В.Сухомлинский(орыс жазушысы) Нағыз адам.


Галимова Бакыт  Ораловна
 «№35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты: : Интербелсенді тақтаны қолдан отырып  В.Сухомлинскийдің «Нағыз адам» мәтінімен  таныстыру .

Сабақтың міндеттері:

·        Мәтінді дұрыс түсініп, жылдам ,мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Мәтіннің мазмұнын түсініп, ауызша айтуға үйрету.

·        Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын, логикалық ойын, қиялын дамыту. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ары қарай жетілдіру.

·        Оқушыларды дұрыс отыруға, әдемі жазуға, сонымен қатар Отан сүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту

 

Сабақтың көрнекілігі: Автор суреті,слайдтар топтамасы,сөзжұмбақ,кітап,бейне ролик.

Сабақтың барысы:

Жоспар:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.

Ү. Қорытындылау, бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма.

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық  жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

Психологиялық  даярлық.

Армысың ,Әлем

Армысың, жарық күн

Армысың, абзал ұстаздар,

Армысың, менің достарым.

Балалар бүгін сабағымыз ерекше болмақ.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

– Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бір кесе меруерт»

«Жедел жауап»берілген сұрақтарға нақты,әрі жылдам жауап берулерің керек.

-Әңгіменің авторы кім?Шәкәрім Құдайбердіұлы

-Ол туралы не білесің?  ақын,ойшыл аудармашы..Абайдың інісі.

-Қай жерде туып – өскен? Семей облысының Абай ауданында

-Қандай дастандары бар? «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек»

-Қандай өлеңдер жинағы бар?  « Қазақ айнасы»

-Біз қандай өлеңімен таныстық?»Адамдық –боышың»

-Иесіз жерде қайтыс болған адамның тілегін кім орындады деп ойлайсың?

-Неге оған бір кесе меруерттің пайдасы болмады?

-«Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ»дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Жаңа сабақ:

Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Жаңа сабақтың тақырыбы: «Нағыз адам»

Автор туралы мәлімет

Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. В.А. Сухомлинский совет педагогы.

 

-Біз өткен сабақтарда В.Сухомлинскийдің қандай әңгімелерін өттік?

-Қатқан нан

Бүгін сендермен В.Сухомлинскийдің  «Нағыз адам» әңгімесімен танысамыз.

-Қалай ойлайсыңдар, нағыз адам қандай болу керек?

-адамгершілігі мол

-үлкенді құрметтей білу керек

-кішіге үлгі болу

-әділеттілік,

-достық,

-ар-намыс,

-сабырлылық,

-батырлық

 

Мәтінмен  жұмыс.

-Мұғалім оқу

Мәтіннің мазмұнына сай суреттерді слайд арқылы көрсетемін. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеп айтып беремін.

 

Талдау

Сұрақтарға жауап алу.

 

– Мәтіндегі әңгіме кімдер жайлы екен?

– Сендерге ұнады ма?

-Несімен ұнады?

-Ұзын арқанға не байланған?

-Атайдың үйіне кім келді?

-Бірінші жолаушыңың іс-әрекеті қандай?

-Немересі атасына не деп сұрады?

-Бұл не қылған адам?

-Атасы:Бұл адам емес ,-деді

-Түске таман атайдың үйіне нешінші жолаушы келді?

-Екінші жолаушының іс-әрекеті қандай?

-Немересі атасына не деп сұрады?

-Бұл не қылған адам?

-Атасы:Бұны да әлі адам деуге болмайды,-деді

– Үшінші  жолаушыңың іс-әрекеті қандай?

-Немересі атасына не деп сұрады?

-Бұл не қылған адам?

-Атасы:Бұл нағыз адам ,-деді

 

Оқушылар оқу

-тізбектей оқу

-бөліктерге бөліп оқу

-мәнерлеп оқу

Тапсырма.

Мәтіндегі қызыл түспен белгіленген тіркестері тауып оқыңдар.(Бұл адам емес.Бұны да әлі адам деуге болмайды.Бұл нағыз адамның өзі.)

 

Топтық жұмыс

Үш жолаушының әрекетін  үш топқа бөлініп әңгімелеңдер.

I топ:  «Бұл адам емес»

II топ:   «Бұны да әлі адам деуге болмайды»»

III топ:  «Бұл нағыз адамның өзі»

Сергіту сәтіОйын: «Кубик лақтыру»

1.Арбадағы сабанның астынан шелегі көрініп жатыр екен.Жолаушы құдыққа көз жіберіп,атай мен немересіне бір қарады да,атына қамшы басып,әрі қарай жүріп кетті.Бұл нешінші жолаушы?

2. «Нағыз адам» әңімесінің авторы?

3.Үшінші жолаушының іс-әрекеті кандай?

Дәптермен жұмыс.

«Нағыз адам – басқаларға пайдасы тиген адам»

 

Суретпен жұмыс.

Суретке зер сал.

Суреттегі оқиға мәтіндегі қай пікірге сәйкес келеді?

Мәтіндегі басқа пікірге сен қандай сурет салар едің?

 

2.Сызбамен жұмыс.

Үш топқа тапсырма , өмірде кездесетін оқиғалардан берілген пікірлерге нақты мысалдар келтір.

Бекіту

Нағыз адам туралы бейне таспа көрсету.

Қорытындылау

Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

Сізге бүгінгі сабақта не қызықты болды?

Біз не істедік? Бүгінгі сабақтан не үйрендік?

Бүгінгі сабақта не ұнады?

 

Оқушының білімімен белсенділігін бағалау.

Үйге тапсырма: В.Сухомлинский(орыс жазушысы) «Нағыз адам» әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп айту.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *