«Сүт және сүттен жасалатын тағамдар»


 Магазова Гульжанат Нурмуханбетовна
 учитель технологии ОСШИ №22

Сабақтың мақсаты: сүт және сүт тағамдарының құнарлылығы мен дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру, сиыр сүтінен дайындалатын тағамдарды ұлттық негізде жасап үйрену.

Сабақтың эпиграфы:

«Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер».

Сабақтың түрі:саяхат сабақ, дамыта оқыту. Әдісі:  топпен жұмыс, түсіндіру

Әңгімелесу,практикалық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: төрт түлік мал туралы буклет, осы төрт түлік малдың  сүтінен даярланған тағам түрлері, сабақтың эпиграфы,  мақал-мәтелдер

Пәнаралық байланыс: тарих, биология, әдебиет.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгендеу.

2.Сабаққа дайындықтарын тексеру.

3.Электрлі жүйемен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру.

ІІ Өткен сабаққа шолу,пысықтау:

1) Тағамдар құндылығына қарай қандай топтарға бөлінеді?

2) Макарон өнімдерін пісірудің қандай жолдары бар?

3) Ботқа даярлаудың қандай ережесін білесің?

ІІІ  Жаңа сабақ,  кіріспе

Сүт – дәрумендердің көзі. Сүт тағамдары арқылы адам ағзасы      А,В,С,Д тобындағы дәрумендермен қанағаттанады. Халқымыздың ең қажетті де пайдалы тағамы әрі сусыны төрт түлік малдан өндірілетін сүт болып табылады. Жылқының қымызы, түйенің шұбаты, қой, ешкі мен сиырдың айраны, құрты тамақ пен сусын болумен қатар әрі қайсысының денсаулыққа пайда келтіретін дәрілік қасиеті болған. Оқушылардын білетіндерін айтқызу.

-Ал,балалар, «Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» демекші, енді біз «Жайлауға» саяхат жасайық:

– Жылқы сүтінен не дайындалады?

– Оның адам ағзасына қандай пайдасы бар?

– «Шұбат» деген не, ол қандай жолмен дайындалады?

– Қой мен ешкі сүтінің емдік қасиеттері, одан жасалатын тағам түрлерін білесің бе?

– Сиыр сүтінен қандай тағам түрлері әзірленеді?

– Ірімшік даярлаудың қандай түрлерін білесің?

– Ақ ірімшік пен қызыл ірімшіктің қандай айырмашылығы бар?

– Сары май өндіру жолдары қандай?

– Қатық қалай жасалады, ал құрт ше?

– Шалап сусынын әзірлеуді білесің бе?

– Кілегей мен қаймақтың айырмашылығы қандай?

Қаны аз, денсаулығы нашар, өкпесі ауырған адамдарға бие саумалы мен қымызы мың да бір ем. Қымызды күздегі тұнбасын сүзіп алып ,дәкеге орап қорыттық сақтаған. Көктемге құлын қарақұлақ болғанда желі бау керіп, құлынды ноқталап байлап, бие сүтіне қорыттықты қосып ашытады. Әр бие байлаған үй ағайын-туыс, көршілерін шақырып, алғашқы ашыған қымызға бір-бірін шақырып, «қымызмұрындық» мейрамын өткізген. Ата-бабамыз сонымен бірге ұзақ сапарға шыққанда өзімен бірге алып жүру үшін құрғақ сүт дайындай білгендігін де археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған.

ІҮ Сарамандық жұмыс.

-Ал,енді, балалар, біз қазір айран ұйыту жолдарын айта отырып, айранды ұйыту тәсілдерін үйренейік.Сиыр сүтінен қандай тағам түрлерін дайындауға болатыны сұралады.

1) Біз өткен сабақта түрлі жарма мен макароннан ботқа әзірлеуді өткен едік, енді осы ботқаны сүтпен қалай әзірлеуге болатынын білесіңдер ме?

2) Күріштен ботқа пісірген кезде қантты қай кезде қосады?

3) Сүт көженің пісірілу жолы қандай?

4) Ірімшіктен тұшпара жасауға бола ма?

Ү Дәптермен жұмыс: «Қымызмұрындық», «іркіт», «мәйек», «ұйытқы», «қорыттық», «шалап» сөздерін дәптерлеріне жазғызу.

ҮІ   Сергіту сәті. Музыка ойналады.

ҮІІ Сабақты бекіту. Біз енді ары қарай «Мақал-мәтелдер» еліне саяхат жасайық. Оқушылардан төрт түлік мал,оның қасиеттері жөнінде қандай мақал-мәтел білетіндіктері сұралады.

-«Мал бақсаң, әуелі өрісін тап»;

-«Далада бұзау емсе,үйдегі сүтке ит тиеді»;

-«Малды жисаң, қойды жи, қолың кетпес шарадан»;

-«Жылқының сүті шекер, еті бал»;

-«Ағайын тату болса, ат көп

Абысын тату болса, ас көп».

Осы салт-дәстүр,ата-кәсібімізге байланысты қазақтың бауырмалдылығы жайлы құрт туралы әңгімені баяндап беремін.

Ата кәсібімізді, салт-дәстүрімізді жаңғыртып, экологиялық жағынан таза, құнарлы тағамдарымызды жасап үйрене берейік.

ҮІІІ  Сабақты қорыту. Сабақтағы жұмыстарын бағалау. Соңынан «Қазақтың дастарқаны» әнін айтқызу.

IХ  Үйге тапсырма: Сүт және сүт тағамдары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *