Әріпті өрнектер


Кушманова Кунсулу  Абдуллаевна 

Рудный қаласы әкімдігінің “№19 орта мектебі” КММ бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты: а) Өрнек туралы алған білімдерін кеңейту
ә) Оқушылардың өрнек бойынша алған білімдерін пысықтай отырып, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
б) Оқушылардың адамгершілік қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ,
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сурет, кеспе суреттер, кесте, логикалық тапсырмалар, гүлдер суреті, интербелсенді тақта
Сабақта пайдаланатын әдіс – тәсіл: сұрақ – жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, ой қозғау,
Сабақтың жүрісі

І. Ұйымдастыру кезеңі
Ақ сандықты ашайық,
Кітап, дәптер алайық,
Бүгінгі жаңа сабақтан,
«Бестік» баға алайық – деп жаңа сабағымызды бастауға дайынбыз ба?
– Балалар, сендер сәлем түрлерін білесіңдер ме?
– Егер алдымыздан үлкен ата немесе әке, ағаларың шықса қалай амандасар едіңдер? (Ассалаумағалейкум)
– Егер алдарыңнан әжелерің не апа, әпкелерің кездессе қалай амандасар едіңдер? (Салем бердік)
– Егер алдарыңнан досың не қатарлас құрбың кездессе қалай амандасар едіңдер?(Сәлем)
– Ал ұстаздар кездесіп қалса қалай амандасар едіңдер? (Сәлеметсіз бе, апай)
– Олай болса біз бүгінгі осындай әдемі сөздермен бастайық.

Білімді еске түсіру
– Қазір қандай мезгіл?
– Көктем айларын атайықшы?
– Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?
– Ал сендер бәйшешек гүлін тергілерің келеді ме? Олай болса тақтаға қараңдар, Біздің ауылдың тау маңындағы сайларға әдемі гүлдер өсіпті. Міне мына сайға бәйшешек мол өскен екен, теріп аламыз ба?
– Ал бәйшешектің артында тапсырмалар жазылған, соны орындасаңдар гүл сендерге тиісті болады. Ал кәне, бастайық.
– 2 мен 3 – тің қосындысы, – 7 мен 2 – нің айырмасы, – 3 пен а – ның қосындысы,
– 5 пен 4 – тің қосындысы – 10 мен 7 – нің айырмасы
– азайту амалының компоненттерін ата? – қосу амалының компоненттерін ата?
– Жақсы оқушылар, тақтадағы
3 – а әріпті өрнек, 2+3, 5+4 санды өрнек, қосынды, 7 – 2, 10 – 7 санды өрнек, айырма

Топқа бөлу
Оқушылар қолдарыңдағы бәйшешек тапсырмасы бойынша топқа бөлінеміз.
І топқа әріпті өрнектер
ІІ топқа қосындылар
ІІ топқа айырмалар отырады.

Жаңа сабақ
– Біз осы уақытқа дейін бірнеше өрнектермен таныстық, бүгінгі жаңа сабағымыз «Өрнек. 10 – а» тақырыбында болады. Оқулық пен, дәптерді ашып дайындайық.
– Балалар, бәйшешек гүлінен соң біртіндеп басқа да гүлдер шыға бастайды.
– Сендер қандай гүлдерді білесіңдер?
– Олай болса, сабаққа жақсы қатысқан оқушыға гүл түрлерінен беріп отырамын. Алдымен «Өрнек» туралы электронды оқулықтан білгендерімізді кеңейтіп алайық. Енді балалар осы түсінігімізді сабақ барысында пайдаланатын боламыз.

1 тапсырма «Шешімін тап»
Оқулықпен жұмыс №1. Кестені толтыру (ауызша)
Балалар кестені бір бірлеп ауызша толтырып шығады. Орындаған оқушыға жауқазын гүлін беру.

А —— 1 —– 2 —– 3 —– 4 —– 5 —– 6 —– 7 —– 8 —– 9 —– 10
10 – а

2 тапсырма «Көркем жазу» цифрларды әдемі, көркем жазуға үйрету
Көркем жазған оқушыларға қызғалдақ гүлін беремін.

3 тапсырма «Өрнектің мәнін тап»
Балалар өз бетімен орындайды, орындаған оқушыға түймедағы гүлін беріп отырамын.
а мен 1 сандарының қосындысын жаз. а – ның орнына бір таңбалы қандай сандарды қоюға болады? Мәні ең үлкен және ең кіші сандарды жаз.
а+1
0+1=1
9+1=10

4 тапсырма «Мағынасын тану» Бұл тапсырманы орындаған оқушыларға қырмызыгүл гүлін беремін.
Шарты: Қарағай – 6 Қайың – 4 Барлығы -?
Шешуі: 6+4=10 (ағаш) Жауабы: Аулада 10 ағаш өсіп тұр
– Енді дәптерімізде осындай тапсырма бар. Қане оқиық.
Болаттың 7 қояны болды. Ол 2 қоянын досына берді. Болатта неше қоян қалды?
– Есеп шартын толтыру – Шешімін, жауабын жазу

Сергіту сәті
Қазір көктем мезгілі жаңбыр мол жауатын кез, сондықтан
Тәулік бойы тынбайтын, Болайықшы ақ жаңбыр. (Ақырын жауған жаңбыр)
– Астаң-кестең жауатын Өткінші енді біз жаңбыр (Тез тез жауған жаңбыр)
– Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдату)
– Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасау)
– Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды (жарты доға жасау)

Келесі 5 тапсырма Шығармашылық тапсырмалар орындау. Әр топқа екі түрлі тапсырма беріледі,
Үш жұптан құралып әр топ тапсырмаларын орындайды. Дұрыс орындаған оқушыларға раушангүл гүлін беремін.

І жұпқа «Сиқырлы тоғыздық»

ІІ жұпқа «Сандар құрамы»
Топ бойынша сан құрамын анықтау

6 – тапсырма «Ойлан тап»
Дәптердегі өрнектің мәндерін өз бетімен орындау. Дұрыс, қатесіз тапқан оқушыларға лалагүлін беріп отырамын.
6 + 2 =
4 + 2 =
6 – 3 =
7 – 4 =
9 – 3 =
7 + 3 =
5 + 3 =
8 – 2 =
7 – 5 =

– Ал кім көп гүл жинады? Гүлдерін санатып бағалау.
5 – 6 «5»
3 – 4 «4»
1 – 2 «3»
– Қандай гүл түрлері бар екен?
– Бәйшешек қандай? Жауқазын қандай? Раушангүл қандай?
– Қырмызыгүл несімен өзгеше? Ал лалагүл ше?
– Осы гүлдеріңнің ішінен өздеріңе ұнаған гүлді мана суретке ілейік. Сонда мына суретіміз көктемгі даладан аумай қалады.

Рефлексия
– Сонымен оқушылар өрнектің мәнін табу үшін нені жақсы білуіміз керек екен?
– Ал біздің сыныптағы барлық балалар кестені біледі ма?
– Сендердің жақсы білетіндеріңді мен бүгінгі сабақтан байқадым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *