Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект құбылысы. Фотоэффект. Эйнштейн теңдеуі.


Сарсенбаева Раушан Аюповна
преподаватель  физики Высший многопрофильный колледж гражданской защиты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың тақырып бойынша  алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру. Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеген А.Г.Столетовтің ғылыми еңбегімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың  ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау. Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Білім деңгейін көтеру. Компьютер арқылы модельдеу процестерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың зейінін, жауапкершілік сезімін, физика пәнін қызығушылықпен оқуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жалпылау және жүйеге келтіру
Оқыту технологиясы әдістері: ауызша, жазбаша, сұрақ-жауап
Оқыту құралдары мен көрнекіліктер: компьютер, слайдтар, дидактикалық материалдар, интерактивтік тақта
Сабақтың пән аралық байланысы: математика, информатика

Сабақтың барысы:
І.Кіріспе мотивациялық  кезеңі.
(Оқушылармен сәлемдесу, топты түгендеу, тренинг өткізу)

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.     Физикалық диктант

1. Макс Планк гипотезасы қалай тұжырымдалады?

(Планк электромагниттік сәулелену үздіксіз емес, жеке

энергия үлестері – кванттар түрінде шығарылады)

2. Әр кванттың энергиясы неге тең?  (Әр кванттың энергиясы жиілікке

пропорционал: E=hv)
3. Планк тұрақтысы неге тең?  (h=6,63•10-34Дж•с)
4. Фотон дегеніміз не?  (Фотон дегеніміз – жарық кванты. Фотон деп

кез келген жарық толқындарын айтуға болады.)
5. Фотон қандай бөлшек?   (Фотон – элементар бөлшек)
6. Фотоэффект деген не?
7. Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеген кім?

( орыс ғалымы А.Г.Столетов.)
8. Фотоэффект құбылысын түсіндіру жолын  кім тапты? (А.Эйнштейн)

9.Эйнштейн теңдеуі?
10. Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралды не деп атайды? (фотоэлемент)

2. «Мен нені білдім»  (өткен тақырыпты қайталау)

·         Сұрақтар

1.Планк формуласы (Е =һv)

2.Фотоэффектінің теориясының негізгі теңдеуі (Һv= mv2\ 2А)

3. Фотоэффектінің қызыл шекарасы: (vmin  =А\Һ)

4.Фотон  импульсі (P= m c)

1.Жарық кванттары немесе фотондар дегеніміз не? (Ж: Жарық бөлшектері)

2. Квант қандай сөзден алынған?    (Ж: Латынша – квантум – шама)

3. Фотон қандай сөзден алынған?  (Ж: Грекше: фотос- жарық, жарық бөлшегі)

4. Қандай құбылыс фотоэффект деп аталады?  (Ж: Жарықтың әсерінен заттардан электрондардың ыршып шығуы)

5.Фотоэффект қай елдің, қандай сөзінен алынған?  (Ж: Фотос (грекше) -жарық, эффект (латынша)- әсер)

6.Фотоэффект құбылысн кім, қай елдің ғалымы және қашан ашты Ж: Орыстың атақты физигі А.Г.Столетов 1888 ж. 26 ақпан)

7.Квант  теориясының негізін салушы кім? (Ж: Неміс ғалымы Макс Планк)

8.Планк тұрақтысының мәні неге тең? (Ж: Һ=6,63 10-34   Дж\с)

9.Қандай құралдар фотоэлементтер деп аталады?  (Ж: Құрылысы фотоэффект құбылысына негізделген құралдар)

10.Қандай құбылыстар люменесценция деп аталады?  (Ж: Суық жарқылдың сан алуан  құүбылыстары)

 

·        Оқушылардың презентациясын қарастыру

 

3.Білім шыңына өрлейік:  Деңгейлік тапсырма

 

І.  Толқын ұзындығы 400 нм-ге сәйкес  квант       энергиясы неге тең?

 

ІІ. Вакуумдық  диодтағы кернеу 182 В.Диодтың катодынан ұшып шыққан

электрон анодқа қандай жылдамдықпен  соғылады?

 

ІІІ. Металл толқын  ұзындығы 589 нм  монохромат      жарықпен жарықтандырылған. Электронның ұшып шығу жұмысы 1,7·10 – 19 Дж болатын болса, оның кинетикалық энергиясын анықтаңыз.

 

4. “Ой – сергіту”  кезеңі

 

Мақал – мәтелдерді жалғастыру

 

1.Екі жақсы қас болмас, … жаман дос болмас.
2.Бармақ жұмылса, жұдырық болады.

3.Түзу жолда, … қисық жүрме

4. Майланбаған доңғалақ …  білікті қажайды

5. Бармақ жұмылса,…жұдырық болады

6.Досыңды үш күн сынама, …   жыл сына.

8.Шіріген тақтайға …  шеге тұрмайды

9.Отыз тістен шыққан сөз, … рулы елге тарайды.
10.Бір кісі қазған құдықтан, … кісі су ішер.
11.Жеті жұрттың тілін біл, … түрлі білім іл.
12.Досыңды үш күн сынама, … жыл сына.

 

5. Физика тарихынан  үзіліс  (Фотоэффект құбылысын тәжірибе жүзінде алғаш зерттеген А.Г.Столетовтің ғылыми еңбегімен таныстыру)
ІІІ.Білгенімді дамыту”

 

1.  «Шапшаңдық» сайысы  (есеп шығару)

1.     Фотонның энергиясы 3 эВ, сәуленің толқын ұзындығын  табыңыз.

2.     Фотоэффектінің күміс  үшін қызыл шекарасы 0,29 мкм. Электрондардың күмістен шығу жұмысын анықта.

3.     Металл пластинканы монохромат жарықпен жарықтандырғанда тежегіш кернеу 1,6 В болды. Егер жарық жиілігін 2 есе арттырса,тежегіш кернеу 5,1В  болады. Фотоэффектінің қызыл шекарасын анықтаңдар.

 

2.     «Кім көп біледі?» (тест тапсырма)
ІV. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *