Қазақстан Респуликасында мектепке дейінгі білім беруді дамытудың заманауи беталыстары


Қайратқызы  Үміт
№134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің заманауи жағдайында ата-аналармен педагогтың әлеуметтік серіктестігін дамыту. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым ролін мойындай отырып бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір ұстаз ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді. Ол үшін біз ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролін анықтау үшін, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Осыған орай ата-аналармен біріккен жұмыс мынадай негізгі ұстанымдармен құралады: бірлік, жүйелілік, әр балаға және әр отбасына жекелей тұрғыдан қарау, ата-аналардың бір-біріне сенімі мен өзара көмегі. Ата-аналармен өз балаларының білім және тәрбие алатын ортасымен таныстыру. Яғни сол әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, қосымша мамандармен таныстыру арқылы олардың оң көзқарастарын қалыптастыру. Достық қарым-қатынас құру.

1. Ата-аналармен топтық жиналыстар өткізу.

Мақсаты: Топтың әлеуметтік жағдайымен таныстыра отырып, бала дамуына байланысты заттық дамытушы ортаны құруға атсалысуға жұмылдыру. Топ балаларының жетістіктерімен ата-аналарды ақпараттандыру. Сонымен қоса топтың түрлі мәселелерін шешу қарастырылады.

2. Ата-аналармен дөңгелек үстел Мақсаты: Дөңгелек үстел еркін ашық әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне мүмкіндік береді. «Баланыз мектепке дайынба?» т тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен талдануы мүмкін.

3. Ата-аналармен жұмыстың бір формасы- тренингтер Мақсаты: Тренингтік ойын жаттығулары мен тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беру. Ата-аналар мен бала арасындағы жақындықты қалыптастыру. Қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

в) Семинарлар. Мақсаты: Ата-аналар өздері жеке немесе тәрбиешімен бірлескен түрде белгілі бір тақырып бойынша талқылау жұмыстарын жүргізеді. Басқа ата-аналарға өз беттерінше мәселе шешу жолдарын тауып, ат салысуларын еркін түрде жүзеге асыра алады. Ашық сабақтар – ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен та

4. Педагогикалық кеңеске қатыстыру. Мақсаты: Бұл жұмыс түріне ата-аналар комитеті мүшелерін немесе төраға, төрағайымдары жылына бір рет қатыстыруға болады. педагогикалық кеңес барысында ата-ана қаралып отырған тақырыптың бала тәрбиесіндегі өзектілігі бойынша ой бөлісе алады.

5. Педагогикалық әңгімелер кеші. Мақсаты: Кеш баланы таңертең бөбекжай – балабақшаға әкелгенде және үйге алып қайтқанда тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады. Тәрбиеші баланы балабақшаға қабылдағанда әрдайым жылылық бере білуі керек. Баланың қандай көңіл күймен келгенін білу, оны алып қайтуға келген ата-анасына жетістігін айтып, қуанышты сәттерін баяндап отыру қажет. Тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай өткізуге де болады.

6. Көрнекі-насихаттық жұмыстар. Мақсаты: Көрнекі ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді. Сол себептен бұл жұмыс түріне аса бір шығармашылықпен қараған жөн. Осыған орай мынадай қызықты жұмыстар ұйымдастырылды «Әжелер сайысы» топ аралық және «Әкенің қолы шебер», «Шебер қолдар» т.б үйірмесін ұйымдастырылды. Топ ата-аналар комитет мүшелерінің көмегімен ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар т.б жұмыстарына араласты.                                                                         Біз педагог-тәрбиешілер жұмыс түрлерінің бір-біріне несімен ерекшеленетінін білуге міндеттіміз.

·         оқу үрдісін технологияландыру барысында мектепке дейінгі мекемелердің жұмысын басқарудың жолдары мен бағытын айқындау;

·         мектепке дейінгі мекеме жұмысына білім беру технологияларын енгізуге жағдай жасау;

·         заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы білім беру үрдісін жаңарту жолдарымен таныстыру және біліктіліктерін арттыру.

Күтілетін нәтиже:

·         тәрбиешілер өз бетінше білім алуға тартылады;

·         өз іс-әрекетін саралап және болашақта білім беру технологияларын қолдана алатын мәліметттер алады;

·         оқу іс-әрекетінде заманауи педагогикалық технологиялар арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік алады;

·         жаңа жаһандық кезеңде педагогтардың кәсіби шеберлігі артады.

Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысының нәтижесінде іс-шараға қатысушы тәрбиешілер, әдіскерлер мен мектепке дейінгі мекеме меңгерушілері заманауи педагогикалық технологиялар бойынша көкейкесті мәселелер мен негізгі тақырыптар бойынша маңызды ақпарат алып, өздерінің білімдерін жетілдіре түсті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *