«Қыз еркем,анасымен көркем» Бағыты: мерекелік ертеңгілік


Зейнуллина Айнур Ермеккалиевна
БҚО Сырым ауданы Қособа ауылы ЖББ Қособа ОМ тәрбиешісі

 

Мақсаты: халқымыздың ізгі қасиеттері имандылық, инабаттылық, іскерлік негізінде тәрбиелеп, әже өнегесінен үлгі алуға, тәрбиелік мәні бар салт – дәстүрлерді бойына сіңіруге баулу.

«Мереке» әнінің әуенімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Құрметті ардақты аналар, асыл әжелер,кішкентай арулар мейрамдарыңызбен! Сіздерге зор денсаулық тілейміз.

«Қыз еркем, анасымен көркем!»» атты  сайысымызды бастаймыз.

Аналарды сүйеміз , сөзін ойға түйеміз,

Аналарды біз ардақтап, әдеппен бас иеміз.

Құттықтау сөз: мектеп директоры Бейімбет Есетұлына  беріледі

Құттықтау сөз: МДҰ әдіскері: Н.Ю.Райымоваға беріледі.

Ранида: Ана ең қасиетті сөз. Сен дүниеге шыр етіп келгенде-ақ анаңның махаббатын,ыстық құшағын ақ сүтін іздейсің.Оның арманы-өзінзді әр қашан биіктен көру. Бұл тілмен айтып жеткізе алмайтын сыр ғой. Сондықтанда халықта «Анаңды Меккеге төрт рет арқалап апарсанда,парызыңнан құтыла алмайсың»деген қанатты сөз қалған. Себебі,ең жақын досыңда ең берік ақылды ұстазыңда жол сілтеушінде асыл анаң.

Әмірхан:Мейірімді,сымбатты,

Қадірменді,қымбатты,

Ең жақын жан балаға

Кім десеңдер-ол Ана

Құттықтаймын гүл беріп,

Ол анама арналған

Адамдар ұл-мен қыз болып

Аналардан жаралған.

Тәрбиеші:

-Балалар, әр халықтың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, діні, тілі болатыны белгілі. Біздің ұлттық тәрбиеміз де ананың әлдиі мен ақ сүтінен, ата-әженің қасиетті сөздерінен бастау алады. Үлкен кісілерді тыңдап оларды еске сақтап, құрметтеу парыз.

Қазағымның салт- дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт – дәстүрді ардақтайық ағайын,

«Қазақ» атты үлкен –кіші балдырған, – деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі сайыскер аналар мен кішкене аруларды  қол соғып ортаға шақырамыз.

Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,

Туралықтан ешқашанда қашпайтын

Сайысқа төрелік етіп, саралайтын

Әділ қазылар алқасын тағайындайық.

(Әділ қазылар алқасы тағайындалады.)

Әділ қазы төрайымы: мекеме директоры

мекеме әдіскері

ата-ана

Жеребе арқылы жұптардың реттік нөмірі анықталады.

Тәрбиеші: Ең алдымен сайысымыздың бөлімдерімен таныс болыңыздар.

Сайыс 5 турдан тұрады:

1.      Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл! (Таныстыру)

2.      «Шебердің – қолы алтын»

3.      Дәмді және тез.

4.       Білімдіге дүние жарық (сұрақ-жауап)

5.      «Өнерлі өрге жүзеді»

Тәрбиеші: «Ән көңілдің ажары» демекші сайысымызды ән шашумен бастауға рұқсат етіңіздер.

Едге Раниданың орындауында «Анашым»әні

 

1- бөлім.Таныстыру.

Тәрбиеші:

Өнер қуып бұл жұптар өтер дейміз,

Бір басына өнері жетер дейміз.

Сайысқа келген жұптар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

Тәрбиеші: ендігі кезекті балалардың жыр-шумақтарына кезек берейік

Мадина:Шалқып тасып әніміз                                              Жүрсін: Айналайын анашым

Жадырасын жанымыз                                                         Жұмысына барасың

Ана сені құттықтап                                                           Қайтып мені көргенде

Әндетеміз бәріміз.                                                                Шын сағынып қаласың.

Жанарыс:Аналарды сүйеміз                                                  Айша: Анашым анам,

Сөзін ойға түйеміз                                                                  Ризамын саған.

Аналарды ардақтап                                                               Тіліңді алам

Әдеппен бас иеміз.                                                                  Ақылды болам.

Айлан: Анаң болса қасында                                                  Айару: Еркелесем күнім дейтін

Басқа бақыт не керек                                                            Ұрысқаны білінбейтін

Аналардың жүрегі                                                                  Маңдайымнан иіскеп менің

Мейірімді ғой керемет.                                                          Құлыншағым күнім дейтін.

Шамсат: Сенен өскен балалар                                            Рахат: Жанымызды жайнатқан

Батырлар мен даналар                                                          Сіздерсіз ғой анадар,

Құттықтаймыз мейраммен,                                                Зор денсаулық,мол бақыт

Құрметті аналар!                                                                  Тілейміз біз  балалар.

Нұржігіт: Ақ анашым,аппағым                                           Инабат: Сыйлайыншы  гүлімді

Өзің жайлы тақпағым                                                           Теріп алған даладан

Өзің жайлы әнім де                                                                Мейрамыңыз бүгінгі

Арнадым саған әнім де.                                                          Құтты болсын анажан.

Батырхан:Біз доспыз гүлдермен                                          Айым:Шалқып тасып әніміз

Текке оны жұлмаймыз                                                           Жадырасын жанымыз

Той күні бір-бірден                                                                  Ана сені құттықтап

Аналарға сыйлаймыз.                                                             Әндетеміз бәріміз.

Аманжан: Менің әжем,ақ әжем                                          Аягөз:Ана біздің күніміз,

Ұл мен қыздың бағы әжем                                                     Ана біздің гүліміз.

Ертегі айтып бер десең,                                                        Балаларды қуантып

Айтып берер тағы әжем.                                                     Ұзақ өмір сүріңіз.

Нұрай: Бал бөбегін баптаған

Анам үшін мақтанам

Аялайтын біздерді

Көп жасасын ақ мамам.

 

2- бөлім. «Шебердің қолы алтын» Жұптардың бірлесе отырып жасаған жұмысы

Көп жасаған аналар,

Мейірімі күнге пара-пар

Қолдарымен өнерлі

Жасамақ түрлі бұйымдар.

Жұптар  тапсырма бойынша өз шеберліктерін  көрсетеді.

Тәрбиеші: Ендігі кезекті әнге  берейік.

Өмірзақ Кәусардың орындауында «Ботақаным» әнін қабыл алыңыздар.

Мәртебе: Сыйлайыншы гүлімді,

Теріп алған даладан,

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын анажан.

 

 

 

Ермахан: Айналайн анашым,

Ақылдысың, данасың

Ең сұлу жан әлемде

Жалғыз өзің ғанасың.

3-бөлім. «Дәмді және тез»

Аяна:Қарақазан-қасиеті халқымның,

Бір өзінде құдіреті салтымның.

Бірлік сеннен басталады әрқашан,

Сен тұрғанда керегі жоқ алтынның.

Қасиетті Қарақазан тіршіліктің тірегі,

Бір өзіңнен қуат алған барша жанның жүрегі.

Сен бар жерде Құт-береке мол болып,

Тірлік-Бірлік жұбын жазбай жүреді.

Ранида:

Қазақ халқы үшін дәмнен, дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. Бір дастарқанда дәмдес болғандар өзара жамандыққа бара алмаған. Дастарқан-қазақ халқының дәм-тұз, ас деген киелі ұғымға балайтын барлық тағамдардың,атап айтқанда, қонаққа немесе күнделікті ас қабылдауда да таратылатын ас мәзірін қамтиды.

Тәрбиеші:

Арайлап атты таңымыз,

Жайнайды бақша – бағымыз,

Гүлдердей құлпырып,

Би билейміз тағы біз.

«Лента» биі биленеді

Сыйлайыншы гүлімді

Теріп алған гүлімді,

Мейрамыңыз бүгінгі

Құтты болсын Анажан.

Сізге бүгін сый-құрмет,

Жан анашым мерейім,

Қаласаңыз би билеп,

Әнде шырқап берейін.

«Құттықтаймын мама!» Сағынғали Нұргүл.

Кәусар: Шаршайтыны анамның,

Талай жұмыс бар үйде

Келгенінше шамамның

Көмектесем әрине.

Көмегім сол әзірге,

Ішіп болсам тамақты,

Ыстық суды әзірлеп

Өзім жуам ыдысты.

Зарина:Үйде ертемен тып-тыныш

Тұрдым жайлап, тарандым.

Сосын алақаныма

Атын жаздым анамның

Мен қағазға жазбадым,

Жазбадым үйдің жарына,

Анашымның есімін

Жаздым алақаныма

Үйге толды адамдар.

Шудан құлақ тұнады

Қолыңдағы немене

Деп барлығы сұрады

Мен қолымды ашпадым,

Лүпілдеді жүрегім,

Өйткені алақанымда

Бақыт ұстап тұр едім.

4-бөлім. «Білімдіге дүние жарық» (сұрақ-жауап)

1-сұрақ.Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп ойлайсыз?

2-сұрақ.  Бала үшін ата – ананың қайсысының беделі күшті  деп ойлайсыз ?

3-сұрақ.  Дені сау тәрбиелі, өнегелі бала өсіру үшін не қажет деп ойлайсыз ?

4-сұрақ.  «Бақытыңды балаңнан ізде»деген  сөздің мағынасын қалай түсінесіз ?

5-сұрақ. Аласа ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.

Жауабы:Қой.

6-сұрақ. Мысықтан бұл қорқады, Бұдан піл қорқады.

Жауабы:Тышқан

7-сұрақ:  Жазда жайнайды. Қыста болмайды.

Жауабы: Гүл.

8-сұрақ:  Жазда тұрып жоғары ,күзде жерге қонады.

Жауабы: Жапырақ.

Тәрбиеші:

Байыптасаң өмір мен өнер егіз,

Ән-күй тыңдап рахатқа кенелеміз

Бабалар аманатын аман сақтап,

Қазақша ән шырқасын балаларымыз.-деп «Жақсы көрем!» әнімен әжелеріміз бір демалып алсын.

Нұрайлы:  Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам,

Мамам сондай сүйкімді,

Бәріннен де жақсы адам.

Күнде осылай асыға

Қарсы аламыз мамамды,

Құшақтаймыз асыға.

Ең әдемі адамды.

Айхан: Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз

Анамыздың пейілін,

Жомарттыққа балаймыз.

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Аналарды құттықтап,

Би билейміз бәріміз.

 

5-бөлім.  «Өнерлі өрге жүзеді»

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі күн сайыста бәйге алуға

Қыздар аянбай- ақ жан салыпты.

(Жұптар  өз өнерлерін көрсетеді)

Тәрбиеші: Қазылар алқасы өз шешімдерін айтқанша тағы да балаларымыздың әнін тыңдайық.

Нұртөре: Айтқаныңды тыңдаймын,

Үлкендерді сыйлаймын

Анашымды құрметтеп,

Өлеңімді жолдаймын.

Аяна: Түн ұйқысын төрт бөліп,

Әлдилеген анашым,

Алтыннан да, қымбатсың,

Ақ сүт берген анашым.

Келбетінде ұлылық

Даладай кең пейілің

Ана деген жылылық

Ана деген мейірім.

Ән:«Сағындым Әже» Тыныштық Зарина

Би:Ұлдар  аналарымен «Балапаным»

Тәрбиеші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Әділқазыларға төрелік берейікші,

Жеңіп шыққан Анамен  қызымызға,

Құттықтап сәттілікті тілейікші.

Келесі сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.

Қорытынды. Сайыс соңында қазылардың шешімімен жұптарға  «Асыл ана, Ақылды қыз», «Өрісті ана,Өнерлі қыз», «Мейірбан ана,Әдемі қыз», «Шебер ана,Сүйкімді  қыз» деген атақтар беріледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *