Урок на тему: «Общие методы решения тригонометрических уравнений»


Хамзина Сара Хамитовна
преподаватель  физики Высший многопрофильный колледж гражданской защиты

Бүгінгі таңда оқыту технологиясы жаңа өзгеріс үстінде. Білім берудің парадигмасы өзгерді, білім  берудің жаңа мазмұны пайда болуда.

Кәсіптік білім саласындағы инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, технологиялық енгізуге, пайдалануға, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге бағытталған. Сондай-ақ бүгінгі күн талабы да жалпы білім жүйесіне, білім беру мазмұны мен оқыту әдістеріне үлкен міндеттер жүктеуде. Олай болса білім алушылардың білімділігі, шығармашылыққа талпынысы, әртүрлі жағдайдағы проблеманы анықтау, оның жауапты шешімін табу және қолайсыз жағдайларда әрекет ете білуі еліміздің дамуына, қоғамымыздың тұрақтылығына және оның қауіпсіздігіне негіз бола алады. Қазіргі кезде қоғамның білім деңгейі мен интелектуалдық әлеуеті ұлттық байлықты құрайтын маңызды сипатқа ие екендігі баршаңызға аян. Сондықтанда тәрбиелеп отырған білім алушыларымыз мамандық бойынша тек диплом иеленушісі ғана емес, нағыз маман болуы өте маңызды. «Халық пен халықты теңестіретін -білім», -деп қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу -біздің мақтанышымыз, сондықтанда жаңалық жаршысы болуымыз керек. ХХІ ғасырдың ең басты міндеті -әлемдік қауымдастыққа еніп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін, экономикасын, білімін арттыру. Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты -ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүние танымы жоғары, жан -жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің ендігі міндет –қазақстандықтардың, бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту. Сондықтан қазіргі заманға білім берудің перспективалық міндеті -ол, сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау», -деп атап өтуі мақсатқа жетудің жолдарын шешуге берген бағытындай.

Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту -таным әрекеттерін ұйымдастырудың ұтымды пішіні. Мақсаты -оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық технологияны қолдану: оқып үйрену, меңгеру өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар, білім алушының оқуға деген ынтасын оятады. Инновациялық технологияны сабақта пайдалану -өмір талабы. Оқытудың жаңа ұтымды технологияларын пайдалану білім алушыны тұлға болып қалыптастырудың, дамытудың құралы. Білім алушының білім сапасын арттыруға, өздігінен ізденуге, ой сананың дамуына мүмкіндік береді. Білім беруді ізгілендірудің технологиялық мақсаты -баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу білімін кеңейту, тереңдету. Білім берудің мақсаты, оны ұйымдастырудың құрылымы технологиялық жағынан жабдықталуы, оқыту әдістерінің қоғам сұранысынан туындауы. Осыған дейін білім беру үрдісі: мақсат – мазмұн -форма -әдіс -оқыту көрнекілігі болса, бүгінде жаңа технология бойынша оқып үйрену -меңгеру -өмірге ендіру -дамыту болып өзгерген. Инновациялық оқыту үш бөлімнен тұрады:

1-бөлім. Кәсіби шеберлік

2-бөлім. Біліктілік дағдылары

3-бөлім.Жүзеге асыру.

Қазіргі заманғы білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы -оқытудың негізгі мақсаты білім алушылардың танымдық ой белсенділігін қалыптастыруда ойын сабақтарын өткізу, оларды өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды.Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: білім алушыға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің бірлігін ұштастыру, білім алушының танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту, өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту, жүйелі жұмыс істеуді, оқу үрдісін сезінуін және жоғары деңгейде ойлана білуін қамтамасыз ету

Инновацияның негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.Инновациялық оқытуға көшу – инновациялық технологияларды пайдалануды көздейді. Кез келген білім беру саласында оқытудың озық технологиясын меңгермейінше білікті, заман талабына сай жан-жақты маман дайындау мүмкінемес.

Әлемдік деңгейде кәсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлау керектігінің жаңа бағыты: Қазақстан Республикасының Балон декларациясына қосылуы, яғни республикамыздың 30 жетекші жоғары оқу орындарының бірінғай еуропалық білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған қадамы болғандықтан, оның техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына септігін тигизетініне сенімімізкәміл.

Колледждің педагогикалық мақсаты оқытудың жаңа технологияларын білім беру барысында қолдану арқылы оқытушылардың сабақ өту сапасын арттыру, тәжірибелерін жетілдіру, сонымен қатар, заман талабына сай білікті мамандарды даярлау.
Педагогикалық жаңа технологияны ұтымды пайдалана отырып, жақсы жетістіктерге жету үшін колледжде қолданылатын білім берудің жаңа технологияларына тоқтап өтейін.

1. Білім берудің ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили).

Бұл технологияның мақсаты мен мағынасы: оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, оқушының жаны мен жүрегіне жылылық ұялату,адамгершілік тәрбиеберу;

2. Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов).

Мақсаты: білім, білік, дағдыны қалыптастыру, барлық баланы оқыту, оқытуды жеделдету.

Үнемі қайталау, блокпен оқыту, тірек қолдану, еркімен оқыту, оқыту мен тәрбиелеуді ұштастыру;
3. Ойын арқылы оқыту технологиясы. (Е.И.Пассов)Бұл технологияда ойын арқылы оқушыны қызықтырып, оның бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін ашатүсу;

4.Модульдік оқыту технологиясы. (М.М.Жанпейсова)Оқытудыңтұтастехнологиясынжобалау,алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдістүзу.

 

Оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімде оқытушы оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, карта және т.б. сүйене отырып түсіндіреді.

Негізгі бөлімде оқушылардың оқу материалдарын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады.Үш деңгейлік тапсырмалар беріледі: «жеңілдетілген стандарт», «стандартты», «стандарттан жоғары».

Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Қорытынды бөлімде мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі;

5.Проблемалық (мәселелік)оқытутехнологиясы.Оқу материалындаоқушыны қызықтыратындай мәселе туғызу. Оны шеше отырып оқушылар білімді белсенді қабылдайды.
6.Дамыта оқыту технологиясы.Бұл технологияда оқыта отырып, жекетұлғаны және оныңқабілеттілігін дамыту. Барлық оқушының дамуы жолындағы жұмыстарды қамту.
7. Оза оқыту технологиясы. Барлық оқытушыларды табысты оқыту. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқитындар қарастырылады; бірте бірте толық дербестікке жету, өзара көмек, білім, білік дағдыны дамыта меңгерту;
8.Оқытудың ақпараттықтехнологиясы.Мақсаты:оқушыны ақпараттық қоғамға даярлау.

Электронды оқулықтар, интерактивтітақта,интернетматериалдары.
9.Деңгейлік саралап оқытутехнологиясы.Бұл технологияда әр оқушыны оның қабілеті мен

мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды әртүрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Әр топта үлгерімі орташа, жақсы, үздік оқушылар болады, оларға деңгейлік тапсырмалар қолдану қажет: 1-деңгей – мүмкіндік; 2-деңгей–міндетті;3-деңгей–эвристикалық;4–шығармашылық;
10.Сын тұрғысынан ойлауды дамытутехнологиясы.Бұлтехнологияоқушының қызығушылығыноятады,мағынанытанытып,ой-толғаныскезеңдерінентүзеледі.Сабақкезінде үйренуші,неүйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді, қайта қарап өзгерістер енгізеді;
11. Интерактивті оқыту технологиясы – өздігінен әрекет ете алатын азаматтарды тәрбиелеу, оқушыларды ұйымшылдыққа, басқаның пікірін тыңдауға, бірігіп шешім қабылдауға үйрету.Оқушылар әртүрлі ортада жұмыс істеуге үйренеді. Бұл технология өзара қарым-қатынастыңмолауқымын қамтиды

12. Кәсіби бағдар беру технологиясы. Оқу жұмыс бағдарламасына мамандыққа сай тақырыптар ендіру. Берілген білімнің тәжірибеде қолдану қажеттілігін жеткізу;
Сонымен қатар, кәзіргі заман ағымының тез өзгеруіне сай, болашақ мамандарды өзіндік ізденіс жұмысын атқаруға және өзгеріп жатқан заман талабына бейімдеу мақсатында колледжде 2017-2018 оқу жылынан бастап жалпы гуманитарлық, әлеуметтік – экономикалық және жалпы кәсіптік пәндер бойынша кредиттік-модульдік оқыту технологиясының элементтері, кәсіптік пәндерден мәселелі-бағытталған оқыту технологиясықолданылады.

13.Кредиттік оқыту технологиясы – білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің бір іздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде жүзеге асырылады.

 

Колледждекредиттік-модульдік технологияның келесі элементтері:
•оқытушымен бірге атқарылатын өзіндік жұмыс(ОББӨЖ);

• білім алушылардың өзіндік жұмыстары (БӨЖ) қолданылып, бүгінгі таңда білім алушылар интернет арқылы сабаққа қажетті материалдарды өзіндік дайындап жақсы нәтижелер көрсетуде.
14.Мәселелі-бағытталған оқыту технологиясы – білім алушылардың сабақ барысында белгілі бір проблеманы шешу арқылы ойлау қабілеттерін, мамандықтарына деген қызығушылықтарымен жауапкершіліктерін арттыру мақсатында қолданылады. Мысалы, тақырып бойынша ситуациялық есеп беріліп сабақтың соңына дейін шешу арқырылы тақырып толығымен талқыланады, түрлі әдіс-тәсілдер, мәліметтер қолданылады.
Аталған оқыту технологиялары колледжде кеңінен қолданылып педагогикалық оқылымдар мен семинарларда, жас оқытушылар мектебінде талқыланып тәжірибе таратылуда.
Сонымен, оқыту технологиясы дегеніміз – қойылған мақсатқа тиімді, нәтижелі жолмен қол жеткізуді қамтамасыз етуші жүйе және оқу бағдарламаларындағы білім мазмұнын белгілі бір жоба, модельмен оқуы.

Өз тәжірибемде инновациялық технологиялардан В.Ф.Шаталовтың «Оқу материалдарын тірек және сызба үлгілері арқылы табысты оқыту», Е.И.Пассовтың «Ойын арқылы оқыту» технологияларын жиі қолданамын.

Ойын арқылы оқыту технологиялары мына негізгі бағыттар бойынша іске асырылды:

– Дидактикалық мақсат ойын міндеттерінің формасына қойылады;

– Оқу материалы оның құрамы ретінде пайдаланылады;

– Оқу- танымдық іс -әрекет ойын ережелеріне бағынады;

– Оқу материалы оның құрамы ретінде пайдаланылады;

– Оқу іс-әрекетінде дидактикалық міндет ойынға айналдыратын жарыс элементін енгізу;

– Дидактикалық тапсырмаларды табысты орындату нәтижесі.

Өз тәжірибемдегі білім алушының ойлау қабілетін арттыру үшін қолайлы деп санайтын әдістерім: ойын, сайыс, жарыс, оқушының қиялын, бақылауын қолдану, танымдық ойын және шығармашылықпен орындауға арналған тапсырмалар түрінде беріледі..

Ұстаздық тәжірибемде оқытудың пәрменді әдіс-тәсілдерін қолданудан сабақтың тиімділігі арта түсетініне көз жеткіздім.Кәсіптік білім салаларында маман даярлауда сапалы біліммен қатар, білім алушының өз мамандығына қызығушылығын арттыру, жұмысқа орналастыру, білімді тәжірбиемен ұштастыру өзекті мәселелердің бірі. Мамандарды даярлауда сапалы білім беру ісі мен ғылымды ұштастыру маңызды іс болып табылады.

Инновациялық білім беру -іскерліктің жаңа түрі.Инновациялық қызмет -оқу жұмысын дамытуға, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық жұмыстарын жүргізуге бағытталған.Осыған байланысты кәсіптік білім саласында өзекті мәселелердің бірі жаңа инновациялық технологияларды дамыту болып табылады.

Математика сабағында білім алушылардың білімін тиімді пайдалана отырып, күнделікті сабақты ыңғайына қарай әдіс-тәсілдерімен түрлендіріп өткізілген кезде, олардың сабаққа деген қызығушылығы да арта түседі. Сабақ мазмұнын теориялық, практикалық құндылығы жоғары болған сайын, құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен мұғалімнің дайындығымен жоғары деңгейде өтеді. Пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен білім алушылармен шығармашылық ізденуін қалыптастыру, оларға сұрақ қою, жұмбақ жасыру, шешу, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқу жүйесін тиімділендіру үшін жаңа білімді меңгеру кезінде компьютерлік презентацияны оқу ақпаратының қайнар көзі және көрнекі құрал ретінде қолдануға және жаттықтыру бағдарламаларын қолдану арқылы білім алушылардың зерттеу әрекетінің негізінде өз бетімен білім алуға мүмкіндік беретін зерттеу сабақтарын өткізуге болады. Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істерін бұрынғы тәсілмен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек. Математика пәнін оқытуда ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаты:қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы байланыс.

Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; білім алушылардың орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту. Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан сабақ жүргізу кезінде жаңа оқыту технологиясын пайдалану қажет. Оқу материалының міндетті деңгейін тез меңгертуге қабілетті білім алушылар үшін математика курсының жеке тақырыптары бойынша жаттықтыру және бақылауға арналған бағдарламалар бар. Мұнда білім алушылар компьютермен жеке жұмыс жасап, тапсырманы дұрыс орындағаннан кейін қиындық деңгейі жоғары жаттығуға көшеді. Бұл әрекет білім алушылардың бос отырмай, өз ісімен айналысуына мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың қызығушылықтары артады. Қолданылатын оқу бағдарламасында есептер қиындық деңгейі бойынша құрастырылған, есептер суреттер, графиктер, мысалдармен берілген. Есеп шығару кезінде білім алушы есептің дұрыс шығарылғандығын, қатесін экраннан көре алады. Білім алушының білімін бағалау кезінде жеке тақырыптарға, бөлімгерге арналған тестік сұрақтарын пайдалануға болады. Компьютердің көмегімен тестік бақылау дәстүрлі әдіске қарағанда білім алушылардың білетінін немесе білмейтінін тез анықтауға мүмкіндік береді. Математика сабағында компьютерді пайдаланудың тиімділігі:

– білім алушы уақытын үнемдейді;

– білім алушы өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;

– білім алушының ойлау қабілеті артады.

Оқытушының алдындағы ең басты мақсат-бұл оқушыға сапалы білім мен саналы тәрбие беру. Оқытушылар жұмысының нәтижелі болуын,әрі білімаушының білім сапасын көтеру үшін ұстаздар қауымына жаңа ақпараттық технология құралдарын сабақтарда қолданудың тиімділігіне көз жеткіземіз. Қорыта айтқанда, XXI ғасырда білім алушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, ұстаз алдындағы ортақ міндет – заман ағымына ілесе алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Ұлы педагог Ушинский «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені, шәкіртті тәрбиелеп оқытуда, әр ұстаздың шеберлігімен әдіс-тәсіліне қойылатын көрсеткіші деп білемін.Ал ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң нәтежесін беріп отыр. Білім саласы- күрделі процесс.Үнемі дамуды, жаңаша деңгейді талап етеді. Себебі бүгін білім алған түлек, ертеңгі маман. Теориялық біліммен қаруланған жастардың еңбек майданында еркін көсілуіне қазірден бастап бей- жай қарамайық.

Қорыта келгенде, білім беру бағытындағы инновациялық технологияның маңызы, біріншіден білім беру, оқыту, тәрбиелеу бағыттарын инновациялық технологиямен жетілдіру, екіншіден, пәндердің материалдық базасының байлығы мен үйлесілімділігі, үшіншіден, білім алушылардың өзіндік жұмыстарының орындалу барысын қадағалау және бағалауға үлкен септігін тигізеді.

 

Аннотация
Бұл мақалада  білім беру саласын жетілдіру мақсатында жаңа инновациялық технологияларды оқу үрдісінде жиі  қолдану қажеттігі, математиканы оқыту үрдісінде қазіргі заманауи инновациялық техникаларды қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын,  оқу-ақпараттық, зерттеу-тәжірибелік әрекеттерін дамытуға болатындығы, олардың оқытушыға және оқушыларға  берер қандай көмегі бар екендігі айтылды.

В данной статье рассматривается необходимость частого применения инновационных технологий в цели совершенствования сферы образования, для пробуждения интереса обучающихся  к предмету через применение инновационных, учебно-информационных, исследовательско-практической деятельности, а также раскрыты ответы на вопрос, какую помощь предоставляет развитие данных деятельностей преподавателям и обучающимся.

This article discusses the need of frequent application of innovative technologies in the goal of improving education, to awaken interest in school students are representing the subject matter through the use of innovative, educational information, research and practical activities, and disclosed the answers to the question of what assistance was offered by the development of these activities teachers and students.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. НазарбаевН.Ә. «Қазақстан – 2050» Жолдау.

2. Б.А. Тұрғынбаева. «Дамытаоқытутехнологиялары» // Алматы, 2000 ж.

3. Құдайбергенова К.С. Инновациялықтәжірибеорталығы – педагогикалық технология көзі //Алматы 2001 – 75 б.

4. Жанпейісова М.М. Модульдікоқытутехнологиясыоқушыныдамытуқұралыретінде //Алматы – 2006ж. 4-5 бет.

5. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалыбілім // Қазақстанмектебі № 4. 2008ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *