«Қайран қазағым»


Маратқызы Еркежан
«Семей қаласының Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік медицина колледжі» ШЖҚ КМК 4 «Мейірбике ісі» В тобы тәрбиеленушісі
Жетекші: Жаспанова Гульдиана Кумарбековна

        Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек, Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.

 

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп талай халық ел болам деп ,

Хандық құрды қазақтың даласына.

 

Жоңғарлар қырып-жойып қазақ елін,

Жаулап алды шұрайлы біраз жерін.

Елін қорғап, жан беріп, жан алысты,

Қиян кескі соғыста талай қазақ.

 

Жау қолында күң болып, ару қалды,

Жау соңында күл болып ауыл қалды.

Милионға азайып қазақ саны,

Кеудеде шықпаған құр жаны қалды.

 

Жойылып кетпеу жолын таңдау қалды,

Ұрпаққа «Елім-айлап» арнау қалды.

«Бірлігі бекем қазақ, ел болса» деп,

Абылайдан аманат, арман қалды.

 

Арыстандай алысып жауын құртты,

Ақыры сақтап қалды жер мен жұртты.

Қансыраған қазағым амалсыздан,

Бодан болып Реейге тізе бүкті.

 

Бағынышты боп казак-орыстарға,

Бекіністер салынды қоныстарға.

Хан билеген кешегі қазақ елі,

Бөлінді губерния, болыстарға.

 

Алаштың еркін өскен рухы өліп,

Қамытын бодандықтың киді көніп.

Келісіп Ресей мен көрші Қытай,

Сыртынан қазақ елін бөлді алып.

 

Осылай қазақ екі елде қалды,

Бөлініп ата-қоныс жерде қалды.

Ел қорғаған ерлердің басы жатқан,

Жат қолында құба жон, бел де қалды.

 

Ағайын-туыс қалды ажырасып,

Басқаның қол астында зар жаласып.

Қосыла алмай екі елде қалып қойды,

Кешегі сөз байласқан екі ғашық.

 

Отарлау бір сәткеде басылмады,

Халықтың соры мүлде ашылмады.

Кенесары, Исатай, Махамбеттей,

Еңіреген ерлердің басын алды.

 

Бастан кешіп кемсіту, мазақтарды,

Қайран елім көрді сан азаптарды.

Қазақты көпе көрнеу «Киргиз» атап,

Аты-заты өшуге азақ қалды.

 

Жабайыға жатқызып дүйім жұртты,

Данагөй жақсылардың көзін құртты.

Мал орнына майданға қазақты алу,

Жөнінде ақ патшадан жарлық шықты.

 

Кеудесі ар-намысқа толы кекке,

Бұрқ ерткен ашу ыза айналды өртке.

«Аттандап» атқа қонып ашынған жұрт,

Қылышпен қарсы ұмтылды зеңбірекке.

 

Ал бүгін арманы жүзеге асып бабалардың,

Рухы асқақтады даналардың.

Есімі қайта қауышты ұрпағымен,

Нақақтан шәйіт болған ағалардың.

 

Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі, діні, дәстүрі қазағымның,

Әлемнің өр төрінен орын алды.

 

Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі бейбіт елмен,

Санасатын болды енді дос пен дұшпан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *