Адамгершілік-асыл қасиет


Даулетбаева  Шалкар  Арыстановна
«№22 негізгі орта мектеп-интернаты» КММ 6 «А» сынып тәрбиешісі

Мақсаты:

Оқушылардың бойына мейірбан,ақылды,шыншыл, кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық,  қайырымды рухани адамгершілік асыл қасиеттерді ұялату.

Көрнекілігі:видеоролик«Жақсылық өзіңе қайтып келеді» ,үлестірмелі материалдар,түрлі-түсті қалам-қағаздар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Тәрбие сағатының тақырыбы,мақсаты айтылады.

Барысы: Кіріспе.

Тақырыпқа сәйкес ой қозғауға оқушыларға төмендегідей сұрақтар беріледі. 1.Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?

Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті.Оның негізгі белгілерінің бірі-өзі үшін ғана емес,ел,қоғам үшін өмір сүру ,адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу.

Ал адамгершілік қасиеттерге нелер жатады?

Адамгершілік қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, адалдық, үлкенді сыйлау, кісілік т.б жатады.

Ізеттілік. айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту

Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді.

Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Имандылық: Иманды адам дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады.

 

І. Мақал-мәтелдерді жатқа айту

 

– Балалар бүгінгі тақырыпқа байланысты кім қандай мақал мәтелдерді біледі? Соны тыңдап көрелік.

II. Қазақ халқының қандай тыйым сөздерін білесіңдер.

Тыйым сөздер арқылы үлкендер жаман әдет, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған.

1. Үлкеннің жолын кеспе, сөзін бөлме.

2. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме.

3. Дастарқанды, тамақты баспа.

4. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.

5. Үйге жүгіріп келме, үйде ысқырма.

 

Ш. Видео: «Жақсылық өзіңе қайтып келеді» (көрсетілімді көрсетіп балалардың пікірін тыңдау)

 

IV Жағдаяттарды шешу:

1.Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін,өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?

«Дос жылата, дұшпан күлдіре айтар» дегендей жолдасыма өтірік айту жаман қылық екенін, ұстаздарды сыйлау керек екенін айтамын.

 

2.  Оқушылардың барлығы сыртта жүр. Жатын бөлмеге келсең, сенің бір сыныптасың біреудің қалтасын қарап жатыр екен. Не істер едің?

«Ұрлық түбі – қорлық» екенін айтып түсіндірер едім.

 

V.Рефлексия:

1.Мен әрдайым өз құрбыларым және үлкендермен мейрімді боламын.

2.Мен сыныптасым қиыншылыққа тап болса әрдайым жәрдем беремін

3.Кейбір ересек адамдармен ұстамсыздық танытуға болады деп санаймын

4.Мен сыпайылық адамдар арасында өзімді жайлы сезіну үшін жәрдемін тигізеді деп санаймын

5.Мен адамдардың қателіктерін кешіре білу керек деп ойлаймын

 

VI.Қорытынды:

Сонымен балалар, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке  басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.

Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп сыйлау керек.

– Осымен сабағымыз аяқталды.

Сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *