«Армысың, Әз наурыз!»


Зейнуллина Айнур Ермеккалиевна
БҚО Сырым ауданы Қособа ауылы. ЖББ Қособа ОМ аралас топ тәрбиеленушісі
Жетекші: Зейнуллина Айнур Ермеккалиевна

Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың  22 – сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт – дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн – Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз – қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды  «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні»   деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр. Еңдеше ортамызға балабақша бүлдіршіндерің қарсы алайық.
Би: «Қара жорға»
Тәрбиеші:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: – Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
Тәрбиеші:- Балалар бізге Наурызда келіп қалыпты.
Көктем ханшайымы:- Мен Көктеммін өзіммен бірге аналар мерекесін және ұлыстың ұлы күні наурыз мерекелерін ала келдім. Мерекелеріңіз мерекеге ұлассын.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Рахат:Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық!

Мадина: Баршаңызға тілегім осы,халайық!

Еліміздің несібесі көп болсын!

Жауын жауып,жер бетіне көк толсын!

Даламызда бұл Жаңа жыл құт болсын!

Инабат:Наурыз келді тойға ұласқан

Наурыз тойы құтты болсын!

Жер көгеріп малға толсын!

Ырыс тасып берекелі

Өмір сүрсін бақытты елім.

Айым:Қашанда құт-береке,орнасын деп,

Тойларда шашу,шашу салты елімнің

Уа,халайық теріп ал шашуыңды

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін!

Аягөз:Уа,халайық тұрмайық

Әндетейік,жырлайық.

Ортамызды ашайық

Ырыс тілеп бұл жылға!

Айзере:Наурыз келді құт болып

Мына бізге сүт болып

Аққа аузымыз толады

Бар жақсылық болады.

Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7 түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр ет, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Айлан:
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Жанарыс:
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Нұрай:
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын.
Тәрбиеші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін,-дей отырып кезекті «Дастархан» әніне береміз.
Хормен: «Дастархан әні»
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.

Би: «Торсық биі»
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.
Айару:Дастарханы халқымның тола берсін

Бақыт құсы қолыңа қона берсін

Ұлы тойдың төресі-наурыз тойы

Жылдан-жылға құт тойы бола берсін!

Жанарыс: Бақта құстар сайрайды

Жайнап көктем нұрымен

Жаңа дәстүр жырымен

Ел наурызды тойлайды.

Шамсат: Малдар төлдеп,қой қоздап

Сүттен бұлақ ағылған

Жаңа жылдың сипаты

Молшылыққа аңыз болып

Басталыпты наурыздан.

Нұрай:Наурыз саған жол болсын

Тілегім анық сол болсын

Деген ырым білгенге

Халықта ақ мол болсын!

Айлан: Ұлыс бақыт әкелсін

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын

Білім-өнер серік болсын.

Батырхан: Шаттанып бүгін жаңа жыл

Халқына шашып жаңа нұр

Келді Қадыр атамыз

Жүректен төгіп жаңа жыр.

Айша: Наурыз келді салтымыз

Көгерсін деп халқымыз.

Көшеге тал егеміз

Жарқырады күніміз.

Тәрбиеші: Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші: Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар,-деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.
Тәрбиеші:
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.

Талаптан Айымның орындауында «Наурыз көктем» әнің қарсы алайық.
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Шамсат:
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма
Инабат:
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.  Бесікті дүниеге әкелген – аттың жалы, түйенің қомында тіршілік еткен көшпелі халық. “Бесіктегі бала бес түлейді” деп халқымыз осы кезеңде нәрестенің көп өзгеріп, тез өсіп жетілетінін меңзейді. Халқымызда бесікті екі түрі кездеседі: жер бесік және аспалы бесік. Қазақ бесігі талдан, қайыңнан иіліп, қашалып әртүрлі пішінде жасалады. Бесік жабдықтары: жөргек, жастық, бесік көрпе, төсеніш, қолбау, тізе бау, түбек, шүмек т.б. Түбек көбінде фарфордан, шүмек аршадан, асықты жілік сияқты заттардан жасалады екен.
Тәрбиеші: Әже сіз қандай қазақ салт – дәстүрін білесіз?

Әже: Қазақ халқында салт – дәстүрлер коп қой, қарақтарым! Әже дәстүрлерді атайды.
Тәрбиеші: Әже сіз немерелеріңізге бір қазақ дәстүрін көрсетіп беріңізші?
Әже: Оу келінжан, көрсетсек, көрсетейік. Мен әрине өз немерелеріме дәстүрлерді көрсетемін. Бесікке салу дәстүрін көрсетейін.
Әже баланы бесікке салып көрсетеді.
Бесікті адыраспанмен аластайды.
Алас, алас баладан алас.
Иесі келді, пәледен көш
Алас, алас баладан алас.
Көзі жаманның, көзінен алас,
Тілі жаманның тілінен алас.
Қырық қабырғасынан алас.
Әдемі, сұлу болсын деп, басына айна мен тарақ жастайын. Көзден сақтасын деп, тұмар байлайын. Қамшыдай өткір болсын деп басына қайшы жастайын.
Түбекке тәттілер салып қонақтарға үлестіреді.(тыштырма)
– Жаңа туған сәбиді қазақ халқы бесікке бөлейді. Бесік киелі зат. Бесікке бөленген бала таза, ұйқысы шала емес болып, өседі.
Тәрбиеші: Кәне балалар, бәріміз қосылып, жаңа туған сәбиді ұйықтату үшін әжемізбен бірге «Әлди – әлди, ақ бөпем» әнін тыңдайық.

Еңдеше ортамызға  әжемізге арнап  би билеп берейік.

Би: «Менің әжем»
Ойын: «Арқан шарту»
Тәрбиеші: Балалар ортамызға Наурыз мерекесінің құтты қонақтары, біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ шалды шақырайық.
Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан қаңбақ шал кіреді
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда шықтың?
Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын
«Достық балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін деп жатыр екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.
Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты, ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.
Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен үшін түк емес.
Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды: «Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»
Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?
Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа жолды көрсетемін.
Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар шешеді.
Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайды.
Қаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба, әлде қайтарып жіберейік пе?
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салт-дәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір-бірімен араз адамдар татуласып, бір-біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады. Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп амандасайық.
Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір – бірімен көрісіп амандасады.
Тәрбиеші:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен
Жалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп барады. Жүрегім бір түрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп, сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым – деп иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. Ал енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Нұржігіт:Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын.

Ақжібек:Қыс өтіп қар кетті

Жырлайық жаз жетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын наурыз.

Жүрсін: Әнім де саған,биімде

Құт қонақ өзің үйімде

Қуаныш сыйлар еліме

Күлімде,Наурыз күлімде.

Аманжан:Күн менен түн теңелді

Жер шуаққа кенелді

Наурыз келді салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал ееді

Наурыз тойы-жыр аңыз.

Батыр: Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.
Ойын: « Күш сынасу»

Ән: «Сағындым әжемді» орындайтындар Сағынғали Нұргүл, Тыныштық Зарина.
Тәрбиеші: Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *