Жаңа ақпараттық технологиялардың жаңа заман талабына сай қолданылуы


 Ботабекова Асия Ердебековна
 Кентау көпсалалы колледжі, ОҚО, Кентау қаласы информатика пәнінің оқытушысы

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың бірі – бірімен ақпарат алмаса отырып, өзара жақындық қалыптастыру, қарым-қатынастың құнды ақпараттармен олардың білімдерін шыңдау. Жаңа ақпараттық технологиялардың жастарымыз үшін маңызы зор екенін көрсету.

Сабақтың міндеттері: 1) Жастарымыздың білімін шыңдау;

2) Қазіргі заман талабына сай жастарымызды тәрбиелеу.

3) Ақпараттық құралдармен жұмыс жасауға дағдыландыру,

4) Оқушыларды өздігінен ізденуге үйрету.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, баяндамалар оқу, видеороликтер көрсету, жағдаяттарды талқылау.

Қажетті құрал –жабдықтар: интерактивті тақта, тақырып жазылған плакат, көрме.

Сабақтың бағдарламасы

XXI  ғасырда білім мен ғылымның жаңа белесі басталды. Ұлттық білім деңгейін , әлемдік білім кеңістігіне енгізу арқылы өркениетті жеткізетін жол білім мен ғылым жолы екендігі жұртшылыққа мәлім. Демек, білім беру мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Елбасымыздың Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай:  « Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін –білім ». Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Бүгінгі : « Жаңа ақпараттық технологиялардың  жаңа заман талабына сай  қолданылуы» атты семинардың басты мақсаты – жас мамандарды даярлаудағы құнды пікірлер, білімгерлердің ойлау қабілетін , танымдық белсенділігін арттыруға, зерттеушілік, шығармашылық танымын қалыптастыратын еліміздің жарқын болашағына нық қадаммен басатын жастарымызды заман ағымына сай  , көшпен ілгері жылжи отырып, білімді ұрпақты  ,  сауатты жастарды тәрбиелеу.

Келесі кезекті баяндамаларға береміз.

1.     Баяндама : Қазіргі заман технологиясының дамуы, электр энергиясының қосқан үлесі»

Баяндамашы: ЭС-14-1 оқу тобының 3 курс студенті  Арынов Жасұлан

 

2.     Баяндама :  Теледидар мен интернет желісіндегі ақпараттардың айырмашылығы

Баяндамашылар : ГС-16-1 оқу тобының студенті Юлдашева Асел, Ақжолова Маржан

 

3.     Баяндама : Энергияның жаңа көзі. Күн энергиясын пайдалану.

Баяндамашы: ЭС-14-1 оқу тобының студенті Әзімхан Болысбек

4.     Баяндама: УЗИ (ультразвуковое исследование)

Баяндамашы: Е-201у-1 оқу тобының студенті  Д.Пастен

 

5.     Баяндама: Новые технологии в медицине

 

Баяндамашы: Е-201у-1 оқу тобының студенті  А.Сейіт

 

6.     Баяндама: XXI  ғасыр –ақпараттандыру ғасыры

 

Баяндамашы: ТС-15-1 оқу тобының студенті Жұпарбаева Аруна

 

7.     Баяндама: Электронды соңғы үлгідегі  тұрмыстық заттарды пайдалану

 

Баяндамашы: ТС-15-1 оқу тобының студенті Ратбай Жанель

 

8.     Баяндама : Қазіргі жастардың күнделікті қолданыста қолданатын құралдарының жұмыс істеу принциптері

 

Баяндамашы: АТ-16-1 оқу тобының студенті  Мамбаев Еркебұлан,                                                            АТ-16-1  Пазилов Хусан

 

9.     Баяндама : Ақпараттық техгологиялар туралы қызықты мәліметтер

 

Баяндамашы : ТС -15-1 оқу тобының студенті Абылай М.

 

10.                         Баяндама : Әлеуметтік желілер

 

Баяндамашы : АТ-16-1 оқу тобының студенті  Ж.Оралов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *