«Наурыз-көктем»


 Қайрат Жалғас, Айтбекұлы Қадыр, Әмір Айғаным, Күзембай Нұрислам, Тілеуқара Айзере, Маман Аяна, Бақтияр Данияр, Кеңесбек Нұрай, Әбдіқадыр Инабат, Мұсаахмет Ернұр
 Шоқай датқа атындағы орта мектеп оқушылары
Жетекші:  бастауыш сынып мұғалімі Үрістемова Роза Қабылбекқызы, Бұзауова Гүлбану Абдалиқызы, Рүстемова Балтакүл Жұпарбекқызы

                           Көктем

Өтіпті қыста,

Жетіпті көктем, несі айып?

Келіңдер достар,

Бүгін бір думан жасайық!

Алқынып ұшып,

Сағынып жеткен құстарды.

Қырларға шығып,

Ұя жасап тосайық.

Қайрат Жалғас

Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы, Игілік ауылы

Шоқай датқа атындағы орта мектептің 3 «А» сынып оқушысы

 

Менің алғашқы ұстазым

«Кітап – білім бұлағы , білім – өмір шырағы» деген сөз бекер айтылмаған. Ал білім дүниедегі ең үлкен кітап Әліппеден басталады. Алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған кезіңде қолыңа сол білім кілтін – Әліппені ұстатқан, бірінші рет білім нәрін берген адам кім? әрине, ол – анамыздай, әкеміздей мейірімді, қайырымды ұстаз. Кішкентай жүрегімізге күн нұрындай жылу берген алғашқы, әрі сүйікті ұстазым Роза Қабылбекқызы. Менің алғашқы ұстазым мені алғаш әріп танытып , жазу жазуға баулыған, көктемнің шуақты күніндей жұмсақ мінезді адам. Ол кісі – біздің әрқайсымыздың ішкі сырымызды түсінетін, мінезімізді жақсы білетін, әрбір қиын сәттерде ақыл айтып, теріс кетсек, дұрыс жолға салып отырудан еш жалықпайтын сүйікті ұстазымыз, тәрбиешіміз. Ол кісі мектебіміздің мақтанышы. Түрлі аудандық, облыстық, республикалық жарыстардың жеңімпазы. Шәкірттері түрлі байқаулардың жеңімпазы.Мен ұстазымды мақтан етемін, әрі өмір бойы борыштармын. Абзал жанды ұстазыма ыстық ықыласымды айта отырып, мына бір өлеңімді ұстазыма арнағым келеді.

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ой мен сана.

Сарп етіп, сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші болдың дана.

 

Әмір Айғаным

Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы, Игілік ауылы

Шоқай датқа атындағы орта мектептің 3 «А» сынып оқушысы

Арманым

Кішкентайдан қиялдаймын,

Болашақтың аңсап әнін.

Туған жердің перзенті боп,

Өміріме жол саламын.

 

Мақсатыма ұмтыларда,

Білім алып жетсем деймін.

Бүгін міне – тек қиялшыл,

Әлі бала көктемдеймін.

 

Ұстазымнан тәлім алып,

Адам болу бар арманым.

Мақсатыма жетсем егер,

Борыштармын саған әркез.

 

Күзенбай Нұрислам

Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы, Игілік ауылы

Шоқай датқа атындағы орта мектептің 3 «А» сынып оқушысы

Наурыз бай

Ертеде бір кедей шал өмір сүріпті.Оны сүйенері де,сенеріде жалғыз ұлы Наурыз екен..Наурыздың Алғыр атты тазысы,Көк қыран деген бүркіті болыпты.Наурыз ит жүгіртіп,құс салып,аң аулап күн көреді.Ата- анасынан артылса маңайындағы өзі сияқты  кедей отбасыларына таратып береді екен.

Күндердің бір күнінде Наурыз аңнан қайтып келе жатып бөдене ұстап алады.Бөденені үйіне әкеліп сойса бөтекесінен жылтыр сары тас шығады.Бала әлгі тастың не екенін білмей ауылындағы сараң әрі зергер байға әкеліп көрсетеді.Бай тастың алтын екенін біледі.Қалайда оны алып қалудың жолын ойлап:

– Сендерге сары тас та алтын көрінеді ғой.Бұл бар болғаны тас,-деп өз үйінің алдына лақтыра салады. Бала:

– Мейлі , олай болса, мен тасымды алып кетейін- дейді.Тасты бермеудің жолын ойлаған сараң:

-Жарайды ақыры келген екенсің тасыңды таста,орнына екі ешкі беремін. Мен зергермін ғой ең болмағанда сақина- жүзікке орнатармын ,-депті.Бала келіседі.Сараң бай балаға екі қотыр ешкі береді.Еңбекқор бала ешкілерді емдеп,күтіп бағады.Ешкілері наурыз сайын егізден туады.Бала ешкілерін сауып кедей көршілеріне береді,артылса базарға апарып сатады.Осылайша азғана уақыттың ішінде көптің тілеуімен, өзінің бейнетқорлығымен Наурыз бала ешкілі бай атанады.Үйленіп, ата- анасымен  отбасымен бірге мұратына жетеді.

Ал,баланың алтынын алдап алған сараң әрі зергер байдың малы бір қатты қысқа шыдамай қырылып,тақыр кедейге айналыпты.

 

Тілеуқара Айзере

Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы, Игілік ауылы

Шоқай датқа атындағы орта мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы

Батыр бала

Ерте,ерте,ертеде бір бала болыпты.Оның анасыда, әкесі де жоқ екен.Бала аң аулап күн көріпті.Бірде бала сұлу елікті көріп қалады.Оны қанша көздеп атса да жебе өтпейді.Қорқытып үркітсе қашпайды.Бала елікке жақын келе бергенде ол адамға айналып алыса кетеді.Әбден алысып ақырында бала елік адамды жеңіпті.Сол кезде елік адам өзінің сырын былай деп айтыпты:

-Мен сенімен сынау үшін күрестім.Сен шын қайсар бала екенсің.Мен сонау аспан елінен келдім.Аспан елінде жауыз айдаһар пайда болған еді.Ол елімізді қырып- жойып барады.Айдаһарды тек сен ғана жоя аласың.

-Бірақ мен ұша алмаймын ғой.

-Оған бола қам жеме.Үстіме мін де көзіңді жұм-, дейді елік адам демде елікке айналып.

-Жарайды,-деп елікке мінгені сол еді олар аспан елінен бірақ шығады.

Қайсар бала айдаһармен үш күн, үш түн алысып жеңіпті.Күллі аспан елі батырды құрметтеп баласының баласына жететіндей мол сыйлықпен жерге жеткізеді.Жетім бала енді батыр бала атанып барша мұрат- мақсатына жетіпті.

 

Маман Аяна

Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы, Игілік ауылы

Шоқай датқа атындағы орта мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы

Раушан гүлі неге қызыл?

Әсем  бақта ән салып, ағаштан – ағашқа, гүлден – гүлге қонып ұшып жүрген тоты құстың көзі осындай керемет жерде ерекше солып тұрған гүлге түседі.Тоты құс мұңайып тұрған гүлдің қасына келіп қонады да: – Сенің осынша жабырқауыңа не себеп болды?- деп сұрайды.

Сонда раушан гүлі: – Менің түсім өз туған жерімде басқа еді.Себебі, қожайыным мені ерекше жақсы көріп баптайтын,таңертең міндетті түрде құшырлана иіскеп жұпар иісімді бойына сіңіретін.Соған орай мен де ерекше жайқалып тұрушы едім.Ал мұнда өз түсіме енетіндей ықылас жетіспей тұр – деп мұңын шағады.Тоты гүлді аяп күнде таңертең суарып,баптайды.Жұпар иісін мейірі қанғанша иіскейтін болыпты.Бірде раушан гүлін иіскеймін дегенде тікенегі төсіне тиіп,қанап қалады.Құстың бір тамшы қаны гүлге тамып,гүл ерекше әдемі түске енеді.Өз түсін енді тапқан раушан гүлі қайтадан жайқала бастайды.Ол өз алғысын тоты құсқа әсем сыбдыры мен жұпар иісімен жеткізіпті. Сол замандардан «Тотыдайын таранған, раушан гүлдей жайнаған» деген тіркес біздерге жетіпті.

 

Бахтияр Данияр

Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы, Игілік ауылы

Шоқай датқа атындағы орта мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы

Ана мен бала

 

Ерте,ерте,ертеде,ешкі жүні бөртеде бір анасы мен баласы болыпты.Олар кезінде баршылықта өмір сүрген екен.Отағасы жаумен айқаста мерт болыпты.Анасы күйеуінің қайғысын көтере алмай аурушаң болып,бар малы  мен  байлығын жоғалтыпты.Ауылдастарының кедей,кедей деп кемсіткенін естіген сайын анасы жылай береді екен.Ал,ағайындары сенің анаң «бақыт құсын» ұшырып алған деп отырады.Бала он жасқа толысымен «бақыт құсын» іздеп жолға шығады.Кішкене бала дауылдан да,найзағайлы жауыннан да,түнімен ұлыған қасқырдан да қорықпай бақыт құсы қонған ағашты іздеп табады.Бақыт құсы анасының қайғыға тез беріліп,қиыншылыққа қарсы тұра алмағандығынан кетіп қалғанын айтады.Ол кішкене баланың қайсарлығына риза болады

.-Сен ертерек үйіңе бара ғой Сен жеткенше мен де барып қаламын,- деп уәде беріпті.Бала келіп анасынан сүйінші сұрайды.Анасы қуанып үй ішін ретке келтіреді,малын сойып,дастарханын жайып,баласы үшін көпшіліктен бата сұрайды.Осы сәтте «бақыт құсы»да шаңырақтарына қайта оралады.Міне, осыдан кейін анасы мен баласы бай да бақытты өмір сүріпті.

 

Кеңесбек Нұрай

Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы, Игілік ауылы

Шоқай датқа атындағы орта мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы

Қасқыр мен қоян

 

Ертеде қасқыр мен қоян дос болыпты. Олардың арасында ешқандай ұрыс-керіс болмапты. Қасқыр өте ақкөңіл,аңқау еді. Кім не айтса, соған сенетін. Қасқыр мен қоянның достығын қу түлкі көре алмапты. Екеуін араздастыру үшін айла ойлап табады.

Қасқырға келіп былай дейді:

-Қасеке ,сіз ешқашан ауырмау үшін не керегін білемін.

Қасқыр:

-Ол не нәрсе дейді.

Түлкі:

-Егер қоянның етін жесеңіз, өте ұзақ жасайсыз. Ауру дегенді мүлдем білмейсіз-дейді.

Қасқыр:

-Қоян менің досым ғой. Оны қалай жеймін?

Түлкі:

-Қасеке, ол не дегеніңіз. Егер сіз оны жемесеңіз, ол сізді аңшыларға аттырады.

Қорқып кеткен қасқыр қоян досына тап береді. Содан бері қоян қасқырды көрсе қаша жөнеледі екен.

 

Әбдіқадыр Инабат

Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы, Игілік ауылы

Шоқай датқа атындағы орта мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы

Алдар мен бай

Алдар байдан он теңге сұрайды. Бай ақшасын береді де,

«Ертең ақшаны қайтарасың!»  – дейді.Алдар кетіп қалады.

Екі күн өтті, бай шыдамай үйіне барады. Алдар шәй қайнатып отыр екен. Бай ашуланып кіреді.

Бай :

–         Менің ақшамды қашан қайтарасың? – дейді.

Алдар:

–         Он теңгең он күнге жетеді ғой, сол күні беремін-  дейді.

 

 

 

 

Мұсаахмет Ернұр

Жамбыл облысы ,Сарысу ауданы, Игілік ауылы

Шоқай датқа атындағы орта мектептің 2 «Ә» сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *