Ашық сабақ « Қызықты суреттер»


Cәрсенбай Гүлбаршын Әбілдәқызы
«Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:  Балалардың су бояуды  қолдана отырып,  түтікшені үрлеп тамшыны жасап сурет салуға дағдыландыру.

Білімділік:  Су бояу тамшылары  туралы түсініктерін қалыптастыру. Тамшы

туралы ұғым беру.

Дамытушылық:   Су бояуға түтікті  батыру арқылы   пайда болған тамшыны қолдана отырып сурет салуды үйрету. Түстерді қолдана отырып бейнелерді шығарып,  қиялдарын,  логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік:  Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Әдісі:  түсіндіру, көрсету, сурет салу, ертегі оқу, сұрақ – жауап.

Көрнекілігі:  ҚР еңбек қайраткерлері және  суретші аға – апаларымыз  Әбілхан Қастеев  және  Гульфайруз  Смайылова,  тамшының  суреттері.

Барысы:

Өткен тапсырманы еске түсіру:

-балалар біз өткенде май шаммен жұмыс жасаған болатынбыз. Май шаммен ненің бейнесін жасап шығардық.

-Балалардың жауабы:   ағаш

Дұрыс, сурет салғанды ұнатасыңдар ма?

Ендеше Қ Р – ң  еңбегі сіңген суретшілері Әбілхан Қастеев  және  Гүльфайруз  Смайылова. Бұл кісілер нағыз суреттшілер екен.  Салған суреттерімен таныстырып өту.

Суретті салғанда  немен салады?  Су бояумен, қаламмен,  Гуашпен, т. б заттармен салады  екен.

Ертегі оқу:  «Тамшылар»  Ертегіні мәнерлі етіп оқып беру. Түсіндіріп өту.

Бір орманда Тамшылар болыпты. Бірінші тамшы үлкен және жуан. Екінші тамшы кішкене және күлкілі. Жаңбыр жауғаннан кейін жапырақтан гүлге,  бұтақтан шөпке тамшылар көңілді секіреді.  Олардың фигуралары мөлдір және жылтыр болады екен. Күн шыққанда ормандағы аңдар :  қояндар, түлкілер, тиындар тамшыларды  айнаға ұқсатып қаранып жүреді екен. Сендер осындай тамшыларды қолдана отырып сурет салып көріңдерші

-Тамшыны қалай байқауға болады?

– Жаңбыр тамшысынан,  будан кейін белгілі бір заттың үстінде тамшы пайда болады.

-Ендеше тамшыны байқау үшін аллдымыздағы түтікті ала отырып суға батырып көрейік, сол кезде түтікшеден тамшы пайда болады.

Негізгі бөлім:

Балаларға тамшының суреттерін көрсете отырып таныстырып өту.

Ендеше балалар тамшы арқылы сурет салуға болады екен.  Алдарыңда  түрлі  су бояулар бар. Сол су бояуларға түтікшені қағаз бетіне үрлеп, түскен тамшыны қолдана отырып өздеріңнің қиялдарыңмен сурет саламыз.

-Түтікшені белгілі бір түске батырып  қағаз  бетіне  үрлейміз. Мысалы:  көк түске батырып алатын болсақ көк түстен бұлттың, жаңбырдың немесе гүлдің суретін салуға  болады.    Балалар өздерінің қалаған су бояуларына  түтікшелерін батырып үрлеу арқылы жұмыстарын жасайды. Үлгіре алмаған балаларға көмек беріп отыру.

-балаларға көрсетіп бірге орындап жасау.

 

Балалар шеңбер жасап сергіту сәтін жасайды.

Сергіту сәті

Шаршадым «уһ»  дедім

Ренжідім «туһ» дедім

Өкіндім «эһ» дедім

 

Кейідім «И»  дедім

Біліп ап «Ә»  дедім

Қуанып «ха,ха,ха»  дедім
Сергіту сәтін жасап болған соң балалар орындарына келіп жұмыстарын жалғастырады. Тамшы арқылы салған суреттеріне байланысты сұрақтар қойып әңгіме  жүргізу.

Балалар суреттерін бір – бірлеріне көрсетіп өздеріне ұнаған суреттерді атап өтеді.

Саусаққа арналған жаттығу.

Әуен  арқылы саусаққа  арналған жаттығуды  тәрбиешімен бірге орындап жасайды.

Қорытынды:

Граттажбен жұмыс:

Қорытынды кезеңінде  балаларға қағаз бетіне майшаммен жағылған және үстінен түрлі бояумен боялған  дайын қағаздар беріледі.

-Балалар  бұл қағазды  сендер алдарыңда тұрған жіңішке ағашты алып өздеріңе  ұнайтын белгілі бір суреттің бейнесін сызасыңдар. Балаларға көрсетіп түсіндіру, бірге орындап жасау.

-сызып салған бейненің суреттерін атап өтеді.

-балалар бүгін сендер жақсы қатысып өздеріңнің білімді екендіктеріңді көрсеттіңдер.  Сендерге рақмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *