«Ашық сабақ – 2018»


Каусова Дана Биболатовна

БҚО,Бөкей ордасы ауданы, «Т.Масин атындағы ЖОББМ»КММ мұғалімі

Сабақтың мақсаты:  оқушылардың мәтін мазмұнын толық меңгергендіктерін тексере отырып, әңгімедегі кейіпкерлер, олардың іс – әрекеттері туралы, қазақ елінің өткен тарихына, тұрмыс – тіршілігіне назар аударту, әңгімені қорытындылап, алған білімдерін жинақтап бекіту;

– өнердің құдіретін таныту;

– әңгіменің көркем тілін таныту; өз ойын жазбаша да, ауызша да жүйелі айту қабілеттерін дамыту;

Сабақтың түрі: бекіту сабағы

Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, автор суреті және «Нар идірген» күйі

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеу, топқа болу(түйе суреттері арқылы)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Зымыран (бәйге сұрақтары)

1. Жазда келе жатқан екі жолаушы кімдер?

2. Түбі жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе,- деп кім және не себепті бұлай айтты?

3. Ердің атындағы ұзын қызыл қоржыннан не шығып тұр?

4. Екеуінің әңгімеден кейін көңілі жүдеп, үнсіз келе жатқанда, суалып қалған жырадан не кездестірді?

5. Домбыраның құлағын бұрап, машықты әуенмен Естемес нені бастады?

6. Күйді бастауға қандай оқиға әсер етті?

7. Нардың соңынан ерген екі аттылы қайда келді?

8. Қараша үйде жолаушылар кімді кездестірді?

9. Шал Естемеске қандай қолқа салды?

10. Иіп тұрған нарды Жаңыл неге саумайды?

11. Оразымбет күйді жалғастырғанда нардың сүті шелекке сауылдап құйыла берді. Осылай дүниеге келген жаңа күйдің аты не?

ІІІ. Жаңа сабақ:

Ой қозғау «Күй аңызы» әңгімесіне арқау болған

«Нар идірген» күйі аңызымен қоса тыңдалады.

– Күй өнері туралы не білеміз? (тірек сөздер)

шығу тарихы, өнер түрі, домбыра, қобыз , ұлттық мұра, әуен, саз

«Мағынаны тану» әдісі бойынша

1-топ  Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)

2-топ Әңгіменің сюжеттік-композициялық жоспарын құру

Кімнің сөзі:

1. «Қашан кемеліне келтіргенше көп алдына салмаған жөн»

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

2. «Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

3. «Аһ, сабазың шыңыраудан суырып шығарды-ау» . Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

4. «Сөзім –сөз. Өнерің жетсе тілегіңді бердім, қарағым». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

5. «Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

6. «Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау». Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

7. «Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елтитіні болады деуші еді…» Кімнің сөзі?

а) қарт ә) Естемес б) Оразымбет в) Жаңыл

Интервью.1 Естеместің өзіне тән ерекшеліктері қандай? Халық өнерін қастерлейді. Жақсы ұстаз, күйші, өнер таратушы, салт басты.

2 Жаңылдың мінезі ұнады ма? Несімен ұнады? Ақылды, ибалы, инабатты, өжет. Өз болашағын егде адаммен өткізгеннен жастау жігітпен өткізгенді дұрыс санаған ол өжеттілік танытты.

3. «Екі күйші, өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің сырын аш. Әкесі мен Естемес арасындағы әңгімені естіген Жаңыл таңдауы жас Оразымбетте екенін астарлап жеткізгісі келді.

4. Әңгімеде ұнамсыз кейіпкердің болмауы не себепті деп ойлайсың? Себебі әңгімеде көп шиеленіскен оқиға жоқ, тек күйдің туындауы ғана берілген. Сондықтан ұнамсыз кейіпкер жоқ.

Сөздікпен жұмыс

Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.

Дұға – аман – саулық, сау-саламаттықты тілейтін құранның қысқа – қысқа аяттары.

Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.

Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.

Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір – бірінен бір нәрсені қалауы.

Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.

Жоны – арқасы, ту сырты.

(Қосымша ақпарат)

– Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?

– Бота, мая, нар аруана.

Бота – түйенің төлі.

Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.

Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.

Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.

Нар – бір өркешті түйе.

Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.

Бекіту сәті:

– Естеміс қарт неге өз өмірін өзгертуден бас тартты?

– «Заманым өткен екен ғой», деп неге күрсінді?

– Жаңылдың іс – әрекетіне көз қарасыңыз?

Сабақтың қорытынды кезеңі.

Суреттер тізбегі көрсетіледі: ЖЫЛҚЫ, ҚАМШЫ, ДОМБЫРА.

Екі топқа ортақ сұрақ.

Бұл суреттер кімнің өмірімен байланысты деп ойлайсыңдар?

Үйге тапсырма:  «Қазақтың күйі – қазақтың жаны» деген тақырыпқа эссе немесе «кейіпкерлерге хат» жазу

Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *