша таныстырып оқушыларға анықтама материалдарын таратады.)

Кәсіптік- техникалық лицей маманы:           Мырзаханова АС

2017-2018 оқу жылы бойынша келесі мамандықтарды оқыту бойынша студенттерді іріктейді.  Байланыс:

Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79
Телефоны: Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 75-29-42  (Қосымша 2)
Өскемен құрылыс колледжінің маманы: Айдабулова АД   2017-2018 оқу жылы бойынша келесі мамандықтарды оқыту бойынша студенттерді іріктейді.   (Қосымша 3)

Өскемен политехникалық  колледж маманы: Самаров ТМ

2017  жылдан тегін кәсіптік техникалық білім бағдарламасын жүзеге асырады.Қазіргі аймақ экономикасына сұранысқа ие 7 мамандыққа оқыту бойынша студенттер қабылдайды. Мамандық дайындау : 9 және 11 сынып негізінде, қазақ және орыс тілінде,  тегін және ақылы, іштей және сырттай  жүзеге асырылады.

ӨПК мамандықтары- сендердің сенімді  болашақтарың! (Қосымша 4)

ІІІ.Қорытынды бөлім:

Жүргізуші: Бүгін уақыттарын бөліп сендерге оқу орындары туралы мәлімет бергендері үшін Колледж мамандарына үлкен алғысымызды айтамыз. Және осы мәліметтер сендердің мамандық таңдауларыңа улкен көмегін тигізеді деп ойлаймыз.

Мамандық таңдаудың 7 қадамы.
Еңбек етсем, ертеңгі – бақытыма сенемін   .
Мақсатыма жеткізер – уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да – жеңеріме сенемін.

Ақыл, сана білім мен – өнеріме сенемін.

Арым – таза, ақ көңіл – адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет – адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық!

«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев   (слайд) атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгінгі сабақ  сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын. Корнекіліктегі Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев « Отанның болашағы, мемлекеттің  келешегі жастардың  қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі, табанды тіршілігі тек біліммен  ұштасқан біліктік арқасында биік белестерге жетеді”  (слайд 9) демекші мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан сендер сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті болуларың үшін өз мамандықтарыңды дұрыс таңдап, дұрыс игеріп өмірден өз орындарыңды дұрыс таба білулерің керек.Сондықтан Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан. Әр оқушыға ереже таратылып береді  (косымша1)

 

Жүректен-жүрекке бөлімінде  оқушылар бір-біріне жүрек жарды тілектерін білдіреді.  Ендеше барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік.( Оқушылар алма ағашына өздеріңнің қалаған мамандықтарын және бір-біріне  жақсы тілек жазып іледі)
Жүректеріңнен шыққан арман мен тілектерің осы “Алма ағашындағы” жемістердей сендерге өмірде де жемісі мен жеңісін силай берсін деп сынып сағатын аяқтайық.Мамандық таңдау-ертеңіңді ойлау. Мамандық- өмір таңдауы. Өмірде өз орныңды таба біл! Барлықтарыңа сәттілік!
(слайд 10)

Қосымша 1

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:

1.      Ары қарайғы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шет тілін үйреніп, компьютерде жұмыс  істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандықта қажеті болары сөзсіз!

2.      Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін  адамдардың ақыл-кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.

3.      Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.

4.      Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.

5.      Сен қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.

6.       «Жақсы адам» – бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жаңсақ қорытынды жасауға болмайды.

7.      Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін-келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.

8.      Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.

9.      Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой- ниетің салмақтана түспек.

10.  Өзіңмен алдын ала психологиялық жұмыс жүргізбей-ақ, нық қадам жасай беруге болатын бірде-бір мамандықтың жоқ екендігін есіңде сақта! Әр адамның өзінің құрылымдық ерекшеліктері бар, дегенмен қатып қалған заңдылық жоқ болғандықтан, уақыт өте келе олар да өзгеретіні сөзсіз. Ұпай түрінде берілетін даму ерекшелігінің психологиялық көрсеткіштерінің «затқа айналуы» және бейімдік тест болашақ мамандыққа дайындық жасауға және өз қабілеттерінің құрылымы, дамуындағы түзетуді қажет ететін кейбір кемшіліктерді дер кезінде көруге мүмкіндік береді.

Қосымша 2

Кәсіптік- техникалық лицей

Байланыс:

·             Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79

·             Телефоны: Қабылдау бөлмесі: +7 (7232) 75-29-42

 

Кәсіптік-техникалық лицей келесі мамандықтарды оқытуға бағытталған:
– Тамақ өнеркәсібінің мамандары: аспаз, даяшы (1 жыл 10 ай)
– Техникалық қызмет көрсетуден және автокөлік құралдарын жөндеуден Слесарь (1 жыл 10 ай)
Кәсіптік-техникалық лицей келесі мамандықтар бойынша тұрақты курстар жүргізеді:

1.”Автокөлік механиктері” 3 месяца;
2. Автоэлектрик  3 месяца;
3.”Автоаккумуляторщик  3 месяца;
4.В санатының жүргізушісі 3 ай;
5. В,С санаттарының жүргізушісі 4,5 ай.

6.”ЭВМ операторы “1 ай;
7.”Компьютерлік құрылғыларды жөндеу және қымет көрсету 2 ай;
8.”Үстел үсті басып шығару жүйелерінің операторы 1 ай;

9. «Тамақ өнеркәсібінің өнімдерін ұйымдастыру технологиясы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *