Тәрбиеші болу – жүрек қалауым


Турсынбаева Жансая  Кайратовна

Қостанай қаласы, Дружба ауылы, МККМ №12 бөбекжай-балабақшасы тәрбиешісі  

Бүлдіршіннің  балабақшадағы  оқу бағдарламасын меңгеруі үшін көп біліп қана қоймай, сонымен қатар оның бір ізді, айғақты ойлауын, аңғара білуі мен  ақылмен  зерделеуін дамыту басты парызым. Балабақша бүлдіршіндерінің  ізденімпаздығы  ойынға негізделеді. Сондықтан дәстүрлі ойыннан гөрі АКТ-ны пайдалана отырып, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытып жүрмін. Топта бүлдіршіндердің ойын тәжірибесін қалай дамытуға болады? Мазмұнын күрделендіру. Ойын әрекеттерін күрделендіру. Серіктесімен қарым – қатынасы. Өз бетінше жұмыс және шығармашылық.

Міне, осы орайда тәжірибеме сүйеніп, өзіме мынадай ой түйдім. “Баланың бастапқы кезде ойын техникасын меңгерумен  іс аяқталмайды және ойын әрекетін  қарай дамыту тәрбиешінің  белгілі тәртіппен күрделі сюжеттерді ойнатудың нәтижесі болып табылмақ”. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол – өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан-тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән-мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай ұлттың ертеңіне қоса алар өзіндік үлесін тереңнен салмақтай алса керек.

Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі. Қалаған ісіңе ғашықтық пейілмен қарай білсең, өмірден өз орныңды тапқандығың! Мұндай философиялық қағида бағзыдан қалыптасқан жоғары адагершіліктік ұғымдармен астасып жатыр. «Кәсібің – нәсібің» дейді қазақ даналығы.

Шын жүрекпен қалаған кәсіп арқылы ғана және жемісті еңбек арқылы өмірлік несібеңді, абырой-беделіңді, қоғам алдыңдағы құрметіңді еселей аласың. Ал, тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді.
Көрнекті тұлға Ахмет Байтұрсынұлы: «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.    Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.

Мен білікті тәрбиешімін. Менің ролім бағыттаушы, ақылшы, тыңдаушы. Сондықтан бүлдіршіндерім ойланған сәтте мен оларға тәрбиеші ретінде емес, серіктес досы ретінде жетелеймін. Мен білімге жетелеймін, үйретемін. Бірақ үйрету ойын түрінде білінбей өтуін жадымнан шығарған емеспін. Сабақ кезеңінде  балалардың ойынға белсенді қатысуын назарда ұстанамын. Ол үшін ынтымақтастық, диалог құрастыртамын.

Еркіндік беремін. Психологиялық жағынан демеу мақсатында серіктес ретінде кірісемін. Заман талабына сай өз білімімді жетілдіру курсынан алған білімімді жаңалықпен ұштастырып жүрмін. Бұл тұрғыда өз ұстанатын қағидамды да құрдым. “Ойын баланың іс – әрекеті  болу үшін, ойынды басқаруды үйрену керек, ол үшін ойынның даму заңдылықтарына  бағыну қажет, олай болмаған жағдайда, ойынды бұзуына әкеліп соғады”.

Осы тұрғыда ойын кешенін жаңаша құрдым. Олар: Ойындық тәжірибесін байыту. Заттық – ойындық ортаны ұйымдастыру. Серіктесімен белсенді қарым – қатынасы. Қоршаған ортамен білсенді іс – әрекеті. Ойынды кешенді түрде басқарудың мазмұны ойын дамуының әр түрлі кезеңіндегі балалардың ойын тәжірибесін дамытуға арналған. Менің алдымда “Мәңгілік ел” ұрпағы  отыр. Болашақ Қазақ елінің ертеңгі тірегінің бойына адамгершілік, патриоттық сезімді сіңіру менің басты парызым деп есептеймін. Осы жолда балаларды жаңашыл әдіспен басқарып, бағыттаушы болып келемін. Заман талабына сай тәрбиешілер де өз бағытын өзгертті. Мен  жаңашыл тәрбиешімін. Өзімді жаңалықтың жаршысы ретінде ұстауым керек. Бұл заман талабы. Сондықтан баспасөзден, ғаламтордан жаңалықтар легіне ілесіп келемін. Менің жүрегім балалар деп соғады. Өйткені олардың әрбір қылығы, іс – әрекеттері менің жүрегіме қуаныш ұялатып, алдағы ісіме қуат береді. Бала   тап – таза ақ қағаз тәрізді, қалай шимайласа солай қалыптасады. Сондықтан мен беретін алғашқы сабақ, алғашқы тәлім – тәрбие, адамгершілік қасиеттер оның өмір парақтарының алғашқы беті болмақ.

Абай атамыз “Балаға  мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата – анадан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі  құрбысынан” – деген екен. Осы орайда алдымдағы балаларға бірінші мінез анасынан дарыса, екінші мінез менен жұғады. Мен өз мамандығымды жетік игерсем, алдымдағы бүлдіршін де педагогикалық негізде тәрбиеленеді. Сондықтан әр сабағымда флепчарт пайдаланып, әр қазақ ертегісінен соң талдау жасатамын. Мәліметті дайын күйінде бермей, өздеріне ізденуге мұрсат беремін.

Оның нәтижесі де жоқ емес. Тобымдағы  балалар “Шебер қолдар”, “Кел, билейік” жарысында биіктерден көрініп жүр. Қазіргі кезде балалардың ортасында да ана тілін шұбарлап сөйлейтіндер кездесіп қалады. Тіл – мәртебелі қазынамыз. Осы орайда екі тілді қамтитын электронды оқулықтарды пайдаланамын. Бұл кітаптағы тапсырмаларды  балалар қызыға  орындайды. Міне, осындай әдістер арқылы жаңа технологиямен жұмыс түрлерін түрлендіремін. Әр сабағымда тірек сөздерді, тірек схемаларды пайдаланамын. Тірек сөздер  олардың ұмытқанын еске түсіріп, сөздік қорын молайтады. Тірек схемалар арқылы алға талпынады.

Мен тәрбиешімін. Мені құрылысшыға теңеуге де болады. Сәулеткер десем де артық айтқандық емес. Өйткені, мен  бүлдіршіннің дүниеге кірпіш болып қалануына  бір кісідей зор үлесімді қосып жүрмін. Егеменді еліміздің болашақ мүшесін, өз ана тілін құрметтейтін, ұлттық әдет – ғұрыпты қастерлейтін, нағыз патриотты тәрбиелеп отырмын. Ролдік – сюжетті ойындарды да өздері ұйымдастыратын болды. Іздене отырып, жаңалықты ойындар арқылы  білім нәрін себудемін. “Триз” әлементтерін қолданамын. Жақсы – жаман қасиеттерді өздігінен ажыратуға бейімделді.

Қазіргі таңдағы тәрбиеші  оқушы үшін «дайын білім көзі” болмай керісінше кіші мектеп оқушыларының танымдық іс әрекетінің ұйымдастырушысы  және үйлестірушісі бола білу қажет. Оқушылардың назарын сабаққа аудару жолдарын іздестіру барысында түрлі ойындарды жиі қолдану арқылы бала белсенділігімен ынтасын арттырудың нәтижелі болғанын байқадым. Ойлай отырып, ойнау оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудырып, өз еркімен ойлауға,тілін дамытуға және ізденуге жетелейді.

Білім – ғылым білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу, тәрбиеші атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр тәрбиешінің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді.

Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі тәрбиеші болып қалады. Біздер, тәрбиешілер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Тәрбиеші өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды.

Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық – ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Менің тәрбиешілік  ұстанымым оқушыларға әділ болып, олардың білім сапасын көтеру болып табылады. Әрине, тек өз пәнінді жақсы білетін маман болу аз, оқушылардың жанын түсінетін адал, шыншыл тәрбиеші болу да қажет. Бүлдіршіндеріміз балабақшада  алған білімін қоғамда қолдана білсе, нұр үстіне нұр емес пе?!

Алдымызда мөлдіреп отырған бүгінгі бүлдіршіндер, ертеңгі қоғамның мүшелері.Бірі- дәрігер, бірі – экономист, бірі – тілші болып, ұлы Абайдың сөзімен айтқанда, қоғамда кірпіш болып қаланады. ХХI ғасырда жаңа технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан да тәрбиеленушілеріміз  сол технологияларды үздік игеретін, заман талабына сай шәкірттерге білім беруіміз керек.

Сондықтан да тәрбиеші мамандығына талап жоғары болады. Әр адам үкілеп, әлпештеп өсірген ұл мен қызын балабақшаға жетектеп әкеліп, тәрбиешіге зор сенім артады. Үкілеген үміттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау – біздің борышымыз. Қарапайым сөйлеу тілін игеріп келген балаға әдебиетіміздің қайнар бұлағы – сөз әлемінің сиқырлы тілін үйретемін.

Қазақ халқының асыл қазынасы – бай салт – дәстүрімен, рухани байлығымен, шешендік сөздерімен таныстырамын. Қазақтың бас ақыны Абайдың әлеміне, сөз шебері – Ғабит Мүсіреповтің шығармаларына саяхат жасаймын. Жазықсыз қиянат көріп, халқы үшін бозторғайдай шырылдап өткен Ахмет, Міржақып, Мағжандардың өмірімен таныстырамын. Қазақ халқының тілі мен әдебиетін ұрпаққа үйрету – мен үшін тіл жеткізбес бақыт.          Мен үшін даңқ та, ақша да маңызды емес, тұлға тәрбиелеу, сөзімді бағалайтын ұрпақ болса – сол маңызды. Иә, уақыт бір орнында тұрмайды. Қазіргі тез өзгермелі заманда дәстүрлі тәрбиені  қойып, жаңашылдыққа бет бұрдық.  Зымыраған уақыт – ай десеңізші!  Тәжірибе де жылдармен жиналды. Ұжым арасында да беделім көтеріліп, ” өнегелі  тәрбиеші ” қатарында көрініп келемін. Еңбекқордың еңсесі әрдайым биік екеніне көзім жетті. Тәрбиеші бақыты – білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім. Мен тәрбиешімін. Озық ойлы, жаңалыққа құмармын. Әрдайым, жаңаша әдістерге ыңғайланамын. Бүлдіршіндер – менің өмірімнің мәні, сәні десем еш қателеспеймін. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту еңбекке деген рухани адамгершіліктің қалыптасуына серпін беріп, негіз болады. Бірақ бұл қажеттілік балаға күш салмай іске асуы мүмкін емес, сондықтан оны еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке, белсенділікке және өз еңбегімен айналасындағыларға қуаныш сыйлауға талпынуына тәрбиелеу қажет.

Халқымызда «Жас келсе – іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш-қуатымды, жаңашылдығымды талапты әрі талантты бүлдіршін тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші ұстаз, бақытты жанмын деп білемін.

Батыр Бауыржан Момышұлы: «Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» деп ұлы ой айтқан болатын. Біз бақшадағы бүлдіршіндерді жақсылық атаулыға тәрбиелеуге, тамаша ортада тәлімді тәрбие беруге әрдайым жауаптымыз. «Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы», дейді ғұлама А.Құнанбаев.

Мұндай қағидалардың барлығы біздің күнделікті жұмысымызда басшылыққа алынуға тиіс екенін ұмытпай, еңбегімізді осы бағытта құрамыз. Он жылдан аса тәрбиешілік еңбекте жүріп түйгенім – тәрбиешілік еңбекке мен басыбүтін бой ұсынып, әбден қалыптастым. Бүгінде балаларға мейірім төге отырып, биік белестерге жетуіне жауапты екенімді ешуақытта естен шығармаймын

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *