Шуақты көктем


Абайтова Динара Сайляубаевна

Рудный қаласы әкімдігінің  “№19 орта мектебі” КММ  толық күнді шағын орталық тәрбиешісі  

Өлкемізге көктем мезгілі келді. Ағаштар гүлдей бастады. Құстар жылы жақтардан оралып, шықылықтап ән салады. Гүлдер де ашылды. Дала толы бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ата-әжелерімізбен тауға барып, қыр гүлін терген қандай тамаша!

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Наурыз айында мерекелер өте көп. Бұл айда 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні, 22 наурызда болатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы сынды мейрамдар бар. Біз аналар күні аналарымызға, әжелерімізге, ұстаздарымызға, жеңгелеріміз бен әпке-қарындастарымызға түрлі сыйлықтар сыйлаймыз. Ал Наурыз мейрамында , үйіміз бен қоршаған ортамызды тазалап, көшет отырғызып, бұлақ көзін ашып, ұлттық дәстүрлерімізді жандандырып, көппен бірге той тойлаймыз. Бұл күні адамдар бір-бірімен жүздесіп, өкпелескендер реніштерін тарқатып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, наурыз көже жасалады. Наурыз – менің ең сүйікті мейрамым. Думандатқан халық ұлттық киімдерімізді киіп, түрлі ұлттық ойындар ойналып, дастархан ұлттық тағамдарға толғанда, көңіліміз бір жасап қалады. Ата-апаларымыздан құнды салт-дәстүрлерімізді үйреніп, бойымызға сіңіреміз.

Бұл күні дайындалатын наурыз көженің дәмі қандай десеңізші, шіркін?! Жеті түрлі тағамдық өнімен жасалған астың дәмі тіл үйіреді. Құрт, қатық қатқан көженің денсаулық үшін пайдасы да зор. Наурыз мейрамында “тоғыз құмалақ” ұлттық ойынымызды ойнап үйрендім. Қалада тұрғандықтан, асық ойнап көремеген едім. Ұйымдастырылған ұлттық ойындардың арқасында асық ойнауды да үйреніп, қызығушылығым артты. Наурыз – мен үшін ең тамаша мейрам, жыл басы.Мамыр айы келгенде 1 мамыр – бірлік күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – жеңіс күні тойланады. 9 мамыр – үлкен мереке. Бұл күні Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткенбіз. Қаншама адамдардың қанын төгіп, тағдырын қиған зұлмат соғыс аяқталып, адамдардың еңсесі тіктелеген күнді біз ерекше құрметтеп, соғыс ардагерлеріне барып, аман-саулық сұрасып, оларға көмектесуге тырысамыз. Мен үшін көктем мезгілі – өте тамаша әрі сүйікті жыл мезгілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *