«Менің отбасым»


Кульджанова Алия
«№8 «Алтын сақа» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі

Білімділік мақсаты: Отбасы туралы кеңірек мәлімет беру.

Дамытушылық мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Отбасы мүшелері туралы қызықты ойындар ойнатып, эмоциялық сезімдерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Балаларды отбасы мүшелерін сыйлауға, оларға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Отбасы туралы суреттер.

Ұйымдастырылған оқу қызметі: дәстүрлі емес.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері:  Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Балалар ойыншық жүректі бір – біріне беру арқылы жылы лебіздерін айту.

Тәрбиеші: Балалар тақтаға назар аударыңыздаршы. Ол суреттен кімдерді көріп отсыңдар?

Балалар: Ата, Әже, Ана, Әке.

Тәрбиеші: Оларды бір сөзбен қалай атайсыңдар?

Балалар: Отбасы

Тәрбиеші: Енді балалар көзімізді жұмамыз. (тақтадағы суреттердің орындарын тәрбиеші ауыстырып тастайды). Енді балалар көзімізді ашамыз, тақтадағы өзгерісті байқадыңдарма?

Балалар: Ия, ата мен әженің орындары ауысып кетті.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Олай болса тағы көзімізді жұмамыз. (енді тәрбиеші атаның суретін мүлдем тақтадан алып тастайды). Балалар енді қандай өзгерісті байқадыңдар?

Балалар: Тақтадағы атаның суреті жоқ.

Тәрбиеші: Дұрыс айтысыңдар балалар. Олай болса сендер ата туралы не білесіңдер? Кім жеті атасын біледі?

Ерасыл: Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Тәриеші: Жұмбақ жасырады: өте мейірімді, ақ шашты, көзінің айналасында ұсақ әжемдері бар, дәмді тағамдар, тәтті нандар пісіреді, сендерге жылы қолғап тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Ол кім?

Балалар: Ол әже.

Тәрбиеші: Сендердің әжелерің не істей алады.

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші жұмбақ жасырады: көптеген қызықты тариха оқиғаларды біледі, ол дүкенге және базарға барады, зейнет ақы  алады, немерелеріне қарайласады.ол кім?

Балалар: Ол ата.

Тәрбиеші: Ал сендердің аталарың сендер үшін не істей алады?

Балалар жауабы.

Тәрбиеші тағы жұмбақ жасырады: сен үшін ең қымбат жан?

Балалар: ол ана

Тәрбиеші: Сен аналарыңа қандай мейірімді сөздер айасыңдар?

Балалар: анашым, ақ мамам т.б.

Тәрбиеші: Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балаларымен өткізгенді жақсы көреді. Ойын сауықтарға апарады. Отбасын сақтаушы, қорғаушы. Ол кім?

Балалар: Ол әке.

Тәрбиеші: Ал сендерің әкелеріңіз қандай?

Балалар жауабы.

Тәрбиеші: Балалар сендер отбасы туралы тақпақ білесіңдер ма?

Балалар:

Жансая: Атамнан басталар,

Әжемнен қосталар.

Отбасы осылар,

Ең жақын адамдар.

 

Мадияр: Ертегі қандай көп еді

Күнде айтып береді

Қуанатын балаша

Әжем менің тамаша.

 

Арманай: Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы таппағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де.

 

Мейіржан: Алтын арай таңым әке,

Алатаудай бағым әке.

Балаң үшін шырылдайсың,

Аман болғын жаным әке.

 

Асел: Менің атам қозы баққан,

Қой баққан.

Жар басында лақтарды ойнатқан.

Ойға шомып тұрушы еді, жарықтық.

Күнге қарап, ұясына жай батқан.

Дидактикалық ойын. «Жалғасын тап».

Ойынның шарты: тәрбиеші отбасы мүшелерінің бас әріптерін айтады, балалар әрі қарай жалғастырады.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Әдемі шеңбер құрамыз.

Иілеміз оңға бір.

Иілеміз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гүл, гүл жайнап жанамыз,

Жаттығуды жасасақ,

Жақсы серігіп қаламыз.

Тәрбиеші: Балалар жарайсыңдар. Енді кім отбасы туралы мақал – мәтел біледі?

Балалар:

–          Қарындасым қарлығашым

–          Ана алдында – құрмет,

Ата алдында – қызымет.

–          Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

–          Отан –  отбасынан басталады.

Қорытынды: Оқу қызметті сұрақтар арқылы қорытындылап, балаларды мадақтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *