«Домбыра құдіреті»

Дауленова Гульнара Зейнулловна
«Балдәурен» РОСО РМҚК қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Мақсаты:

Білімділік: қазақ халқының негізгі ұлттық аспабы-домбыраның құдіреті туралы түсінік беру. Күйдің аңыздарынатоқталу.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге жетелеу, сөздік қорын байыту. Меңгерген сөздерді ауызекі сөйлесуде қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Музыканы түсінуге баулу, ұлттық өнерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: практикалық, іздендіру, көрнекілік, слайд топтамасы, интербелсенді тақта.

Мотивация: іздендіру, шығармашылық тапсырмалар.

Ұйымдастыру формасы: жеке, жұптық.

Типі: жаңа білімді меңгерту, өткенді қайталау, бекіту.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

Мақсатымыз – білім алу,

Міндетіміз – еңбектену.

Еңбек етіп жұмыла,

«Бестікке» қолды жеткізу.

Осы психологиялық дайындық арқылы оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Кроссворд шешу.

1.      Сіздер қай орталықта демалып жатырсыздар? («Балдәурен»)

2.      «Дружба» сөзін орыс тіліне аудар. (Достық)

3.      «Добрый» қазақша қалай болады? (Мейірім)

4.      «Счастье» сөзін қазақ тіліне аудар. (Бақыт)

5.      Ұйымдастырушы-ұстаздардың галстуктарының түсі қандай? (Сары)

6.      «Балдәурен» педагогикалық отряды қалай аталады? («Жастар»)

–         Қандай сөз шықты? Домбыра.

 

ІІ. «Миға шабуыл»

–         Домбыра қандай аспап?

–         Домбыраның неше пернесі болады? (9,11,14,24)

–         Домбыра неше бөліктен тұрады? (шанағы – кеудесі, мойны және басы)

–         Көне шумер тілінен аударғанда домбыра сөзі қандай мағына білдіреді? («Кішкене сандық»)

ІІІ.     Кіріспе. Музыка тыңдау. Тыңдалым. Сөйлесім.

(Бейнефильм «Ойлан қазақ»)

–         Сендер не тыңдадыңдар?

–         Дұрыс домбыра туралы өлең.

–         Балалар, үнтаспадан тыңдаған музыка қалай аталады?

–         Күй

–         Күйдің мәтіні бола ма?

–         Жоқ

–         Домбыра ненің құралы?

–         Домбыра – тәрбиенің құралы.

 

III.           Жаңа сабақ. Суретпен жұмыс. Тыңдалым. Айтылым.

а)Қазақ халқының ұлттық аспаптарының бірі- домбыра. Ол-қосішекті. Домбыраағаштанжасалады. Домбыраныңдауысымайдақоңырқұлаққажағымды. Қазақхалқыныңақындарыәншілері, күйшілерідомбыраменәнсалып, күйтартқан. Күй-домбырадатартылатынмузыкалықтуынды.

 

ә) Шашылған буындарды алфавит ретінде жинаңдар

Ғ           А        Б       В          Ә      Г      Д

РЕ,   ДОМ,   РА,   ҚҰ,     БЫ,   ДІ,    ТІ

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  ДОМБЫРА ҚҰДІРЕТІ

б) Бүгінгі сабақтың сөздігі. Айтылым. Тыңдалым. Сөйлесім. Жазылым.

Құдірет – сила, мощь

Мұңдасы, сырласы – друг, собеседник

Ойға жетелейді – ведет к мысли

Ізгілік – след

Жақсылыққа – хорошим поступкам

Ұмтылдырады – учит

в) Жаңа сөздерден сөз тіркесін құрастыру.

Құдірет – керемет күш, ғажайып қасиет. (Замечательная, фантастическая сила)

г) Кітаппен жұмыс.

– Мәтінді оқыңдар, мазмұнын түсініңдер

– Күй ол не?

Жансерігі

 

КҮЙ

Сырласы, ойға жетелейді,

Өмір сүруге, жақсылыққа  жетелейді

 

 

IV. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

І деңгей

Сөздердің сәйкестігін тап.

Қуаныш – маленький сундук

Ішек – строение

Құрылым – инструмент

Аспап – струнный

Кішкене сандық – радость

ІІ деңгей

«Күй» сөзін септеңдер.

ІІІ деңгей

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.

Күй қазақтың жан …, мұңдасы. Күйдің ғажаптығы сол – өмірдің … – ұқтырады.

Күй … жетелейді. Күйді түсінген адам …, арамдыққа  бара алмайды.

Керекті сөздер: жамандыққа, ойға, серігі, сырласы, мән-маңызын.

 

V. «Ақсақ құлан» мультфильмі.

– Мультфильм ұнады ма?

– Осы мультфильмде Домбыраның құдіреттілігі неде?

VІ. Сабақ қорытындысы

Синквейн

1. Зат есім – Домбыра

2. Екі сын есім – ішекті, музыкалық

3. Үш етістік – ойнайды, шығарады, тартады

4. Сөйлем 3-4 сөзден тұратын – Домбыра – қазақ халқының музыкалық аспабы.

5. Ассоциация – Күй, аспап

 

VІІ. Бағалау.

Leave a Reply

Your email address will not be published.