«Қауіпті заттар әлемінде»


Акыжанова Маржангул Сериккановна
ҚМКҚ № 108 «Арман» б/б педагог- психологы

Мақсаты: күнделікті тіршілікте кездесетін,  балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті заттар туралы ұғымдарды, адам өміріне олардың қажеттілігі, пайдалану тәсілдерін  қалыптастыру.

Міндеттер:

жекелеген және топтасқан қауіпті заттармен өз бетінше абай болудың салдары мен қорытынды жасай білу  туралы үйрету ;

өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті және қауіпсіз заттарды талдау, салыстыру, негіз жасау, ойлау қабілетін дамыту;

қарапайым заттарды пайдалануда түсіндіре сөйлеуді жаттықтыру;

денсаулығын сақтау мен нығайту үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

қиын жағдайда басқаға ықылас білдіру сезімін тәрбиелеу.

Әдістер мен тәсілдер:

Көрнекілік:

Балаларлың өмірі мен денсаулығына қауіпті заттардың суреттері: ине, қайшы, үтіг, балға,  шәугім.

Сөздік:

Түсіндіру, салыстыру, балаларға сұрақ, бағалау, мадақтау, бақылау.

Тәжірибелік:

Тапсырманы қою, тапсырманы орындау, жағдайды шешу.

Құрал- жабдықтар:

Проектор, магниттік тақта; суреттер: ине, қайшы, үтіг, балға,  шәугім, аю, машина, барабан;  сюжеттік суреттер «Қателеспе», «Қауіпті затты тап», «Бұл не жағдай?», қызыл- көк түсті фишкалар, қарындаштар, желімдер, сүлгілер, мультимедиялық қойылым.

Сабақтың барысы:

I.                  Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: «Әдемі есімдер» (музыкамен

II.               Ертегі көру, талқылау.

III.           Ойын: «Қателеспе» (фишкалармен)

IV.           Сергіту сәті: «Көңілді күн» (экранға карап билеу)

V.               Дидактикалық ойын: «Не артық?» (қарындашпен белгілеу)

VI.           Қимылды ойын: «Бұл не жағдай?» (әуен арқылы шеңбер боймен айналып жур)

VII.        Шығармашылық жұмыс: «Тұс газет» (дайын суреттермен газет шығару) Қорытындылау.

VIII.    Қоштасу шеңбері: «Жарық күн» (кун шуақтарын қыстыру), мадақтау, сыйлықтар тарату.

I.                  Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері: «Әдемі есімдер» (музыкамен) Балалар музыкалық залға әуен арқылы кіреді.(Ә. Қалаубаеваның «Ертегілер әлемі» әні)

– Қайырлы таң, балалар! Мен сендерді бүгінгі сабағымда көргеніме өте қуаныштымын. Сендердің барлығыңның есімдерің өте әдемі. Қандай есімдер екенін көрейік. Ортаға шығып, «Әдемі есімдер» шаттық шеңберін құрайық, есімдерімізді дауыстап айтайық.

Тез тұра ғой, өтінем,

Кім болады есімің?

(Балалар есімдерін айтады да, психолог барлық балалардың есімдерін қайталайды.)

-Балалар, бүгін шынымен де сендердің есімдеріңнен көңілді шеңбер құрдық.

– Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, енді солармен амандасайық. Осы кезде балалар қонақтарменде амандасады.

II. Ертегі көру, талқылау.

– Сондай- ақ бүгін сабағымызда қауіпті заттар туралы әңгімелейміз. Ол үшін бірінші мына орындықтарға отырып, экранға қараймыз. Бүгін сендермен «Жеті лақ пен қасқыр» деген ертегіні тамашалаймыз, соңында сендерге сұрақтар қойылады. Ендеше балалар мұқият қарап, тыңдаймыз.

– Сонымен ертегі не туралы?, Қандай жағдай болды?, Осындай жағдай басқа балалармен болуы мүмкін ба?, Осындай жағдайға тап болмау үшін не істеу керек?

Тағы басқа қандай қауіпті заттарды білесіңдер? Олар не үшін қауіпті?

– Өте жақсы, барлықтарыңда сұрақтарға жақсы жауап беріп отырсыңдар. Ал олай болса одан әрі қауіпті заттарды жақсы ажырата білеміз ба? Соны тексеру үшін сендерге ойын ұсынамын.

III. Ойын: «Қателеспе» (фишкалармен)

-Мына жерге келіп, екі жағы екі түсті фишкаларды алып орындарына барыңдар. Мен сендерге ойнауға болатын және ойнауға болмайтын суреттерді көрсетемін. Егер ол ойнауға болмайтын сурет болса- қызыл түс жағын көтеріп көрсетесіңдер, ал ойнауға болатын зат болса- көк түс жағын көтересіңдер.

-Ойын шарты түсінікті ма?\

-Балалар өте мұқият боламыз, қателеспеуге тырысамыз.

-Жарайсыңдар! Тамаша!

-Қане енді шаршағанымызды басу үшін бір сергіп алайық. Тағыда экран бетіне назар аударамыз және бірге билейміз.

IV. Сергіту сәті: «Көңілді күн» (экранға карап билеу)

-Балалар барынша тез, әрі қалыспауға тырысыңдар.

-Тамаша, Жарайсыңдар!

-Сабағымызды одан әрі жалғастырамыз, бүгін сендермен не туралы әңгімелесіп жатырмыз?

-Дұрыс. Қауіпті заттар туралы.

-Олай болса, мына үстелге келіп, тағыда бір ойын ойнап көрейік.

V. Дидактикалық ойын «Қауіпті затты тап» (қарындашпен белгілеу)

-Балалар, өздеріңе ұнайтын қарындаш түсін алып, адам өміріне қауіпті затты тауып,  шеңберлеу арқылы белгілейміз.

-Қане кім тез табады екен, жылдамдатамыз.

– Жақсы балалар көп нәрсені біліп, үйреніп қалыпсыңдар. Бұның бәрі болашақта өздеріңе өте қажет болады. Сонымен бірге, біздің күнделікті өмірімізде қауіпті жерлер мен жағдайларда болып тұрады. Мысалы: ашық қалған терезе, шәугімдегі қайнап тұрған су және т.б.

-Сондықтанда сенднрді мына жерге шеңбер құрып түруларыңды өтінемін.

-Балалар, қазір біз «Бұл не жағдай» деген қимылды ойын ойнаймыз.

VI. Қимылды ойын: «Бұл не жағдай?» (әуен арқылы шеңбер боймен айналып жур) Ойнның шарты мынадай: шеңбер бойымен әуен арқылы жүресіңдер әуен тоқтағанда кілем үстінде жатқан сюжеттік суреттерден алып, әрқайсың түсіндіріп бересіңдер.

-Ойнның шарты түсінікті ма?

– Өте жақсы онда бастаймыз.

Балалар тапсырма бойынша жауаптарын айтады, кей жағдайда бірін- бірі толықтыруға болады.

-Тамаша! Өте жақсы маған жауаптарың ұнады.

-Сонымен балалар бүгін сендермен өмірімізге және денсаулығымызға қауіпті заттар әлеміне саяхат жасадық. Олай болса осы қауіпті заттарды басқа адамдарда, балаларда біліп жүру үшін, сендерге мынадай жұмыс ұсынып отырмын. VII.Шығармашылық жұмыс: «Тұс газет» (дайын суреттермен газет шығару) Қорытындылау.

– Балалабақшамыздың дәлізіне іліп қоюға «Тұс газет» жасасақ қалай қарайсыңдар?

-Жақсы,  онда бастайық! Мына үстелге келіп әртүрлі суреттер араласқан ыдыстардан қауіпті заттар бейнеленген суреттерді тауып, қағазға жапсырамыз.

– Жарайсыңдар! Балалар сендер жасап шығарған «Тұс газет» барлық адамдар үшін өте керекті дүние деп ойлаймын, әрі  әр уақытта естерінде жүретін болады.

– Рахмет сендерге балалар!

Осы арада балаларға бірнеше сұрақтар қою арқылы қорытынды жұмысы жүргізіледі. Басқа қандай қауіпті заттарды білесіңдер? Олар не үшін қауіпті? Оларды қалай және қай кезде қолдану керек? және т.б.

– Өте жақсы болды, ендігі кезекте сабағымызды аяқтау үшін «Жарық күн» қоштасу шеңберіне түруды өтінемін.

VIII. Қоштасу шеңбері: «Жарық күн» (кун шуақтарын қыстыру), мадақтау, сыйлықтар тарату.

– Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Көңіл күйлерің қалай?

– Тамаша! Мағанда сендердің бүгінгі жауаптарың мен сабаққа қатысуларың қатты ұнады сондықтанда күніміз одан әрі қызықты, көңілді болуы үшін шеңберге тұрып, менің қолымда тұрған Күн шуақтарын қыстырайық.

Балалар ыдыста тұрған сары түсті қыстырғыштарды алып кун шуақтарын жасайды.

-Жарайсыңдар! Күндерің көңілді, жарқын өтсін! Үлкен Рахмет!

– Балалар мына смайлктар сыйақты әр уақытта күліп жүріңдер! Енді қонақтармен қоштасып, тобымызға оралайық!

– Сау болыңдар, балалар! Көп- көп рахмет! Кездескенше!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *