«Сезім мүшелерінің қызметі қандай?»


 Иманбекова Гульмира Тлеукеновна
 «№39 ЖОББМ» КММ мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
1. Сезім мүшелерінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру.
2.«Сезім мүшелері» арқылы заттарды таныта отырып, ой-өрістерін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Сезім мүшелерін күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: 1. Сезім мүшелерінің суреттері және жеміс-жидектер
Интеграция: Жаратылыстану,сөйлеуді дамыту, құрастыру
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәттілік тілеу:

Достарым бері келіңдер,

Қолдарыңды беріңдер.

Шаттық толы шеңберге,

Қуанышпен еніңдер!
Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
Өткенді қайталау:
Жаңа сабақ:
Тәрбиеші: Біз көреміз, естиміз, әр түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып қабілеттер бізге 5сезім мүшесі арқылы беріледі.
— Олай болса, сезім мүшелерінің қызметімен танысайық.

Ғажайып түс

(Ертегі)

Бірде Арман түс көреді.Түсінде оның дене мүшелері дауласады. Бас бірінші болып былай дейді:

-Мен бәрін басқарамын, менде көз, ауыз, құлақ бар. Мен болмасам, адам ештеңені көрмейді, естімейді, иісті де сезбейді, сөйлей де алмайды, тіпті аштан өлер еді.

-Егер мен болмасам, сені ары-бері, жан-жаққа кім бұрар еді?- деді Мойын.

Осы кезде қызу таласқа Қол араласты:

-Егер мен болмасам, жүк тасу, тамақ дайындау, кір жуу, үтіктеу, жазу, сурет салу,әртүрлі аспапта ойнау да қиынға соғар еді:

Бір кезде Кеуденің де шыдамы таусылып:

-Менше?! Егер мен болмасам, адам болар ма едің? Мойын, сен қайда қалар едің? Қол-аяқ, сендер ше? – дейді.

-Ал сендер біздің арқамызда мектепке, дүкенге, киноға барасыңдар. Күні бойы жүгіреміз, сонда да рақмет айтпайсыңдар,-деді Аяқ.

Бұл айтыстың қалай аяқталатыны Арманды қатты қызықтырды, бірақ ең шиеленіскен жерінде ол оянып кетті.

Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Адамға ең керегі қай мүшесі?
Тақтамен жұмыс.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бізге суретші аяқталмаған  сурет беріп жіберіпті қазір біз суретті аяқтаймыз.Мен сендерге  әр сезім мүшесіне байланысты жұмбақ жасырамын. Сол жұмбақтардың  жауабын тапсақ суретті  аяқтауға болады.
1. Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін? (Көз-глаза-eyes). (жауабын тапқан бала көздің суретін аяқталмаған суретке апарып жапсырады ).
— Көз не үшін керек? Көз адамның негізгі мүшесі.
« Көз – адамның айнасы». Көзді шаршаудан және зақымданудан сақтау керек.
Қазір теледидар, компьютерлерді  көп қолданамыз. Олармен жұмыс істеу үшін гигиена ережелерін сақтау қажет.  Компьютердің экраны көзден  қашықтықта болғаны дұрыс. Теледидарды көп көруге болмайды.
Есіңе сақта!-Жатып  және қараңғы жерде кітап оқуға болмайды.

1.Тәжірибе: Балаларға жазылған сөздерді оқыту.( Ана,ата,ара,су,ыдыс)
Келесі жұмбақ:
2. Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың. (Құлақ –уши -ears ). (Суретін  жапсыру)
-Бұл қандай мүше? Есту мүшесі.
Көрмей-ақ, дауыс арқылы  бір-бірінен  ажыратып, анықтауға болады? Дауыстаған дыбыстарын есту арқылы.
Есіңе сақта:  Құлақты аса қатты дыбыстан, шудан , желден қорғау.
Су кіргізіп алмау. Дұрыс тазалау.

2.Тәжірибе: Бала  көзін  жұмады келесі бала оның атын атайды.(дауысын  табады)
Келесі жұмбақ:
3.  Пұшық келсін,

Дөң келсін,

Жаманы жоқ,

Дем берсін.             (Мұрын- нос- nose)    (Суретін  жапсыру)
Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынымен сезіп, ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. Мұрындарымен  демалдыру.

3.Тәжірибе: Баланы шығарып көзін байлап  алма мен апельсинді ажырату керек.

 

Келесі жұмбақ:
4. Дәм сезетін жүйрік,
Денесі жұмсақ сүйрік. (Тіл-язык). (Суретін  жапсыру)
-Тіл туралы не білеміз? Нені сеземіз?
Тіл – сөйлеу мүшесі. Ғалымдардың айтуы бойынша тіл ұшы – тәттіге жауап береді екен. Ал тілдің  шеттері қышқыл мен ащыны жақсы ажырататын көрнеді.
Тіл арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі.
4.Тәжірибе:Лимон дәмін сездірту.
Дәмді тілмен сезеді. Тіл – дәм сезу мүшесі. Балалар, сезім мүшелері күтімді қажет етеді.
(Шеге, қалам, қайшы, пышақ, ине) суреттер көрсетіледі. Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды. Тісті, тілді, құлақты таза ұстау керек.
Сергіту сәті:

Аспанға қарап күнді  көрдім,

Төменге  қарап  жерді  көрдім.

Оңға бұрылып,солға бұрылып,

Егеменді елді  көрдім.

Суреттерді сәйкестендіру.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге суреттер беремін. Сол суреттерді сәйкестендіреміз сонда сезім мүшелерінің суреттері шығады.
Ойын: Дәміне қарай ажырат
Сұрақ-жауап.
Сабақты қорытындылау
-Екі қолың не үшін қажет? Елге көмек беру үшін.
-Екі көзің не үшін қажет? Жақсыларды көру үшін.
-Екі құлағың не үшін қажет? Ақыл кеңес тыңдау үшін.
-Екі аяғың не үшін қажет? Сабаққа кешікпей, уақытында келу үшін.
-Ендеше балалар әр нәрсені сезу үшін нелер көмектеседі екен? (Сезім мүшелері).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *