«Ақ қоян»


Шынар Бейсеновна Аблешова
«Ақсу қаласының №2 бөбектер бақшасы» МКҚК тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға қоян туралы түсіндіру. Орман жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

Көрнекілік: Қоян сурет, ертегілер

Әдіс –тәсіл: Әңгімелеу, сұрақ-жауап ойындар,

 

Оқу іс –әрекет барысы.

Тілек шеңбері:

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Алдыменен бәріміз,                                                                                                                                              Амандасып алайық.

Ыстық алақаныммен,

Қолынды бер қысайын,

Амандасып өзіңмен,

Құшақтасып алайын.

 

– Сәлем!Сәлем! Сәлем!Ал енді бәріміз тілектер айтайық.

Деніміз сау болсын.

Ақылды болайық!

Дос ,тату болайық!

Тосын сәт:

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бүгін қызықты ертегі айтып берейін-деп кітап сөресінен қарап жатқанда қызықты мына бір қоржын тауып алдым.

-«Күлкі қоржын» түртіп қалғанда әсем күлкі шығып,балалар бірге күліп мәз болады.

-Ал енді балалар орман жануры туралы таныстырам. Ал сендер маған айтындаршы:

– Сәбізді мықты жақсы көреді? Ол не?

– Өзі мықты қорқақ. Түсі ақ, қоңыр болады.

-Құлағы ұзын…

-Дұрыс тамаша , ол қоян. Ол орманда мекендейді.

Түсіндіру , әңгімелеу.

Балалар мына жерде неше қоян және сәбіз бар?

Кім табады?

-Сергіту сәті:

Ұзын құлақ, сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы –қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қыйығын сап көзінің

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің.

Суретпен жұмыс: Не бейнеленгенін айту, қысқаша әңгімелеу, сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Балалардын сөздік қорын молайту.

Д/О: «Кім тапқыр?» Суретте не бейнеленгенін атау, ол қандай жануар, олар қалай қозғалатынын айту.

Балалардың сөдік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойынға  қызығушылықтарын ояту.

Құс ұшады, жылан жорғалайды, ат шабады, бақа секіреді, балық жүзеді.

Тіл үйрету жаттығулар:

Зе-зе-зе, зе-зе-зе,

Бұл шыны терезе.

За-за-за, за-за-за,

Үйдің іші тап-таза.

Зу-зу-зу,зу-зу-зу,

Күрекпен жер қазу.

Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау, бағалау,  мадақтау.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *