«Бастауыш кластарда ақпараттық ресурстарды тиімді қолдану»


Кидирбаева Жанаргул
Новый орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі

        Қазіргі заманның талабы –оқытудың жаңа технологияларын тиімді меңгеру.Соның бірі ақпараттық технология.Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап,оны білім алушыға беру процесі.Қазіргі  уақытта білім беру жүйесінде маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру, оларды сабақ барысында  тиімді пайдалану болып табылады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей,ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдалану , жаңа педагогикалық технологиялардың  мүмкіндіктерін іске асыруға , көп мүмкіндік бере алады.Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту арқылы,көптеген нәрселер жүзеге асырылады.                                                            1.Білім деңгейін тексеру бағытында қолдану.                                                                                               2. Мұғалімнің оқытушылық мақсатында қолдануы.                                                                            3.Компьютерді мультмедиялық мүмкіндіктер арқылы   көрнекі құрал ретінде пайдалану.  4.Электрондық оқулықтар мен интернетті пайдалану.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру –жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып , оқу-тәрбие үрдісін тиімді және сапасын жоғарылатуды көздейді.  Бұл  үрдісті іске асырудың                                                    негізгі құралы компьютер болып табылады,сол себепті қазіргі мектепке жаңа ақпараттық технологиялардың тілін жетік меңгерген мұғалім қажет.Сондықтан ,әрбір мұғалім өз қызметіне ақпараттық технологияны пайдалана білуі қажет.Ақпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі-мектепте  компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану,интернет –технологияларды қолдану.Күнделікті сабаққа бейне,аудио қондырғыларын,теледидар мен компьютерді қолдану ,айтарлықтай нәтижелер беретіні сөзсіз.

Енді,  осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейін.Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.Өзім қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдануда мүмкіндіктер бар.Әсіресе,бастауыш сынып кабинеттерінің басым көпшілігінде интерактивтік тақта орнатылған.Оны өзіміз оқыту мен оқуда және сабақ үрдісінің кез келген кезеңінде қолданып жүрміз.Әсіресе, қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуда ақпараттық технологиялрды қолданудың  мүмкіндіктері  өте мол. Оқушылардың батырлардың,шешендердің,жыраулардың жырларын түсініп,есте сақтауын,қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор.Ақын-жазушылардың өмірлерімен танысып, шығармаларын түсінеді.Оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып,осы өлеңнің  шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп,электронды оқулықта берілген әр түрлі интерактивті тапсырмаларды орындатамын.Мұғалім тақтаның сурет салу  редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде береді,оқушылар сол ребусты шешеді.Келесі сабақта өздері де ребус ойлап тауып,тақтаға салып,басқа оқушылардың шешуін сұрайды.Өлең авторларының өмір жолымен хронологиялық кестелер құрастырады.Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі-бұл мұғалімге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге,оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып,оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп,оны дамытуға толық жағдай жасауы.Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.Оқушы мен мұғалімнің оң қатынаста болуына ықпал етеді.Олай дейтініміз,   оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан,өзін еркін сезінеді. Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады.Оқушы өз бетінше еңбектенеді.Өз еңбегінің нәтижесін көреді.Өзін-өзі  қадағалауға мүмкіншілік туады.Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды.Сол арқылы ойлау  және есте сақтау қабілеттері дамиды.Берілетін материал бірсарынды болып,тек мұғалім ғана сөйлейтін болса,балалар тез шаршап қалады да,сабақ сәтсіз аяқталады.Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін қазақ тілі мен әдебиет сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданады.Мысалы, СТО стратегияларын,дидактикалық үлестірмелер,түрлі ребустар,суреттермен жұмысты жатқызуға болады.Бүгінгі күні кез келген оқытушы қазақ тілі пәні болсын, басқа пәндер болсын ақпараттық және коммунативтік технологияны пайдалану арқылы әртүрлі сабақтарға әзірлемелер  дайындап,және оны  жоғары деңгейде  өткізе білсе,,сабақтың тартымды әрі қызық болатыны анық.Бірыңғай түсіндіру, сөзді түсінбей жаттатуды қолдану,оқушы іскерлігін дамытпайтындығын   тәжірибе көрсетті. Сондықтан баланы бір затпен таныстырмақшы болсақ,сол зат туралы сөйлеп қана қоймай,алып келіп балаға көрсет-деп, кезінде Мағжан Жұмабаев айтқандай,  интерактивті тақтаны сабақта дидактикалық оқыту құралы ретінде пайдалану керек.Сол үшін жаңа сөздерді таныстырып,танысқан сөздерді жыбырлаған сурет арқылы көрсетіп түсіндіруге ақпараттық –коммуникациялық технологияның атқаратын ролі зор екенідігіне көзіміз жетті.Суреттерді интерактивті тақтадан немесе проектор арқылы көрсете отырып,олардың қызығушылығын арттыруға болады.Алынатын  суреттердің бояуы қанық,түрлі-түсті,оқушылардың жас ерекшелігіне де сай болуы басты назарда болуы керек.Ақпараттық құралды мазмұндама жазу кезінде де пайдалану көп септігін тигізеді.                                                                                                                               1.Кино,диафильм бойынша.                                                                                                                           2.Дайын мәтін бойынша.                                                                                                                      3.Аяқталмаған мәтінді жалғастыру.                                                                                                                   4.Сурет бойынша.                                                                                                                                            5.Берілген тірек сөздерді пайдалана жаздыру.                                                                                                   Қазақ тілі сабағында мынадай тапсырмаларды орындатуға болады,тақырыпқа байланысты көрген бейнежазбаға өз ойын білдіру, диалог,монолог құру, сурет арқылы өз ойын жеткізу,диктант түрлері: көру, терме диктанты және шығармашылық тапсырмаларды орындатуға ,тест  тапсырмаларын жүргізуге пайдаланады.Міне, осы ақпараттық коммуникативтік технологиялармен байланысты тапсырмалар:                                                                                                                                                         -оқу материалын терең түсінуге:                                                                                                                           -оқу мотивацияның артуына;                                                                                                                                           -алған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына;                                                                                                                                                    -дамыта оқыту материалдарын пайдалануға;                                                                                                                  -білім беруге жұмсалатын уақыттың азаюына ықпал етеді.

Мұғалім өз қызметіндегі пайдаланатын оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, күнделікті сабақ жоспарын, тест тапсырмаларын электронды түрде сақтап,керек кезінде қолданып отыруы-бұл да ақпараттық технологиялардың тиімділігі.Ақпараттық технология арқылы біз сабақтарды түрлендіріп ,жаңаша ұйымдастыруға мүмкіндік алып отырмыз. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушы өзін белсенді және еркін ұстай алады.Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияны енгізу арқылы оқушының белсенділігін аттыруға,дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға ,сабақты шапшаң жүргізуге мүмкіндік береді.Сабақтың сапасын көтереді және оқушының пәнге қызығушылығын оятады.

ХХІ ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры болғандықтан,адамзатқа   компьютерлік сауаттылық қажет.Ал,,теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екені даусыз. Бастауыш класс оқушыларын ақпараттық сауаттылығын  қалыптастыру  негізінде бізде 1-інші  сыныптан бастап,  «Компьютер әліппесі» атты үйірмелер жүреді.Ақпарат технологияларды бастауыш кластарда енгізуге негіз болатын факторлар:                                                                                                                        -бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;                                                                   -оқушының ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;                                                                                                    .-бастауыш мектеп оқушысының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, оларды әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне еркін енуге даярлау.

Білім беру саласындағы қазіргі  оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді.Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады.Ал,білікті маман болу үшін көп ізденіс керек екені даусыз.Ұлы ағартушы Ы Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен  де қымбат,өйткені жақсы мұғалім-мектептің жүрегі» деген екен. Онда «мектептің жүрегі» болумен қатар,жаңа  егемен еліміздің ұрпағына жаңа білім  нәрін сусындатып,саналы тәрбие,сапалы білім беретін білікті,білімді ұстаз болайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *