«Ас қорыту жүйесі» 8 сынып


Кожахметова Гульбаршин Кайратовна
«Балдәурен» РОСО РМҚК химия және биология пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты: Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен атқаратын қызметтері  туралы толық мағлұмат беру және адам өміріндегі  астың маңыздылығын түсіңдіру.

Міндеттері:

– ас қорыту жүйесінің  құрылысы мен  ерекшелігін көрсету, астың ауыз қуысында қорытылу процесін,   асты қорытудағы ферменттердің рөлін түсіндіру. Тіс және ауыз қуысын күту ережелерін қалыптастыру;

– оқушылардың алған білімдерін талдау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту;

– санитарлық-гигиеналық дағдысын қалыптастыру, салауатты өмірге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: модульдік  сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, қорыту және бекіту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ауызша баяндау, ассоциация, сұрақ-жауап, түсіндірмелі-көрсетілімдік, тест орындау,топтық және жеке жұмыстарын атқару.

Сабақтың көрнекі-құралдары: бейнефильм, зертханалық жұмыс жабдықтары, (йод ертіндісі, сілекей, мақта, құғақ дәке) тапсырмалар, слайд, флипчарт,тест.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі  1 мин

ІІ.Жаңа сабақ:

Мазмұнымен таныстыру:

1. Ас қорытудың маңызы.

2. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.

3. Ауыз қуысында және асқазанда астың қорытылуы.

4. Астың аш ішекте өзгеруі.

5.Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу.

1. Ас қорытудың маңызы.

Адам ағзасы  қалыпты тіршілік әрекеттері үшін оның барлық жасушалары мен ұлпалары үнемі қоректік заттармен қамтамасыз етілуі керек.

—  Қоректік заттарға – нәруыздар, көмірсулар, майлар, минералды тұздар, су және витаминдер жатады.

—  Нәруыздар организмнің негізгі құрылыс материалы болып табылады.

—  Көмірсулар мен майлар – организмдегі негізгі энергия көзі.

—  Су мен минералды тұздар – тамақпен бірге адам организміне түседі.

—  Витаминдер – өсімдіктекті және жануартекті тамақ құрамында болады, олардың кейбіреулері адам ішегінде өндіріледі.

Бейнефильм

Ас қорыту мүшелерінің құрылысымен таныстыру

Ауыз қуысы:

1. Алдыңғы жағында (ерін мен ұрт).

2. Жоғарғы жағы  (қатты және жұмсақ таңдай).

3. Төменгі жағы (тіл мен ауыз түбінен).

4. Артқы жағы ( жұтқыншақ).

Жұтқыншақ

1.Ұзындығы 11-13 см бұлшық етті мүше.

2. Ас қорыту және тыныс алу жолдары қиылысады.

Өңеш

1. Ұзындығы 25 см, бұлшық етті түтік.

2. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.

Асқазан

Пішіні алмұрт немесе ұзын қапшық тәріздес. Сыйымдылығы 2-3 литр.

Сақина тәрізді бұлшық еттер асқазанның ұлтабарға өтетін орнында сфинктер түзеді. Асқазан тамақты ұсақ молекулаларға ыдырататын  химиялық заттарды бөліп шығарады.

Ұйқыбезі асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.

Ұйқыбезі  өз секретін ұлпа сұйықтығына, содан кейін қанға бөледі. Инсулин және глюкагон гармондарын өндіретін секторлы жасуша жинақталған. Ол тағамның нәруыз молекулаларын ажырататын химиялық заттарды бөледі.

Ұйқыбезі

Аш ішек

Асқазан асты

без ағысы

Бауыр – ең ірі без, массасы 1500 г.Қызыл қоңыр түсті. Көп бөлігі оң

жақ қабырға астында орналасқан.Оның секреті – өт. Бауырда

көмірсулар қоры гликогенжануарлар  крахмалы түрінде

жиналады. Бауыр майдың молекулаларын ыдырататын

химиялық заттарды бөледі.

Аш ішек

Ұзындығы 5-7 метр

Үшке бөлінеді

1. ұлтабар 2. аш ішек  3. мықын ішек

Аш  ішекте ыдыратылған тағам молекулалары ішек арқылы өтіп, қанға сіңеді. Қанға кіргеннен кейін, организмге қажетті барлық нүктелерге таратылады.

Аш ішек

Тоқ ішек

Тік ішек

Аппендикс

Тоқ ішек.

Ұзындығы 1,5-2 метр.

Соқыр ішек 8-15 см.

Тік ішектен тұрады.

Аш ішек

Тоқ  ішек

Тік ішек

Аппендикс

(соқыр ішек)

ІІІ.Зертханалық жұмыс

Ас қорыту өте күрделі процесс.

Тамақтың өзгеріске ұшырауы ауыз қуысынан басталады. Ауызға келіп түскен ас тіс және тілдің көмегімен механикалық өзгерістерге ұшырайды.

Шайнау – рефлексті әрекет. Жақсылап шайналған ас сілекей құрамындағы ферменттердің әсерінен химиялық ыдырауға ұшырайды. Ауызға келіп түскен тағамды тістер майдалайды.

Күрек тіс (incisivi) – і

Ит тіс – (canini)- с

Кіші азу тіс – (praemolaress)-  pm

Үлкен азу тіс – (molaress) – m

2        1             2         3

(  і — ,  с — ,   pm — , m—) * 2 = 32

2        1             2         3

m   pm c      i       c  pm  m

8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8

8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8

Сілекей бездері

Сілекей бездерінде сілекей түзіледі. Адамда үш жұп

сілекей бездерінен (екі шықшыт, екі жақ асты, екі тіл асты бездері басқада көптеген ұсақ микроскопиялық бездер бар.

Сілекей құрамы:

Таза күйінде 98-99% су, 1,5% әлсіз сілтілік реакция көрсететін сұйықтық, қалған мөлшері органикалық зат: нәруыз және ферменттерден тұрады.

Муцин – сілекейді жабысқақ ететін нәруыз.

Лизоцим – микробтарды жоюға қатысатын нәруызды зат.

Птиалин (амилаза) ферменті – крахмалды,

мальтоза– дисахаридтерді глюкозаға дейін ыдырататын ферменттер.

Асқазанда ас 4-11 сағатқа дейін болады да, асқазан сөлі арқылы, негізінен, химиялық өңдеуге ұшырайды. Ал асқазанда тәулігіне 2-2,5 л асқазан сөлі бөлінеді. Асқазан сөлінің негізгі ферментері – пепсин мен химозин. Пепсин  нәруызды ыдыратады, ал химозин сүтті ыдыратады.

Бейнефильм

Астың асқазанда қорытылуы

1.тапсырма: Ас қорыту мүшелерін жаз

2 тапсырма: Тістің орналасу түрлерін жаз.

3 тапсырма: Сәйкестігін тап.

ІҮ.Бекіту:

ТЕСТ

1. Нәруызды ыдырататын пепсин ферменті қай ортада белсенді:

А) бейтарап

В) қышқыл

С) сілті

Д) аталғандардың бәрі

2. Сілекей құрамында зиянсыздандыратын қасиеті бар нәруызды зат:

А) лизоцим

В) пепсин

С) мальтоза

Д) тұз қышқылы

3. Сөл бөліну мен жұтыну орталығы мидың қай бөлімінде болады:

А) сопақша мида

В) аралық мида

С) мишықта

Д) үлкен ми сыңарлары

4. Қандай без қанды тазартады,өтті бөледі және глюкозаны гликогенге айналдырады:

А) ұйқы безі

В) бауыр

С) тоқ ішек

Д)  аш ішек

5. Қандай органикалық заттар лимфа жүйесіне сіңіріледі:

А) майлар

В) нәруыздар

С) көмірсулар

Д) витаминдер

Ү.Қорытындылау:

Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі

—  Артық салмақ

—  Семіру

—  Асқазан аурулары

—  Қыжылдау

—  Холестерин деңгейінің көтерілуі

Салауатты өмір салтына байланысты мақал-мәтелдер

“Салауатты күн кешу –саналы өмір сүрумен үндесу”.

“Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі”.

“Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде”.

“Саулықтың кепілі – салауатты өмір”.

“Апыл-ғұпыл ішкен ас, асқазанға түскен тас”

ҮІ.Бағалау:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *