Тарих сабағында оқушылардың негізгі құзіреттілігін дамытуда АКТ ны қолдану


Иргалиева Жазира
БҚО,Теректі ауданы, Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз…                                                                              Ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»  (Н. Ә. Назарбаев)

Мақсаты: – тарихшы ұстаз өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес,теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуы қажет, әрі оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта АКТ құралдарын қолдана білу арқылы тарих пәніне деген қызығушылығын тудыру ,өз бетінше орындауға берілген жұмыстарға жауапкершілікпен қарауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету пікірін, тұжырымын дәлелдей және қорғай білуге дағдыландыру  болып табылады

Қазіргі  кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.  Қазіргі білім саласындағы оқытудың жаңа педагогикалық технологияларды меңгермейінше сауатты,жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.                     Жаңа ақпараттық технологияны меңгерту мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани т.б. көптеген ұстаздық қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Мұғалім алғаш жаңа ақпараттық технологияларды оқып үйренеді, екіншіден меңгереді, үшіншіден тәжірибеде қолданады, төртіншіден оны дамытып нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде компьютерлік технологияны қолданудың жеке тұлғаны қалыптастырудағы оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар ролін қазіргі заман талаптары өзі анықтап отыр. Оқушы үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютерде қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, сабақты компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан, ұстаздар қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – жаңа технология негіздері болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге  тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр.  Мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беруде  мына  технологияларды  пайдаланса  олар:

АКТ-  Ғаламтор ресурстары,саңдық теледидар,компьютер,электронды оқулық ,теледидар,интерактивті тақта, ұялы телефондар,ұтқыр қондырғылар

Ақпараттық технологияны оқу процесінде  қолдану  арқылы  оқушы:                   1. Шығармашылық, интеллектуалдық қабілетін дамытады.

2. Өз білімін өмірде пайдалана біледі.

3. Компьютер мен жұмыс жасай  алады.

4. Логикалық ой-өрісін  дамытады.

5. Жан – жақты білім алады.

6. Есте сақтау қабілетін дамытады.

Интерактивті тақта – басқаруға мүмкіндік беретін экран, көп функционалды, сабақ барысында қолданатын қажетті құралдардың бәрі кіреді, атап айтқанда;
– Бормен тақтаға жазылған кескінді ,интерактивті тақтадағы түрлі – түсті, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
– Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
– Сабақта тестілеу жүйесін  қолдануға болады,  бұл  программаны  мен              10-11  сыныптарды  ҰБТ-ға  даярлаған  кезде сабақта  жиі  пайдаланып  отырамын                                                                                                            Телебағдарлама,  сандық  теледидар –  арқылы  оқушы  сабаққа  қатысты  қызықты  қосымша  мәліметтер  жинақтап  сабақта  қолданады.                                   Ұялы телефон,  компьютерді  пайдалану  арқылы:  біздің  мектепте  ғаламтор  тек  информатика  кабинетінде  болғандықтан  оқушыларым  ұялы  телефон  арқылы   «Google» іздеу сайтынан «Википедиядан» мағлұматтарды алып, талдау жұмысын  жүргізеді.  Ғаламтор  поштасы  арқылы  үй  тапсырмасын  талдау,  түсінбеген  сұрақтарды  талқылау,  қателерін  түзеу  жұмыстарын  оқушыларым  бір-бірімен  байланыста  болып  жүргізеді.     Электронды  оқулық  – Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  тағы бір мүмкіндік. Электрондық оқулық –  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту  оқытушының оқушымен  жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.

 

Қорыта айтқанда, ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

– Оқушыларға  еркін ойлауға мүмкіндік береді;

– Сабақтың нақты мәнін терең  ашуға көмектеседі;

–  Оқушылардың барлығын  сабаққа  қатыстыруға мүмкіндік туады;

– Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастыруға  көмектеседі;

– Тіл байлығын дамытады;

– Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;

– Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.

– Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны  қалыптастырады.

Бүгінгі  шәкірт  ертеңгі  күнгі әр  түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді. Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді. Компьютерді пайдалану оқушының пәндер бойынша терең танып білуіне ғана емес сондай – ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Кез келген сабақтарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың                                                                                             «Біздің міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала отырып жаңа заман форматындағы құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті деп есептеймін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *