Маңғыстаулық ақын, сазгер Көмек Ыбрайұлымен кездесу кеші


Нугиева Арухан Ертлеуовна
«№8 «Алтын сақа» балабақшасы» МКҚК ән – саз жетекшісі

Зал  мерекеге  сай  безендірілген. Музыка  ойналып  тұрады. Қонақтар  кіріп, жайғасады.

 

Жүргізуші :

Бостандықтың  осы  ғой  сәні–  бағы,

Шуақ  нұр  күлкі  үніне  қанығады.

Бүгінгі күніміз сәтті болсын,

Аман  болсын  қазақтың  шаңырағы!

 

Таңдай  қағып  сүйсінбес  өнерге  кім,

Әнсіз, жырсыз  көңілде  сөнер  де  күн.

Ақынменен  кездесу  кешімізге

Қош  келіпсіз, құрметті  көрерменім!

Құрметті  қонақтар!

Бүгін  бізде   республикаға  белгілі  ақын – сазгер  Көмек Ыбрайұлы  қонақта.

 

Сахнада, Мұнайлы аудандық «№8 «Алтын сақа» балабақшасының тәрбиеленушілері Көмек Ыбрайұлының өлеңдерін тыңдайық!

 

Аделя:    «Манғыстау  жерінде»

Қарасаң  көз  талатын

Айнала  құм,жол,күз,тау

Күйдірер  құс  қанатын,

Ыстық  аймақ Маңғыстау

-Мешітіне  түнеген,

Қадір  тұтып  атағын

Кім екенін  біледі ел

Масат ,Бекет   Атаның.

–          Сияқты  бір  демеген

–         Деп ,- еңсеңді   көтерген

Ұрпақтарын  жебеген,

Әулиелі  мекен  бұл.

Шіркін ,сергіп  қалар  ең

«Қолдай көр,-деп ,-Мыңкісім»

Құйғытсаң  маң  даламен,

Мініп  ап  Адай  жылқысын.

Кешпесе де  шат  ғұмыр,

Өнермен мың  жасаған

Есір,Мұрат,  Сәттіғұл,

Абыл ,  Нұрым , Қашаған.

Айқыш – ұйқыш картасы

Ирен  жолдар  ,Сан қыстау

Аңыз  суы ,әр  тасы

Музей  дала –  Манғыстау.

 

Жанара  –  «Қазақ  тойында»

 

Той  дегенде  тұрған ба,

Қызыққа  әрбір  жан  құмар.

Ойын  қызып  бұл маңда

Түсте  көкпар  тартылар

 

Келсін  туыс ,  жақындар

Мереке ғой  бүгін  нақ

Айтысқанда  ақындар

Кетті ел –жұрт  шуылдап.

 

«Жүрмей  босқа  сабылып,

Қолдан  намыс бермеңдер!»

Кепшік  ,дабыл қағылып,

Мойнын  созар  кернейлер.

Алтыбақан  тербеліп,

Көтеріліп  ән  тәтті.

Көкке   тиын ,теңге іліп

Хас  мергендер  жамбы атты.

Бәйге  аттары  жарасып

Алға  шықты кер  бесті.

Анау  жақта  алысып,

Палуандар  белдесті.

Тыңда ,досым ,тұра  қал,

Күй   кернеді  аспанды

Бітіп    «тоғызкұмалақ»

«Атан  жарыс»  басталды.

-Қарттардан ап бата  мың,

Самғар  көңіл  қияға.

Той дегенмен аты  оның,

Той – кіші  олимпиада.

 

Альбина – «Күзгі  орманда»

 

Атамыз  бен  екуміз,

Серуендедік  орманда,

Үйде отырмай  бекер  біз,

Демалыс  күн  болғандай.

 

Қара бұлттар  мамырлап,

Қанат  жайған  күз  еді

Ағаштардан  сауылдап,

Жапырақтар  түседі.

 

Күзгі  орманның   сәніне,

Ештеңе де  жетпейді

Атам  мұнда  әлі  де

Тамашалар  көп  дейді.

 

Сәл тың  тындап,тұнжырап

Атам  алға  ұмтылды.

Жатқан  басын  ұрғылап,

Тауып  алдық  бұлбұлды.

 

Бейшараның сиқын  ай,

Емес  болды  жәй  әні.

Жас  бұлбұлдың шырпыдай

Сынған  екен  аяғы.

 

Жатыр  сорлы шырқырап,

Құсты  сонша  аядым.

Орамалын  жыртып  ап,

Таңды  атам  аяғын.

Бір  аттап  кеп  қасыма

Бұйыра  атам  сөйледі.

Анау  ағаш  басына

Мұны апарып  қой ,- деді.

Сонда  дұрыс  болады,

Өнер  сыйлау  бұл –дағы

Жыршы  құстың  жоғары

Жарасады  тұрғаны.

 

Әні  мен  сөзі Көмек  Ыбрайұлынікі «Достармыз біз!» орындайтын ересек «Бәйшешек» тобы тәрбиеленушілері.

Слайд көрсетіледі.

Ендігі тыңдайтындарыңыз әнімен   сөзі К. Ыбрайұлынікі. Орындайтын балабақша әдіскері Нұрзада Көмекқызы мен ән саз жетекшісі Арухан Ертлеуовна. Ауылдың сұлу  табиғатын сипаттайтын әсем ән  « Аяулым».

 

Көркемай  –  «Жарқырай  берші ,Мұнайлым» – авторы Ыбрай  Нұрзада.

–         Мұнайлым – маңғаз  мекенім

–         Биікте шырқау қыраның

Қауырсын қалам- жетегім

Арналар саған жыр  әнім

 

Мұнайлым – тәтті  өлеңім

Жанымның  нұры дер  едім

Тарихта  мәнгі  жаңғырар

Рухани  өсіп , кемелің.

Қырандай  қалқыр  қанатта,

Әлі де алда  шақтарың,

Жастарың  өсті  талантты

Тағыры  сынар  бақтарын.

 

Куәсі  болып  өтелік,

Сандаған  сәтті жыл,айдың,

Көңілдің туын  көтеріп

Жарұырай  бер  , Мұнайлым.

Жүргізуші:  Алдарыңызда  «Қарлығаш»  ортанғы тобының  тәрбиеленушісі  Жәнібек  Қанағат қызы   «Туған  өлкем»  (әні   К.Ыбрайұлынікі ,  сөзі  О.Тұрманжановтікі)  әнімен  қарсыалыңыз!

Жүргізуші:  Балалар  бүгін  бізге  қонаққа  Көмек Ыбрайұлының  өлеңдерін  паш  етуге   № 11 орта  мектебінің  оқушыларыда  келді.

Зульхаджы  Дильназ   «Менің  атам»  өлеңін тамашалаймыз.

Жүргізуші:

Құрметті  көрермендер! Туған  жеріміздің  ой  – қырын  көз  алдымызға  елестетіп, әдемі  суретпен  өрнектеген, қысқасы, киелі Маңғыстаудың  маңғаздығын  паш  еткен  бұл  өлеңнің  авторы  Көмек Ыбрайұлына қошемет көрсетейік!

Жүргізуші :

Көмек  Ыбрайұлы  1950  жылы  26 – наурызда  Маңғыстау  ауданы, Тиген  елді  мекенінде  дүниеге  келген. Жанұядағы  алты  баланың  бірі  болған. 1957 жылы Шайыр сегізжылдық  мектебіне  оқуға  барады. 1961 – 1965 жылдары  Жыңғылды   мектеп – интернатында  тәрбиеленеді. 1967 – жылы  Тұрыштағы  Сам  орта  мектебін  бітірді.  1970 – 1974 жылдар  аралығында  Шымкент  педагогтік  мәдениет  институтының  «Мәдени  ағарту  жұмыстары»  факультетін  «Қазақ  ұлт  аспаптар  оркестрі  жетекшісі»  мамандығы  бойынша  бітіріп  шығады.                                                     Ол кісі  «Қазақстан  Республикасы  халыққа  білім  беру  ісінің  үздігі», «Әдіскер  мұғалім»  атақтарына  ие. Көмек  Ыбрайұлы – балалар  ақыны, сазгер. Оның «Көжек», «Көбелек», «Сыйлық», «Сиқырлы  үшбұрыш», «Жетіген», «Мейрам  ай», «Тапқырлық», «Ақбұлақ», «Көкпар», «Ақ кеме» сияқты  кітаптары  балаларға  арналған.

Көмейінде  сан  кептелген  ел  шері,

Аспан кеуде,  ақындар  ғой  еңселі.

Ақын  деген  жатқан  ғасыр  қынында

Бір  халықтың  тот  баспайтын  семсері.

 

Санасында  сан  қайнаған  халқы –  үні,

Жан  нұрына  әр беретін  шалқуы.

Ол, ол деген  заманының  өтінде

Бір халықтың  желбіреген  ар – туы.

дегендей, кезекті  ақынның  өзіне  берейік!

Балалар ақынға  сұрақ қояды.

Жүргізуші   :

Көмек  Ыбрайұлы  2006, 2009 жылдары  Алматыда    «Халықаралық  балалар  әдебиеті  шығармашылығы»  бойынша  өткен  «Дарабоз» жабық  бәйгесінде екі  рет  жүлделі  II орынды  алып, лауреат  атанды.

Ол  ғажап  жан  жоқ  ешқандай  теңдесі,

Бақыт  шамын  жаға  келген  елге  осы.

Ақын  деген  құрсағынан  уақыттың,

Қырын  түскен,  бұрын  түскен  пендесі.

Көмек  ағамыздың  өлкеміздің  танымал  өнер  иесі, Адайдың  «Жеті  қайқысының»  баласы  Мұрат Өскінбаевқа  арнаған  «Өнерлі  бала» деген  өлеңін  тыңдайық.

Жүргізуші   :

Көмектің  көптеген  өлеңдері әдебиет,  биология,  музыка  сабақтары  үшін  таптыр – майтын  құрал.  Домбыра,  шертер  бастаған  қазақтың   14  аспабына  арнаған  өлеңдері  өте  қызық.

Көмек  – сазгер. Алпыс  бес  әннен  тұратын  балаларға  арналған  «Апа, туған  күніңмен!»  атты  кітабы  кеңестік  саясаттан  ада, оқушыларды  елжандылық, Отаншылдық  рухта  тәрбиелеуде  үлкен  роль  атқарып  келеді. Оның  «Сағымсың  ба, сен!», «Сағыныш», «Құрбы  қыздар», «Аяулым», «Наурыз»  сияқты  әндері  республикалық  радио, теледидардан  белгілі  әншілер  Айгүл Қосанова, Ұлықпан Жолдасов, Ақылбек Жеменей,  Айжан Нұрмағанбетовалар  орындап  жүр.  Сонымен  қатар  сазгердің    сазгердің  30 күйден  тұратын  «Жиделер  гүлдегенде» атты  күйлер  жинағы  да  шықты.

Ендігі  тыңдайтындарыңыз: хор «Қазақстаным менің» – әні мен сөзі К.Ыбрайұлынікі, орындайтын балабақша тәрбиешілері

Көмек  Ыбрайұлы    Жалпы  білім  беретін   мектеп  оқушыларының  республика –   лық  пәндік олимпиадасының   Әнұранын,  «Қазақстан – Ақтау телеарнасының» Әнұранын  жазды.   Өнер  әлемінде  тәрбиелеген  шәкірттері  көп.Өз  балалары  да  өнерлі. Қыздары  Ибраева  Ботагөз   «Шабыт»  фестивалінің  дипломанты, қазір «Отырар  сазы» оркестрінде  қобызшы, Ибраева  Нұрдана  – әнші, вокалист   – ұстаз, «Арай», «Жас  қанат»  фестивалінің  дипломанты. Жолдасы  Байжан  Гүлсара  да «ҚР Халыққа білім  беру ісінің  үздігі», екеуі  бес  бала  тәрбиелеп  өсірген  ата –ана.

 

Жүргізуші:   Әнмен  тыныс  алайық,

Тойланатын  күн  бүгін.

Бәріңізге  халайық

Ұсынамыз  жыр  гүлін.

 

Жүргізуші:                Ашық  болсын  аспанымыз,

Күліп  өтсін  таңдарымыз.

Болашақта  азамат  боп

Сізге  ұқсау  арманымыз!

Уақыттарыңызды  бөліп,  кешімізді  қызықты  өткізуге  ат  салысқаныңыз  үшін  көп  рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *