Тұран жазығы


Шанаева Динара Нургалиевна

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп география пәнінің мұғалімі

Мақсаты: Тұран жазығының географиялық орнын, геологиялық құрылысын зерттеу, ойпаттың жер бедерінің  дамуына  геологиялық  процесі  туралы  білімді  кеңейту;

Міндеті :

Білімділігі: Қазақстанның тұран жазығының географиялық орны,жер бедері ,климаты,табиғат зоналарының таралуы,флорасы мен фаунасына тоқтала отырып білімдерін кеңейту .

Дамытушылығы:  Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру, тапсырмалар беріп, оқушылардың даму қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын ояту, өзіне деген сенімділікті, жұмыста өз бетінше орындауға, ұқыптылыққа, батылдылыққа, ептілікке тәрбиелеу .

Сабақтың типі : жаңа сабақ беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру иллюстративті,сұрақ жауап,баяндау.шығармашылық пен жұмыс.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, зоналар картасы, слайд,кеспе қағаздар,оқулық,атлас және кескін карта .

Пәнаралық  байланыс: тарих,биология,экология

Сабақтың барысы                         І Үйымдастыру кезеңі

А)оқушылармен амандасу

Ә)класс гигенасына мән беру

Б)оқушыларды шақырып  үстел үстіндегі таттілерді  тандау арқылы топқа бөлеміз.Оқушыларды 4 топқа орналастырамыз.

В)оқушыларды түгендеп, зейіндерін сабаққа аударамыз.

Тренинг: «Жылы лебіз»

Топтағы оқушылар тұрып бір топ екінші топқа сәтілік білдіріп өздерінің жылы сөздерін айтады.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

(Әр топ басшылары келіп тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздарды тандау Өзендерімен көлдері  арқылы ,топ ішінде ойларын жинақтап тапсырмаларға жауап береді.)

 

1 тапсырма

1.Шығыс Еуропа жазығының географиялық орны?

2.Каспий маңы ойпатына қандай сипаттама бере аласыз?

3.Климаты?

2 тапсырма

1.Геологиялық  құрылысы мен жер бедері?

2.Жалпы Сырт қыраты туралы не айта аламыз?

3.Пайдалы қазбалары?

3 тапсырма

1.Қазақстанның физикалық географиялық аудандастырылуы?

2.Өзендері мен көлдері?

3.Орал алды үстірті  туралы не айта аламыз?

 

 

4 тапсырма

1.Қандай табиғат зоналары кездеседі ?

2.Шығыс Еуропа жазығының флорасы мен фаунасы?

3.Каспий тенізінің қазіргі жағдайы?

 

Үй тапсырмасын қорытындылау;

Сандар сөйлейді

1.  9

2. ХІХғ.70ж.

3. 40 С

4. 350мм

5. 800

6. 712м

7. 712м.

9. 300-500

10. 60-50км

Сонымен оқушылар Қазақстан негізгі 9 физикалық географиялық аудандастырылуга бөлінген. Онын ішінде ең ірі жақықтардың бірі Шығыс Еуропа жазығы .қазақстанға тек оңтүстік бөлігі ғана кіреді.

ІІІ. жаңа сабақ.

ассоциация әдісі мен  оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудыру .

Географиялық орны. Маңқыстау, Үстірт, Торғай үстірті, Арал маңы, Сырдария бойы, Қызылқұм  Балқаш  Алакөлі  түгел  кіреді.Жер  бедері  мен  оның  пайда болу тарихы жағынан біркелкі емес.

Үстірт – батыста Маңғыстау түбегі мен Қарабұғазкөл шығанағы, шығыста Арал теңізі мен Әмудария атырауы аралығын алып жатқан дөңесті аймақ. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытта 550 — 600 км-ге созылған, ені 300 — 400 км. Ауданы 200 мың км². Үстірттің орташа биіктігі 150 — 200 м, оңтүстік-батысындағы ең биік жері 341 м (Мұзбел жоны). Үстірт шөл аймағында жатқандықтан жазы ыстық (шілденің орташа температурасы 29 °C, кейде 40 °C, одан да жоғары), қысы салқын (қаңтардың орташа температурасы –12, кейде –25 — 30 °C), ауасы құрғақ (30 — 60%), жауын-шашыны аз (150 мм), желі күшті әрі ұзақ уақыт соғады, қардың қалынд. 10 см-ге жуық. Қыста кенет күн жылынып, қар еріп, қатып көктайғақ болады, боран соғады. Үстіртте өзен, тұщы көл тіпті жоқ, бірақ ауыз суға, жер суландыруға жарамды жер асты суының мол қоры анықталды .

Арал маңы Қарақұмы – құмды белдеу, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда облыстары жерінде. Шалқартеңіз және Шұбартеңіз ойыстық сор  Сырдария аңғарына дейінғі аралықта созылып жатыр. Ұзындығы 250 км, ені 200 км-дей, ауданы 35 мың шаршы км-ге жуық. Арал тенізіне жақындаған сайын төмендей түсіп, жағалық құмды белдеуге айналады. Жер астының тұщы суы мол: көпшілік жерінде судың жоғарғы деңгейі 2-3 м терендіктен кездеседі. Бор және палеоген шөгінділері суы көбіне минералды келеді. Атырабынын климаты тым континенттік, куаң. Қантардың орташа температурасы — 12-15°С, шілдеде +24-26°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-150 мм, ал буланудың мөлшері 1400-1600 мм-ге жетеді.

 

IV бекіту сұрақтары:

1.Тұран жазығының географиялық орны?

2.Климаты туралы қандай мәліметтер ала алдыңыздар?

3:Табиғат зоналары?

4.Жануарлар дүниесі?

5.Өсімдіктер жамылғы?

6.Өзендері мен көлдері?

 

Синкуейн әдісімен. (5 жолдық тұжырымдама жасайды)

Жайық                       Ойыл                         Жем                Каспий

( Топтарда Шығыс Еуропа жазығының өзен көл аттары берілген .Әр топ осыған байланысты 4 шумақ өлең жолдарын құрастырып жеберсеңіздер өте керемет болар еді.)

Сергіту сәті

Қорытындылау.

Құрметті оқушылар сонымен Қазақстанның ең үлкен жақыттарымыздың бірі –Тұран жазығы .Батыстан шығысқа қарай еңесе орналасқан жазық.Жазықта ойлануды қажет ететін үлкен проблемасы бар Арал теңізі,Каспий теңізін қазіргі таңдағы ойлануды қажет ететін үлкен табиғат кешені.

V ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ

§ 41 Тұран жазығы (мазмұнын айту,карта көмегімен)

Кескін картамен жұмыс

Шығармашылық кесте толтыру

атауы

жер бедері қандай

климаты

өсімдіктер мен жануарлар дүниесі

өзендерімен көлдері

қорытынды

VІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағаланады.(топ басшылары бағалайды топ ішінде және мұғалім сабаққа белсене қатысқан оқушыларды ескере отырып қорытынды баға қойылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *