«Ұстазыма мың алғыс!»


Нұрлан Ернар
«Т.Масин атындағы ЖОББМ» КММ 1 сынып оқушысы
Жетекші: Каусова Дана Биболатовна

                                        Ұстазыма мың алғыс!

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу сезімнің ақындығы

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы

Азбайтұғын адамның ақындығы

Ғ.Қайырбеков

Ұстаз – ұлағатты есім.Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – ұстаз. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, ұстаздардың да рөлі зор деп ойлаймын.

Ең алғаш мектеп табалдырығын имене аттаған кезде мені ұстазым Қисметова Ажар Хайрауқызы қарсы алған болатын. Ол өте мейірімді, сөзіне берік, еңбекқор ұстаздардың бірі. Ұстазым мені күлімдеген көздерімен, жылы-жылы сөздерімен баурап алды. Ол менің білмегенімді үйретіп, қамқорлығын аяған емес. Содан бастап ұстаз деген әр оқушының ең жақын адамы болатынын түсіндім.Ажар апайыма мына жыр жолдарын арнаймын:

Ұстазым – Ажар апай аяулы адам,

Біздерден бар білгенін аямаған.

Осындай ұстаздардың арқасында

Көпшіліктің көңілі тояр маған.

Нұрлан Ернар

1-сынып оқушысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *