«Сиқырлы құм»


Исаханова Жадыра Тұрашқызы
«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларды демалдыру, қолдарының ұсақ моторикасының дамыту.

Технологиялық қамтамасыз ету: Түсіндірме жұмыс жасау, ойын, кинетикалық құм.

Барысы: Сәлеметсіңдер ме,балалар! Бүгінгі біздің жұмысымыз ерекше болмақ.Сендер күнделікті орталықта құм,сумен жұмыс жасап жүрсіңдер.

Ол құм бізге таныс-кәдімгі құм.

Бүгінгі жұмыс жасайтын құмымыз мүлдем басқаша. Қазір мен сендерге көрсетемін.

-Бұл құм балалар, қолыңа ұстасаң  жұқпайды және саусақтардың  арасынан

су секілді ағып кетеді, жан-жаққа шашырамайды.

–         Бұл-сиқырлы құм. Бұл құм әр түрлі  түсте болады. Сол себепті бүгінгі жұмысымыздың  тақырыбы «Сиқырлы құм», -деп аталады. Ендігі жұмыс жасап көрейік. Құмдар  әр түрлі болғандықтан  сендер қалаған, ойлаған нәрселерді  жасай аласыңдар. Ортадағы үстел үстінде түрлі- түсті гүлдер мен түрлі-түсті құмдар бар, қазір сендер өз қалауларың бойынша  қалаған  гүлдердер мен заттарыңды   алып жұмыс жасайсыңдар.

Жұмысымызды  бастамас  бұрын  біз «Жаңбыр» ойынын ойнаймыз.

–         Балалар, біз  серуенге  шықтық, ауа-райы керемет, осы керемет ауа-райын сезінгенімізді  білдіру үшін  қолымызды жоғары көтеріп, бір-бірімізге   қарап күлімдейік, күн шығып тұр, біздің  көңіл-күйіміз  тамаша  (Балалар жұдырықтарын түйіп, қолдарын кеуде   тұсына қояды, түрлерін суық қылады), жел соқты(алақанды  алақанға жылдам уқалау), жаңбыр сіркіреді (саусақтарды сыртылдату), жаңбыр жауды «шапалақтау» жаңбыр қатты жауды «алақанмен тізені қаттырақ соғу».

–         Жарайсыңдар, енді жұмысымызға кірісейік. Барлығымыз  алдымыздағы  тұрған ыдыстарға қалаған  құмымызды саламыз.

(Жәй әуен қосылады, балалар жұмыс жасайды).

Әр баладан қандай  құм  таңдап алғанын, не үшін, не жасамақ ойы бар екенін сұрау.  Балалар  жауап береді.

-Жарайсыңдар, балалар, сендер керемет жұмыс жасадыңдар.

– Сиқырлы  құммен  жұмыс жасау  сендерге ұнады ма?

Осымен біздің бүгінгі жұмысымызды аяқтаймыз.

–         Балалар,  рахмет сендерге!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *