«Жабайы аңдар»


Элубаева Базаргул
«№8 «Алтын сақа» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі

Білімділік мақсаты:Жабайы аңдар туралы түсінік беру

Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге және олардың аттарын дұрыс айтуга үйрету.

Дамытушылық мақсаты:Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып тілдерін дамыту.Қызықты ойындар арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.Әрбір аңның атын дұрыс атауға жаттықтыру және олардың  тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту.

Тәрбиелік мақсат:Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттрып оларға қамқорлықпен қарауға  жабайы аңдар туралы түсініктерін молайту табиғатты аялай білуге идеялы адамгершілікке тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің әдіс-тәсілдері:әңгімелеу көрстеу түсіндіру сұрақ-жауап жұмбақтар жасыру ой қозғау  ойын қорытындылау.

Көрнекіліктер:ойыншық  торғай хат қыс мезгілінің суреттері жабайы аңдар суреті орманның макеті.

Ұйымдастырылған  оқу іс әрекет түрі Дәстүрлі емес.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс:Ертегілер айту жұмбақтар жасыру аңдар туралы тақпақтар жаттату.

Сөздік жұмыс:қауіпті жыртқыш үлпілдек икемсіз.

Үлестірмелі көрнекілік:желім қылқалам қатты қағаздан қиылған аңдардың суреттері және әр түрлі дәнді дақылдар.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші:Балалар  қазір жылдың қай мезгілі?

-қыс

-Ал сендерге қыс ұнайма?

-Қыс несімен ұнайды?

-Қыс әртүрлі болады боран соғады аяз болады.

-Осы қысқа біз қалай дайындаламыз?

-Балалар қысқа біз ғана емес жабайы жануарлар да дайындалады.

-Қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

Балалар:аю қасқыр түлкі тиін кірпі.

-Оларды неге жабайы жануарлар деп атайды?

Балалар:Өйткені  олар орманда өмір сүреді тамақтарын өздері тауып жейді өздеріне тұратын үй іздейді.

-Балалар орманадғы аңдар қысқа қалай дайындалады?

Балалар:Тиін  өзіне тамақ дайындайды жаңғақ саңырауқұлақ жинайды.

-Аю жаз күз айларында тамаққа тойып алып қыс бойы ұйқыға кетеді.

-Ал қоян үстіндегі сұр тонын аппақ тонга ауыстырады.

Сөйтіп өзінің жауларынан қорғанады.Қыста жас ағаштардың сабағын жейді.

Слайд көрсету.Жабайы жануарларды көрсетіп әр біреуіне  тоқталып кету.Қысқа қалай дайындалатынын және немен қоректенетіні туралы толық мағлұмат беру.

Таңғажайып сәт.

-Балалар кім терезе қағып тұр?Аузына хат тістеген құсты қолыма аламын.

Бұл суықторғай екен ғой хат әкеліпті.

-Хатты оқу үшін мына жұмбақты шешулерің керек екен.

1.Қыста жылы киіндім

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің.

2.Тәтті көрсе бас салар

Аумайды жас баладан.

Үп –үлкен боп жасқанар

Кіп-кішкентай арадан.

3.Өзі айлакер

Өзі қу

Жүрген жері айқай шу.

4.Үсті толы ине

Бірақ та іс тігіп

Қадамайды түйме.

Жарайсыңдар балалар барлық жұмбақты дұрыс  шештіңдер.

Тәрбиеші:Хат біздің ормандағы аңдардан келіпті соны оқып берейін біз орман аңдары жаз бойы бір-бірімізбен дос болдық бірге ойнадық сөйтіп қыстың келіп қалғанын білмей қалдық күн күннен күн суыта бастады.Сөйтіп аңдар өздеріне жылы тон тігіп берулерін сұрайды.

Балалар біз аңдарға көмектесмізбе?

Балалар орманда өзімізді қалай ұстаймыз?

Сергіту сәті.

Ал енді көзімізді жұмамызда сиқырлы сөзімізді айтамыз 1 2 3 орнымызда тұрып айналамыз

Ертегі орманға тап боламыз.

Міне алдарыңда сиқырлы орман тұр?

Қараңдаршы қандай аңдарды көріп тұрсыңдар?

Орманда дүкен жоқ балалар аңдарға тонды қайдан аламыз есесіне тігін ательесі бар екен

Қандай дақылдарды көріп тұрсыңдар? Қарақұмық күріш тары т.б

Аюдың тонын қандай дақылдан жасайсын?

Қоянның тонының түсі қандай?

Түлкінің тонының түсі қандай?

Балалар желіммен аңдардың тонының үстіне қарай дақылдарды жапсырып жасайды.

Қандай жақсы балаларсыңдар сендер аңдарға керемет тон жасап бердіңдер Жарайсыңдар

Ал енді жасаған жұмыстарымызды орман алқабына жібереміз.Ал енді өзіміздің балабақшамызға барайық.

Тағыда сол сиқырлы сөздерімізді қайталаймыз 1 2 3 орнымызда тұрып айналамыз.Тобымызға тап боламыз

Балалар сендерге орман ұнадыма?

Ерекше не естеріңде қалды?

Сендерге орман аңдары риза болып жатыр.Жарайсыңдар балалар!

Қорытынды:Балаларды мадақтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *