Мерейлі мақсатым Отансүйгіштікке тәрбиелеу


Ертас Айзат Бигелдіқызы

Қостанай ауданы, Затобол кенті әкімдігінің “Гүлдер”  Бөбекжай  бақшасы” коммуналдық  мемлекеттік қазыналық  кәсіпорыны тәрбиешісі

Бала тәрбиесіне халқымыз аса зор көңіл бөлген.Болашақта өзіне сенімді әрі білімді де тәрбиелі азамат қалыптасуы үшін балаларды кішкене күнінен тек жақсылыққа тәрбиелеп,отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулуымыз керек.Қазіргі таңда балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесі көкейтесті мәселелерінің болып тұрғаны баршамызға мәлім.сонымен қатар осы мәселе әлеуметтік оңалту үдерісінде,тұлғаның әлеуметтік ортада өз орнын табу жәнеөмір жолын таңдауда жаңа сипатқа ие болып,өзінің шешу  жолдарын табу үшін жаңа әдістерді таңдауға тура әкеледі.Тұлғаның адамгершілік қасиеттері мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды.Осыған байланысты қазіргі білім беру мекемеде жұмыс істейтін мамандар балаларды тәрбиелеуде азаматтық сезімге,өз Отанын мақтан тұту сезімін қалыптастыру міндеттері қойылады.Аталмыш міндеттерді шешу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларда азаматтық-отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тиімді педагогикалық жүйені құру мақсатын қою қажет.Бірақ балаларды азаматтық-отансүйгіштік тәрбиелеу бойынша жұмыстарды тиімді ұйымдастыруда кедергі жасайтын бірқатар проблемалар орын алып жатыр,олардың «Отанды сүю отбасынан басталады» отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор.

Баланың өзінің тіліне, діңіне,ұлтына деген сүйіспеншілік әкенің көзқарасымен,анасының сүтімен беріледі.Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген  ән тыңдаса,тілі шыққаннан мақал-мәтелдер естіп өссе баланың патриоттық сезімі оянбағанда қайтеді.Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады.Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм » ұғымдары өмір сүріп заманның наным-сенімінен туындайды.Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық-патриотизм болып табылады.  «Қазақстандық-патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып ,еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін білдіреді.«Отансыз адам болмас,ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегіннен айтыла салмаған.Өйткені,Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жерінен,өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады.Отансүйгіштік пен патриотизмдар бір-бірімен егіз ұғымдар.Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды.Сондықтан қай заман,қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.Өркениет жолында алға ұмтылған  ұлт,ең алдымен ,келешек ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс.Ұлттың ғана емес,әр жанұяның бүгіні де,болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана- қабілетінде,түсінік-талғамында,мінез-құлқында өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.Қазіргі таңда қоғамды қайта қалыптастыру кезеңінде халқымыздың ең үздік рухани дәстүрлеріне бет бұру қажеттілігі орын алып отыр.Олардың қатарына туыстық,Отан мәңгілік түбегелі ұғымдар жатады.Мектепке дейінгі жастан бастап балалардың жоғары рухани және моралдық-психологиялық қасиеттерін тәрбиелеу керек,олардың ішінде отансүйгіштік ерекше орын алады.Отансүйгіштік ұғымы жан-жақты.Мұнда басым орынды Отанға деген сүйіспеншілік алады. «Отан»ұғымына өмір сүру жағдайы кіреді,атап кеткенде аумақ,климат,табиғат,қоғамдық өмірдің ұйымдастырылуы,тіл және тұрмыс ерекшеліктері деген ұғымдардан құралады.Патриот болу-өзін Отанның ажырамас бөлігі ретінде сезіну.Осы күрделі сезім балалаық шақта қоршаған орта әлеміне деген құндылығын бағалау негіздерін қалау арқылы қалыптасады.Бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде өлкетану негіздерін қолдануға болады. Балалар арасында «Менің көшем», «Менің қалам» атты көркем сурет көрмесін  ұйымдастыруға болады. Осында жіберілетін бір қателік балалардың жұмыстарын іріктеуге болмайды, себебі баланың суреті оның ішкі сезімін білдіреді Сонымен, қорытындылай келе, Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі, не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі коғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. «Патриотизм, — дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, — Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік кауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз — мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі куні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешеғіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті Отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір педагогтің міндеті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *