Табиғатты қорғау- парыз


Дюсембина Майя Аукеновна
«№22 негізгі орта мектеп-интернаты» КММ 9 «А» сынып тәрбиешісі

Мақсаты: Табиғат-Ананы қорғаудың әр адамның міндеті екенін ұғындыру.
Міндеттері: Экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру
Табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, суреттер.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту,пікірлесу,
шығармашылық жұмыстар
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру. Ширату. «Жер, су, ауа» ойыны.
Табиғат дегеніміз не? «Топтастыру» (жазғандарын түсіндіру)
Бейнеролик қарау «Табиғат – адамзатқа аманат». Ой түйіндеу.
-Осы бейнероликті көріп отырып, қандай ой түйдіңдер?
-Не сезіндік?
-Көңіл-күйімізге қандай әсер берді?
Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады?
Табиғат – адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Бейнеролик қарай отырып, табиғат туралы білімдерін жетілдіру.
ІІ. Негізгі бөлім.
Экология деген не? (оқушылар пікірін тыңдау)
Экология – «эйкос» – үй, «логос» – білім – қоршаған орта туралы білім деген сөзді білдіреді. «Экология – тірі организмдердің бір — бірімен қарым – қатынасын қоршаған ортамен байланыстырып зерттейтін ғылым.
Эколог маман деген кім?
Эколог адамның өмірімен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауға ондағы құстар, өсімдіктер, жануарлар және адамдар өмірін қорғайтын, ауа мен судың ластанбауына көмектесіп, қорғайды.
Қазақстан Еуразия құрлығының орталық бөлігінде кең байтақ жерді алып жатыр. Ол жердің аумағы жөнінен дүние жүзі бойынша 9 орында. Қазақстанның табиғат байлықтары сан алуан. Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көп көріп отырған мемлекеттің бірі. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Табиғаттың өзгеруінен елге экономикалық, әлеуметтік шығындар келеді. Жер климаты өзгереді. Осыдан барып экологиялық қауіп пайда болады.
Қоршаған ортаның экологиясын зерттейік.
Ол үшін бейнероликті тамашалайық. «Қазақстан және экология»
(экология Казахстана)
–Осы заманғы экологиялық апаттың көлемін қарастырайық. Экологиялық проблемалар: ауаның ластануы, судың тартылуы, орманның жойылуы, жануарлардың азаюы, жер бетінің (қоршаған орта) өзгеруі
-Жыл сайын 1млн гектардан астам алқаптың орманы жойылуда. Ғаламшар алдағы 10 жылдықта–ақ оттегінің басты көздерінің бірінен айрылуы мүмкін.
-Жиналатын қалдықтар көлемі ұдайы өсіп келеді. Егер қажетті шаралар қолданылмайтын болса,10-15 жылдан кейін қалдықтар жер бетіне 5 метрлік қабатпен жауып қалатыны есептеп шығарылған.
Бейнеролик «Заң және біз». Топтарға тапсырмалар беру.
І топ. Қоқыстарды азайту үшін не істей аламыз?
1.Бір рет қана пайдаланылатын заттарды сатып алмауға тырысыңдар.
2.Белгілі бір затты сатып аларда оның өзіңе шынында да аса қажеттігін
ойланыңдар.
3.Әлі де жөндеп алуға болатын заттарды лақтырып тастауға асықпаңдар.
4.Қораптарын қабылдау пункттеріне тапсыруға болатын өнімдерді алуға
тырысыңдар.
ІІ топ. Қоқыстарды қандай әдіспен жою керек деп ойлайсыңдар?
Пікірлерін айту.
( Өртеу, көму, өңдеу немесе қоқыс шығаруды азайту т.б.)
Заттардың толық айырылып, шіріп кетуі:
Қағаз 2-10 жыл
Консерві банкалар 80 жыл
Полиэтилен 200 жыл
Пластмасса 500 жыл
Шыны 1000 жыл
ІІІ топ. Адам іс-әрекетінің табиғатқа әсері. (Өз ойларын айту.)
Адам санының күрт өсуі, өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының дамуы, қуат көздерінің өндіруі, көлік түрлерінің пайдалануы. Экология мәселелерінің бірі-адам баласын тамақпен, тұрмыстық қажетті заттармен қамтамасыз ету. Жер бетінде адам саны 6,5 млрд. жетіп отыр. Атмосфераны тас көмір, мұнай, газ, автокөліктер. Автокөліктен шығатын күкірттің диоксиді мен озот оксиді- жауын-шашынмен қосылып қышқыл жаңбыр түрінде таралады. Өзендегі балықтар қырылып, ормандағы ағаштар қурайды.
ІҮ топ. Ауа,су, өсімдік, құс, хайуанаттарға тіл бітіру.
IV. Ой-толғау (Үй тапсырмасы)
Бейнеролик «Табиғат үн қата алса…».
VI.Қорытынды.
Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. Мұны ата-бабаларымыз ертеден-ақ біліп айтқан.
«Экологиялық ұлттық – тәлім тәрбие»
Тыйым сөздер: «Бұлақты былғама» , «көкті жұлма», «ағашты сындырма», «аршаны аралама», «суға түкірме», «суды лайлама», «құмырсқаның илеуін бұзба» , «аққуды атпа», «қүстың ұясын бұзба» және тағы сол сияқты
Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер: «Судың да сұрауы бар» , «Өзен жағалағанның өзегі талмас» , «Бақ өсіргеннің бағы жанады», «Тоғайды тұяқ тоздырады»
Дүниеде екі ана бар.Біріншісі –табиғат тіршілік ана, екіншісі-адамның анасы.Осы екі анаға біз қаталдық көрсетпеуіміз керек, олардың жанын жаралауға болмайды. Бірақ біз соны есімізде сақтап жүреміз бе? Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселеге айналып отыр, өйткені адамның ойланбай жасаған әрекеттерінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрсенің бәрі ластануда.
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса, табиғатты қорғау біздің парызымыз.
Табиғат-Анаға тілек айту:
Гүлдей бер, Жер-Ана!
Аспаның ашық болсын!
Аспаныңды бұлт торламасын!
Тоғайың аң мен құсқа толсын!
Суың мөлдір, таза болсын!
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын!
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын!
Күнің жарық болсын!т.б.
Хормен : Табиғат сені сүйеміз,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *