«Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу –біздің міндетіміз»


Кидирбаева Жанаргул
Новый орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

               Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Қазақстан -2030»–стратегиялық даму бағдарламасында  «Біз жас Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» ,-деп ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Сондықтан ,әрбір қоғам мүшесіне патриоттық тәрбие бере отырып, оның ұлтжандылығын, Отансүйгіштік сапасын , өзге ұлт өкілдеріне және туған халқына құрмет сезімін қалыптастыру  талабы жылдан –жылға күшейіп отыр.Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты- Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін,тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын ,ұлтаралық мәдениетті дамытатын,  еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын   биік патриот,жігерлі азамат тәрбиелеу.

Отан сүйгіштік –әрбір азаматқа керек ұлы қасиет.Өз Отанын,өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны,патриоты бола алмайды. Отаншылық өз үйіңнен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтаса ,өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл  болады

Оқушыларды патриотық сезімге тәрбиелеуде мектептерде тәрбиелік-танымдық кештердің ,тәрбие сағаттардың  ,жарыстардың ,пікірталастардың жиі өткізілуі, қазақ зиялылары мен батырлардың мұражайларына апару, олармен кездесулер,сабақ басталар алдында, «Мемлекттік Гимннің»  айтылуына талаптарда оңды  ықпалдарын  көрсетеді. Мемлекттік рәміздерді құрметтеу оқушыларды  Отан сүйгіштікке  тәрбиелеудің басты шарты.Оқушыларды отаншыл рухта тәрбиелеу,   гимнін басталады.Отанымыздың көк байрағы,елтаңбасы ,гимні Қазақстанның әрбір азаматын үлкен   жауапкершілікке, ынтымаққа,бірлікке, мәдениетке жетелеу керек.Қазақстан Республикасының алғашқы Гимнінің әрбір сөзі нағыз патриоттыққа тәрбиелейтін  үлкен мектеп. Көк байрағы желбіреп,Гимн орындалғанда қазақ екеніңе ,Қазақстандық екеніңе мақтанасың, көкте самғайтын қыранмен танысқың келеді.Алтай,Алатау,Қаратау,Көкшетау туралы,Каспий, Балқаш  сулары,киелі Түркістан сенікі екеніне шаттанасың.Міне,нағыз Отансүйгіштік!

Қазақта «Ер туған жерінде,ит тойған жерінде» деген мақал бар.Әрбір адамның туған жері-бәрінен де  қымбатты.Өйткені,сол жердің топырағында өліп, суын ішіп, ауасымен тыныстады,табиғатымен біте қайнасып, адам болып қалыптасты.Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды,аялайды,күтеді,қастерлейді.Туған жеріміздің әрбір тасына дейін қасиетті,киелі,әулие.Сондықтан сол құдіретті мекенімізді  суйе білмесек, адамдығымызға сын.Туған жерімізде талай өркенді өзгерістер,жақсы жаңалықтар болып жатыр. Ең бастысы  ,тату-тәтті ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.Отан –біріккен елдердің біртұтас бірегей,мерейлі мекені.Өз Отанын сүймеген адамды халық «Отансыз» деп жек көреді. «Отан үшін отқа түс күймейсің»,дейді батыр атамыз   Бауыржан Нағыз азамат Отанын қорғайды,ол үшін жанын аямай еңбек етеді.

«Отан отбасынан басталады», «Отбасы-шағын-Отан»-деп халқымыз айтқандай  Отан кең мағыналы,қасиетті ұғым.

Ғаламындағы ғажап тіршілігінің  қасиетті мекенін сүймейтін адам болмайды.Әрбір тіршілік иесіне.өмірден қымбат не бар?!.Сол өмірдің мерейлі мекенін қастерлеу,онда тұратын ақ көңіл адамдарды,еңбекшіл елді, қаһарман  халықты қадірлеу,оны сүю дәстүрге айналған. Халқымыздың  берік бірлігі, ұйымшылдығы,басқа халықтармен одақтасып,достаса білуі ,жеңістен жеңіске жеткізіп, жеріміздің кеңдігін, еліміздің елдігін сақтауға басшылық жасаған ұлы данышпандар, әділетті билер,көреген хандар болды.Олар: «Қарға тамырлы қазақпыз», «Адамның күні адаммен», «Түбі бірге түтпейді»,-деп елді бірлікке бастап, ұйымдастырып,қауымдастырып, одақтастырып, ұлы елдің  ,Отанын нығайтты.Көрші елдермен достасу амалдарын тауып, абыройға ие болды  Данышпан, әділетті Төле би бабамыз:

«Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,                                                                                                                Руға бөлінгендердің  құруға асыққандары,                                                                                             Атаға бөлінгендер адыра қалады,                                                                                                            Көпті қорлаған көмусіз қалады,                                                                                                                       Хан азса , халқын сатады,                                                                                                                                     Халық азса , хандыққа таласады»,-деп жүйелі, киелі сөзбен

халықтың    бірлігін  сақтаудың мәнін өте  бағалады.  Ал, Әйтеке би  «Өмірім халықтыкі, өлімім ғана өзімдікі» деп, халыққа қызмет етудің ,патротизмнің айнасы бола білді.Тәуке хан заманынан бері қазақ қоғамында патриотизм байлықтан  да жоғары бағаланған. Міне, осындай көріністерді мысал етіп бала санасына жеткізудің қазіргі  қоғамда қажеттілігі артып отыр.

Отан-ана! Ана тілді білмеген ,ана тілді сүймеген  «ақылы жоқ желікбастарды» халық «мәңгіген мәңгүрт» деп,жек көреді. Ана тілді сүймеген адам халқын  да сүймейді.Қазақ мемлекеті-біздің сүйікті Отанымыз.Егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекттік тілін жақсы білуге міндеттіміз! Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі  ең бай,тез дамығыш тіл, халықтық тілашар дәстүрі ұрпақты  ана тілді қастерлеуге ұлттық тіл арқылы елді құрметтеуге  үйретеді.

«Халқын сүйген-салтын сүйеді».Отанды сүю үшін, оның салтын, заңын сүюді ұрпағына тағылым етеді ,халқымыз Елінің жалпы адамзаттың ожданың, абыройын, тыныштығын, бірлігі мен тірлігін қорғап, ерлік жасаған  атақты батырлар,қажырлы қаһармандар іс-әректтерімен,батырлықтарымен,әділеттіліктерімен кейінгі ұрпаққа үлгі –өнеге болып,батырлық жырлар ,мақал-мәтелдер,ертегілер,аңыз-әңгімелер,фильмдер мен үнтаспалар халықтың жадында сақталып,тәлім-тәрбиенің қуатты құралы болды.Батырлық жырлар шаттандырады, ондағы қайғылы және қуанышты жайларды тыңдаушы емірене тыңдап, тебірене сезініп,ыстық жаспен, ынталы ықыласпен қабылдайды.Сондықтан да ақын болмаса да,асыл жырларды жаттап айтушылар көп болған.Халықтағы ұлы қасиет-жаттампаздық құрғақ жаттау емес,жақсы жарды жадында сақтап,өнегені өмірге пайдалана білуді халық әрқашанда әдептілік  мақсат еткен.Ел Ер Тарғындай  ер болуды,Алпамыстай алып болуды Қобыландыдай батыр болуды, Қамбардай қамқоршы болуды ұрпақтарына үлгі  тұтқан. Қазірде мектептерде жыршылар,термешілер үйірмелері батырлық жырлардан үзінділерді кейде толық жырды айтатын жыршыларды тәрбиелеп,жыр жарыстарда сол жыршылар өз қабілеттерін көрсетіп жүр.

«Жауға жаныңды берсең де,сырыңды берме». «Өз басыңды дауға берсең де,жолдасыңды жауға берме», «Батыр бір өледі,қорқақ мың өледі» деп, халық ерліктің  ерекше қасиеттерін жас ұрпаққа  үлгі-өнеге  етеді.Ел үшін ересен еңбек етіп, еңбектерінің  жемісін терген адал жанды,абыройлы адамдардың  ісін де ерлік  дейді халық. Оларды    «еңбек ері» деп құрметтейді, олардың еңбектегі үлгі- өнегесін жастарға үлгі- өнеге етіп, уағыздаудың өзі жас-жеткіншектер бойына патриоттық сезімді қалыптастыруда үлкен роль атқарары сөзсіз. Қазір біз ғасырлар тоғысында өмір сүріп отырмыз, яғни ХХІ  ғасыр табалдырығын аттаған сәтіміз. Көш басын өркениет жолына біржола бұрған екенбіз, сол ұлы көшті адастырмай алға апарар ұрпағымыздың нұрлы болашағы мен  бағыт бағдарын  айқындап алғанымыз жөн.Елбасымыз Н.Ә, Назарбаевтің  2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында ,міне , осы ізгі мақсатты көздейді.

Өткенін білмеген-халықтың қадірін білмейді, халық қандай жайды   бастан кешірді, бүгінгі заманға қалай қол жеткізді? Халық өз тарихын жасау үшін тер төгіп, қанын сарп етті,азап шекті ,тар жол, тайғақ кешуден өтті, жерін қорғап,елін сақтады-осының барлығын бүгінгі ұрпақ білуге,қастерлеуге тиіс.

Тәуелсіздік-қазақ  халқының сан  ғасырлық арманы. Отанымыздың көгінде көгілдір туымыздың  мәңгілік желбіреуі-тәуелсіздігіміздің арқасы.

Біздің туымыз-тәуелсіздік тілегіміз-бейбітшілік тыныштық.Ал, елімздің осы тұтастығын,жеріміздің бүтіндігін ,халқымыздың жарасымды тірлігін аман сақтау азаматтың-әрбір азаматтық борышы.Өскелең жас ұрпақты    осындай рухта  тәрбиелеу –  бүкіл қоғамның,мұғалімдер мен ата-аналардың басты парызы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *