“Еспембет” дастаны мақал-мәтелдер


Сарбаева Гульбаршин Абукызы

Қазтұтынуодағы  Қостанай  жоғары  экономикалық  колледжінің  қазақ тілі және әдебиет пәнінің  оқытушысы 

♦ Сабақтың мақсаты:

 

Дамытушылық: Алған білімдерін жадында сақтау, ойлау

қабілетін дамыту, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.

Тәрбиелік: Туған жерінің елжанды азаматы болуға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

♦ Сабақ түрі: Аралас сабақ

♦ Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау.

♦ Сабақтың көрнекілігі: презентациялық слайдтар, бүктеме

 

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу

2. Дайындығын қадағалау

3. Назарын сабаққа аудару

 

ІІ. Өткен сабақ материалын қайталау

Үй тапсырмасы:

Дулат Бабатайұлының өмірбаяны, шығармашылығы. «Қазаққа» өлеңі.

Қайталау сұрақтары:

1. Дулат ақын қай ғасырда өмір сүрген?

2. Ол кезеңдегі тарихи жағдай туралы не айта аламыз?

3. Дулат Бабатайұлы қай өңірден шыққан?

4. Семей жерінен шыққан әдебиет өкілдері кімдер?

5. Айтыскер, әншілерден кімдерді білеміз?

6. Дулат Бабатайұлы несімен ерекшеленеді?

7. Қандай шығармаларын білеміз?

 

ІІІ. Жаңа сабақ

«Еспенбет» дастаны

Бүгінгі жаңа сабағымыз, оқушылар, Дулат Бабатайұлының батырлық дастаны – «Еспенбет».

Дастан деген ұғымды қалай түсінеміз?

Дастан – (парсы сөзі – тарихи әңгіме, батырлар жыры)

Ертегі сюжеттерінің, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген түрі.

Бұл дастанның басты тақырыбы – ерлік, туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың жан қияр ерлігі мен көзсіз батырлығы.

Батыр дегеніміз кім?

Қандай батырларды білеміз?

Бұл батырлардың осы күнге дейін ел есінде қалып, әдебиет әлемінде жүру себебі: әр батырдың өз ерлігі, қайталанбас тарихының болуы.

Ал, оқушылар, Еспенбет батыр жайында естігендерің бар ма?

Ендеше, мен бүгін сіздерді Еспембет батырмен, оның ерлігімен таныстырайын. Тыңдайық.

Ертеде Сыбан руынан шыққан Жарасқұл деген қарттың Еспенбет атты немересі болады. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке – шешеден бірдей жетім қалып, уақ руынан шыққан Ер Қосай атты батыр нағашысының қолында ер жетеді. Қосай жиенді бөтен санамайтын салт бойынша Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен, оған жетімдік тауқыметін көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде қалыңдық әперіп, басына үй тұрғысып, алдына мал бермек ойда жүреді. Күндердің бір күнінде қатарластарынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті тумысы бөлек Ақбөрте атты құлын ерлік арманға жетелейді. Бар арман мақсаты – тұлпар мініп, қару асынып, атасы салған ізбен жүріп, өзі туған Сыбан еліне оралу болатын. Ендігі ойы «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» деген халық даналығын еске алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келіп жүреді. Ер Қосай атасы оның бұл күйін байқап, өзіне шақырып қалауын сұрайды. Атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Еспенбеттің қалауын орындап, атасы оны батасын беріп еліне қайтарады. Еліне оралған соң, қалың Сыбан елі «нағашысы Еспенбетті жалғыз таймен қайтарғаны несі?» деп, Қосай батырды сынға алады. Бірақ Еспенбет мұның ешбірін құлағына ілмейді. Арада уақыт өтіп, Еспенбет 17 жасқа келеді. Ақбөрте тай бесті болады. Еспенбет Бөртесін баптап, Сәтімқұл деген бидің асында бәйгеге қосады. Тұлпары Еспенбеттің үмітін ақтап, жүз бас тайлақ тігілген бәйгеден бірінші болып келеді. Сонда Еспенбет сыбанның қолбасы Ақтамберді батырды шақырып, олжаны ортаға салып, бөліп береді. Енді сыбан елінің Қабанбай бастаған батырлары атадан қалған кекті қайтару үшін қалмаққа шабуылға шығады. Осы шайқаста қалмақтың бір батыры жекпе – жекте қазақтың жеті батырын бірдей ойсырата қырып салғанда, шыдап тұра алмаған Еспенбет, Ақтамбердіден рұқсат сұрап барады. Кезегіңді маған бер, жас санама, бас сана, қайратымды көр деп, Ақтамберді батырдың батасын алып, жауды жеңеді. Қас майданда қалмақтар жеңіліс тауып, батырлар елге үлкен олжамен оралады. Міне Еспенбет батыр елге осылай танылған екен.

 

ІІІ. Жаңа сабақты пысықтау

 

Ал, оқушылар, тыңдап алдық, дастанның мазмұнын түсіндік пе?

Ендеше, мен сендерге сұрақ қояйын.

Ең алдымен,

1. Мен сендерге кім туралы айтып өттім?

2. Еспенбет батыр қайда, кімнің қолында ер жетеді?

3. Нағашы дегеніміз кім?

4. Еспенбеттің алғашқы ерлігі қайсы?

5. Үлкен ерлігі қайсы деп ойлайсыңдар?

6. Ал, нағыз батырлығы деп қай әрекетін айтуымызға болады?

 

Ал енді, оқушылар «Еспенбет» батыр есіміне қарай мінездеме беріп, талдайық.

Е – ерлік

С – сенімді

П – парасатты

Е – ел үшін күреске дайын

Н – намысқой

Б – батыл, батыр

Е – еркін

Т – тәрбиелі

 

Дастан сендерге ұнады ма?

Несімен ұнады?

Тапсырмамен жұмыс.

Дастаннан қазақ халқының салт – дәстүрлерін тауып, оқу. Салт – дәстүр туралы шағын пікірталас жүргізу.

 

Олай болса, бүгінгі сабағымызды батырлық, отансүйгіштік, елжандылық жайындағы мақал – мәтелдермен қорытындылайық.

Батыр майданда шынығады,

Болат қайнауда шынығады.

Ерді намыс өлтіреді.

Батыр туса ел ырысы

Жаңбыр жауса, жер ырысы.

Отан үшін отқа түс, күймейсің,

Арың үшін алыссаң, өлмейсің т. с. с

 

ІҮ. Қорытынды

Оқушыларды бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *