Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану


Рамазанова Асем Бырлесовна

СҚО, Петропавл қаласы, «№21 орта мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

         Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жолдауында: «Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән»,-деп атап көрсетті. Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр.Сондықтан қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушының бейімділігіне, қабілетіне, шеберлігіне бағыт беріп, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызатын жаңа технологияларды тиімді пайдалану – ұстаздың міндеті.

Ақпарттық технологияның мүмкіндіктерін қолдану оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге тікелей әсер етеді. Ал білім сапасын жоғарылату, құзіретті оқушы тәрбиелеу – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе.

Жаңа технологиялық үдерістің кең таралуының еркіндігін әр пән мұғалімдері өздерінің дәстүрлі сабақтарынан бастап ашық сабақтарға дейін компьютерді, иетербелсенді тақтаны, электронды оқулықты, мультимедия кабинетін еркін меңгере отырып өткізу үлкен жетістік.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін компьютермен оқытудың мақсаты-оқу жұмысының жоғары дәрежелі болуына жағдай жасайды, оқушының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша біліктілігі мен белсенділігін арттырады. Компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпараттарды білуге жол ашады.

Мультимедия бағдарламасы бойынша ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын оқытуда географиялық картамен немесе көмекші материалдармен жұмыс жүргізуге болады.

Электрондық оқулықты сабақта иллюстрациялық материал ретінде; сабақтан тыс уақытта өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындауға  жетелейді.

Сабақ барысында интербелсенді тақтаны қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интербелсенді құралдар оқыту формасын ұйымдастырудың түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды.

АКТ-ны қолдануда мынадай әдістер қолдануға болады; тестілеу, презинтация, демонстрациялау, бейнежазба.Түрлі әдіс-тәсілдері қолдану кезінде оқушының пәнге деген қызығушылығы артты,зейн қойып тыңдаумен қатар түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік алды. Әсіресе оларың тиімділігі:

-Қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды;

-Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

-Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде тиімді;

-Оқушының ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді.

Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, рухани әлемін байыту, сабаққа деген ынтасын арттыру, дарындылығын дамыту-негізгі мәселелердің бірі. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылығын дамыту сабақтың оқу материалын терең игеру- мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *