Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатты аялау мен қорғауға тәрбиелеу


Тәуекелова Жансая Дәулетқызы
№134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Кішкентай ғана адам түрлі тапсырмалардың шешімін табуға біртіндеп үйренуде, соның ішінде экологиялық салада, ол олардың алдына мәселелер мен қайшылықтарға толы өмірді ашады.

Оларды шешуге үйрету үшін белгілі бір образды қалыптастыру қажет. Экологиялық рухани ізгілік бір санатты болуы керек, егер ол сезілмесе, онда экологиялық мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетпейтін болады.

Әр баланың санасына барлық тірі табиғатқа, айналадағы қоғамға деген құметті жеткізе білу қажет. Сондықтан балаларды  жаңа экологиялық санамен тәрбиелейміз.

Қай тәрбиені алсақ та, экологиялық, адамгершілік не болмаса эстетикалық тәрбиені, ол ойлау және әрекетті тудыратын, жүректен шығатын жүрек тәрбиесі болуы қажет.

«Балалық шақ жылдары – бұл бірінші кезекте жүректі тәрбиелеу» – деп жазған  В. Сухомлинский.

Табиғатқа деген сезім жоқ болса, мектепке дейінгілерді экологиялық тәрбиелеу мүмкін емес.

Күнделікті балабақшада біз балаларды айналадағы әлемді қабылдауға, табиғатты сезінуге және түсінуге, оны қадірлеуге, табиғатқа деген қатыгездікпен күресуге үйретудеміз.

Экологиялық білімнің тиімділігін арттыру үшін түрлі әдістер мен өнегелер: экологиядан сабақтар, экскурсиялар, зерттеулер, әңгімелер, мейірімділік сабақтарын, экологиялық байқаулар, экологиялық мерекелер, ойындар, экологиялық ертегілер және  т. б. қолданамыз.

Сонымен қатар, балалар мен жұмыс жасау кезінде табиғат туралы мақал-мәтелдерді, ертегілерді қолданамын. Олардың мазмұны танымдық материалдан тұрады, балаларды айналадағы ортаға қарауды, байқауға үйретеді.

Егер жаңбыр жауып тұрған кезде күн шығып тұрса, жаңбырдың қайтатынан,

Қарға қарқылдаса – жаңбырға,

Қарлығаштың ұшып келгені – таяу уақытта күннің күркіреуіне әкеп соғады.

Көркем әдебиет көмегімен балаларды табиғатпен таныстырамын. Олар жаңа білім мен есте қаларлық әсерлер алады. Сондай-ақ балалар танымды, бір нәрсеге оқытатын және тәрбиелі сипаттағы жануарлар туралы ертегілерді ұнатады.

Тәрбиеші міндеті – балалардың санасына барлығымыз біртұтас, және де әрқайсысымыз Жер үшін жауапты, әр сәтте оның әдемілігін сақтау және үстемелеу қажеттілігін жеткізу.

Сондықтан біз балаларға табиғатты қадірлеуге, сүюге үйрету керекпіз. Ал ол үшін бар мүмкіндікті: жануарларға деген жақмы қарым-қатынасты мысал арқылы көрсету, ұдайы түрде балаларды жарқын сәттермен байытуды жасау қажет.

Сондықтан да мәдениетке ие болып, табиғатқа туған анасындай аяулы сезіммен қарауды бала бойына кең танымал ету – тәрбиешінің абыройлы борыштарының бірі болып табылады. «Табиғат адамның өз үйі» дегенді қайталай, күресті өмір үшін күрес деп танып, проблемаларды оқып-үйрету мен жүзеге асыруға арналған шараларды насихаттаулары қажет. Ол үшін Елбасы қолдау көрестіп отырған саясатын іске асыру, көпшілікке білім беруді жүйелі түрде жүргізу керек.

Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру үшін қолданушыларға қоршаған орта туралы білім беріп табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін оятып, табиғат сақтау мен қорғауға тартып, балалардың ойлау қабілетін қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асыру керек, экология саласына арналған басылымдарды насихаттай табиғатты қорғауға, сақтай білуге тәрбиелеу тәрбиешілердің де басты борыштарының бірі екені анық. Бұл шаралар қолдаушылардың мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Табиғат сұлулығын сақтай білу, одан ләззат ала білу әр адамның мәдениеттілігінің басты көрсеткіші болуы тиіс.

Табиғат халық қазынасы дей келе, оның байлықтарын пайдалана отырып, қорғау бәрімізге қажет екенін мектеп жасына дейінгі балалар бойына сіңіре білейік. Бәріміздің міндетіміз – түсінікті қалыптастырып, мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді салауаттылық пен араластыруға баулу. Табиғат ананы қорғау, аялау барша жұрт үшін тіршілік қамы, табиғи қажеттілікке жататындықтан, оқырмандарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу баршамыздың борышымыз екенін ұмытпайық.  Өміріміздің тіршілік етіп отырған табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану бүкіл адамзат алдында тұрған келелі де күрделі мәселелердің біріне айналды.

Жер бетінде бейбітшілікті сақтаудың өзі, тікелей табиғат қорғау мәселесімен өте тығыз байланысты. Сондықтан мемлекеттер арасындағы келіссөздердің бәрінде проблемалар еш уақытта күн тәртібінен түскен емес.

Қазір елімізде халық шаруашылығының әр салаларының тез дамуы нәтижесінде табиғатқа орны толмас зиян келіп отырғанда, балаларды тәрбиелеудің зор маңызы бар. Себебі, табиғатты ластаудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай да осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне үлкен нұқсан келенін сөзсіз. Сондықтан да, табиғатты қорғау оқушылардың тек міндеті ғана емес, абыройлы борышы. Әркім өзін қоршаған табиғи ортаның құрылысын, оның ерекшеліктерін, оларды бұзбай сақтаудың жолдарын, табиғат аясындағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті деп есептеймін. Кішкентай ғана бүлдіршіннен, еңкейген қарияға дейін жас кәрінің табиғат анасымен қиянаттасуға бармай, сыйластықпен өмір сүру керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *