Флеш – тренинг «Төрт шырақ»

Токей Ардагул
педагог дополнительного образования КГУ «Детский дом «Үміт»  г.Экибастуза 

Цели и задачи: Образовательные: совершенствовать знания, умения и навыки, полученные ранее, актуализировать грам. навыки формировать навыки аудирования, развивать умения задавать вопросы и отвечать на них; развивать умения выразить согласие, несогласие; развивать умения спонтанного говорения  на казахском языке

Развивающие: создать благоприятные условия для развития памяти, внимания, мышления, воображения, формировать познавательного интереса к учению; развивать нравственные качества

воспитательные:  формирование у детей такие качества как спокойствие, верность, надежда и любовь, , овладение новых слов

вызывать интерес к изучаемому языку,  воспитывать уважение к партнёру; формировать уважительное отношение друг к другу.

 

Сабақ барысы:

Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме құрметті әріптестер , қымбатты балалар. Мен сіздерге бүгінгі күндеріңіздің сәтті өтуін тілеймін және де уақыттарыңызды бөліп менің сабағыма қатысып отырғандарыңыз үшін рақмет айтамын.

Кіріспе:Бүгінгі сабағымызды алдымызда тұрған мынау шырақтарды жағумен бастаймыз.Бірінші шырақ – сабырлық шырағы, екінші шырақ – сенім шырағы, үшінші шырақ – махаббат шырағы, төртінші шырақ – үміт шырағы деп аталады. Адамдарда осы қасиеттер сабырлық, сенімділік, махаббат, үміт  болған жағдайда – ол өмірде кездесетін кез –келген қиындықты жеңе алады екен.

Ребята я зажгу эти четыре свечи, которые называются спокойствие, вера, любовь и надежда. Говорят когда человек имеет такие качества как спокойствие, вера , любовь и надежда он может побеждать любые  трудности, которые встречаются в его  в жизни. Теперь посмотрим притчу о четырех свечах. Ал, ендеше , балалар жақсылап жайғасып отырып, экранға назар аударыңыздар.Бейнесюжетті көру

1-Тапсырма: Бейне ролик бойынша сұрақтар

–         Ребята , о чем был разговор?

–         Почему погасла  первая свеча?

–         Как вы понимаете слова спокойствие,  скажите , у вас в группе у кого спокойный характер?

–         Всегда ли мы сохраняем спокойствие?

–         А вторая свеча почему погасла? Кто загасил свечу?

–         Как вы понимаете слова вера , верность?

–         Вы верите в себя?

–          Вспомните, как называется  третья свеча?

–         Как вы думаете почему люди обижают друг друга ?

–         Почему четвертая свеча не погасла?

–         Как вы думаете почему наш детский дом называется «Үміт»

Теперь ребята с помощью опорных слов мы переведем эту красивую  притчу на казахский язык.

2- тапсырма:  Тірек сөздермен танысу  (Знакомство с опорными словами)

Свечи- май шам, шырақ

Спокойствие –сабырлық

Таять –еру

Слышалось – естілу

Разговоривать – әңгімелесу

Вера –сенім

Уметь –білу

Сохранять –сақтау

Погаснуть- сөніп қалу

Огонек – от

К сожалению – өкінішке орай

Никому – ешкімге

Нужно- қажет

Смысл- мазмұн

Легкий ветерок –  самал жел

Загасить –сөндіру

Нет сил –күшім жоқ

Ценить – бағалау

Не понимать – түсінбеу

Ненавидеть – жек көру

Потухшие – сөнген

Работа с новыми словами: Чтение вслух, (несколько раз)

Групповая работа: выделить опорные слова на 4 части и каждая группа выучить по 4 слов. (проверяют друг –друга )

Задание: Составить словосочетание со словами:  сабырлық, сенім,  махаббат үміт (сохранять спокойствие- сабырлық сақтау, быть уверенным – сенімді болу, ценить любовь – махаббаты бағалау,  не прерывать надежду – үміт үзбеу. Теперь попровуем составить не большие предложения:

Словарный диктант: спокойствие, надежда, любовь , вера, ценить,

к сожеланию, легкий ветерок, огонек, разговаривать,нужно, смысл, нет  сил.

3- тапсырма: Работа с видеороликом – синхронный перевод на казахский язык (Бейне сюжетпен жұмыс: көру, оқу ( ролик бойынша синхрондық аударма жасау)

Сабырлық – шырағы

1)Төрт шырақ жаймен жанып, жанып әңгіме үстінде  сөне бастады.

2) Айнала тыныш болғаны соншама,  олардың әңгімесі естіліп тұрды.

3)Біріншісі, мен сабырмын

4) Өкінішке орай, адамдар мені сақтай алмайды.

5) Маған сөнгеннен басқа амал жоқ- деп ойлаймын

6) Бұл шырақтың оты  сөніп қалды.

Сенім – шырағы

1)Екіншісі, мен сеніммін деді

2) Өкінішке орай, мен ешкімге керек емеспін.Адамдар мен туралы естігісі де келмейді.

3) Сондықтан маған жанудың қажеті жоқ.

4) Солай деп жатқанда самал жел соғып шырақты сөндіріп тастады.

Махаббат – шырағы

1)Өте көңілсіз үшінші шырақ былай деді.

2) Мен –махаббатпын

3)Әрі қарай жануға әлім жоқ.

4) Адамдар мені бағаламайды әрі түсінбейді.

5) Олар жақсы көретін жақын адамдарын жек көреді.

6) Бұл шырақ та сөніп қалды.

Бала

1) Кенет бөлмеге бала кіріп, үш сөнген шырақты көрді.

2) Қорқып кеткен ол: Сендер не істеп жатырсыңдар? Мен қараңғыдан қорқамын, сендер жануларың керек – деп айқайлады.

3) Осылай деген ол жылап жіберді.

Үміт –шырағы

1)Абыржып қалған төртінші шырақ былай деді.

2) Қорықпа, жылама.Мен жанып жатқанда, қалған үш шырақты да жағуға болады. Мен – Үмітпін.

4- тапсырма: Орысша  берілген сөздерді қазақ тіліне аударып жазып, сөйлемді толықтырыңдар.

Я – спокойствие. К сожеланию  адамдар  мені  сақтай алмайды.

Я –вера. Өкінішке орай я никому не нужна.

Я –любовь. Адамдар мені не ценят и не понимают.

Я –надежда.Мен жанып жатқанда, можно зажечь другие три свечи.

 

Игра: Назови одним словом(сөздердің  мінездемесін қазақша оқу)

Өкінішке орай, адамдар мені сақтай алмайды. Маған сөнгеннен басқа амал жоқ. (сабырлық)

Өкінішке орай, мен ешкімге керек емеспін.Адамдар мен туралы естігісі де келмейді. Сондықтан маған жанудың қажеті жоқ.(сенім)

Әрі қарай жануға әлім жоқ.Адамдар мені бағаламайды әрі түсінбейді.

Олар жақсы көретін жақын адамдарын жек көреді.(махаббат)

Мен жанып жатқанда, қалған үш шырақты да жағуға болады.(Үміт)

5-тапсырма:Ребята теперь скажите какие пословицы и поговорки знаете о спокойствие, о вере, об любви и надежде (на русском и на казахском языках)

Сабыр туралы

Сабыр түбі – сары алтын.

Сабырсыз доспен жауға барма.

Сабыр — ақыл серігі .

Сабырлы адам сақтанып сөйлер,

Сабырсыз адам мақтанып сөйлер.

Сабырлы  жетер мұратқа,

Сабырсыз қалар ұятқа.

Сенім туралы

Сенімді болсаң – мақсатқа жетесің.

Күдікті секіреді – сенімді кекіреді.

Сенім – алға жетелейді.

Сенім – асыл қасиет

Махаббат туралы

Адамшылықтың алды – махаббат

Махаббат – өмір көркі

Маххабатсыз дүние бос

Махаббат  көнермейді.

Үміт туралы

Үміт үзілмейді

Талапсыз үміт – бос үміт

Үміттің өз дәулеті өзінде

Үміт өрге тартады.

Үміт үзу – дәрменсіздік

Игра: Өз орыныңды  тап (найди свое место) сәйкес тақырып бойынша қатарға тұру.(қоржыннан сарқыт үлестіру  мақалдар)

Сарқыт: Сарқыт –  это традиция  взять  сладости с праздничного дастархана как гостинцы для детей и внуков.

6 – тапсырма:Бейне роликті қазақша дыбыстау,рөлмен оқу.(автор, сабырлық, сенім, махаббат, үміт, бала.)

 

Төрт шырақ туралы аңыз

Автор: Төрт шырақ жаймен жанып, жанып әңгіме үстінде  сөне бастады.Айнала тыныш болғаны соншама,  олардың әңгімесі естіліп тұрды.Біріншісі былай деді:

1)Сабырлық: Мен сабырмын. Өкінішке орай, адамдар мені сақтай алмайды.

Маған сөнгеннен басқа амал жоқ- деп ойлаймын.

Автор: Бұл шырақтың оты  сөніп қалды. Екіншісі былай деді.

2)Сенім: Мен сеніммін. Өкінішке орай, мен ешкімге керек емеспін.Адамдар мен туралы естігісі де келмейді.Сондықтан маған жанудың қажеті жоқ.

Автор: Солай деп жатқанда самал жел соғып шырақты сөндіріп тастады. Өте көңілсіз үшінші шырақ былай деді.

3)Махаббат: Мен –махаббатпын. Әрі қарай жануға әлім жоқ.Адамдар мені бағаламайды әрі түсінбейді. Олар жақсы көретін жақын адамдарын жек көреді.

Автор: Бұл шырақ та сөніп қалды. Кенет бөлмеге бала кіріп, үш сөнген шырақты көріп, қорқып кетті.

4)Бала: Сендер не істеп жатырсыңдар? Мен қараңғыдан қорқамын, сендер жануларың керек.

Автор: Абыржып қалған төртінші шырақ былай деді.

5)Үміт: ) Қорықпа, жылама.Мен жанып жатқанда, қалған үш шырақты да жағуға болады. Мен – Үмітпін.

Домашняя задания: выучить слава по ролям.

Рефлексия: Сказать друг –другу теплые слова, пожелания.Начинайте  свой речь со слов:  Мен саған  …   тілеймін. Дөңгелене тұрып бір –біріне жылы тілектер айту.Мен саған … деп бастаймыз.

Ал мен сендерге құрметті балалар «Үміттерің ешқашан үзілмесін!» – деген тілек айтамын. Сіздерге көп рақмет, Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.