«Қысқы серуен»


Тилеумаганбетова Куралай
«№8 «Алтын сақа» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларды қыс мезгілімен таныстыру . Жыл мезгілімен таныстыру. Айлармен таныстыру.  Сөйлеу мәдениетін дамыту.

Шаттық шеңбері: Армысың  Аспан ата!

Армысың  Жер ана!

Армысың Көк аспан!

Армысың Достарым!

Бәріміз дос болайық!

Бәріміз тату болайық!

Тәрбиеші:Жарайсыңдар!  Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс  мезгілі .

Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Қыс  мезгілінде неше ай бар аттарын атап беріңдерші.

Балалар: Үш ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Тәрбиеші:Балалар ал, қазір қыс мезгілінің нешінші айы?

Балалар:Екінші айы Қаңтар.

Тәрбиеші:Балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?

Балалар: Өткен тақырыпта Фермаға саяхатқа бардық.

Тәрбиеші:Ал, бүгін балалар сендер Орманға саяхатқа баруды қалайсындарма?

Балалар:Иә.

Тәрбиеші: Біз орманға немен барамыз балалар?

Балалар:Пойыз бен барамыз.

Тәрбиеші: Балалар қане бір-біріміздің артымыздан тұрып алайық.

(Балалар бір-бірінің артынан тұрып пойыздың дыбысын салады).

Тәрбиеші: Балалар міне біз орманға да келдік. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап алайық әйтпесе адасып кетерміз.

Балалар:Иә.

Тәрбиеші:Балалар орманды көрдіңдерме табиғаты қандай әсем, қандай  тамаша. Орманда не көріп тұрсыңдар?

Балалар:Қар жамылған шыршаларды, дала аппақ, қар бар.

Тәрбиеші:Ой балалар мұнда біреу тығылып отырған сияқты

(Қоян шыршының астында жасырынып отырған болады.)

Тәрбиеші:Бұл не балалар?

Балалар:Қоян.

Қоян:Сәлеметсіңдер ме балалар.(Қоян көңілсіз)

Тәрбиеші:Қоян саған не болды, неге көңіл күйің жоқ?

Қоян: Менің ішім пысып жүр, ойын ойнағым келеді, ойын ойнайтын тіпті достарым да жоқ жалығып кеттім.

Тәрбиеші:Балалар қане олай болса қоян мен бірге ойын ойнаймызба?

Балалар қандай ойын ойнасақ болады.

Балалар:Қар лақтырып ойнайықшы.

Тәрбиеші:Олай болса балалар қоян менен бірге қар лақтырып ойнайық.

Балалар:Иә дайынбыз.

(Тәрбиеші, балалар және қоян қар лақтырып ойнайды.)

Тәрбиеші: Балалар қане енді осы қарды шелектерге жинап ойнайық.

Балалар: Жарайды.

Тәрбиеші:Олай болса балалар екі топқа бөлініп тұрып алайық.

(Балалар екі топқа бөлініп тұрып алады, жинаған қарды тәрбиеші бір балаға өлшемін белгілеу үшін тапсырады.)

Ерқанат: Оң қолымдағы шелек ауыр, қары көп екен, ал сол қолымдағы шелек жеңіл екен және аз екен.

Сергіту сәті:  Ұзын құлақ ақ қоян,

Есітіп калып сыбдырды.

Ойлы қырлы жерлерден,

Ытқып ытқып секірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші:Балалар қоянның көңіл күйі көтеріліп қалған сияқты, олай болса балалар біздің де балабақшамызға кететін уақытымыз болып қалды. Ендеше балалар қоян менен қоштасып біз жолға шығайық.

Қоян:Балалар сау болыңдар менің көңіл күйім көтеріліп қалды тағыда келіңдер балалар сендермен бүгінгі күнім көңілді өтті.

Балалар:Қоян сау бол.

(Тәрбиеші және балалар пойыз болып балабақшаға келеді.)

Тәрбиеші: Балалар біз қайда бардық?

Балалар: Орманға саяхатқа бардық.

Тәрбиеші:Балалар біз Орманда қоянмен аққала жасауды ұмытып кетіппіз. Олай болса балалар біз топта аққала жасаймыз.

(Балалар аққала жасауға кіріседі).

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар аққала неше бөліктен тұрады?

Балалар:Үш бөліктен тұрады.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар. Аққаланың пішіні қандай болады

Балалар:Аққаланың пішіні дөңгелек болады.

Қорытындылау.

Балаларды  мадақтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *