«Мақта қыз бен мысық» ертегісі


Омарова Гулзира Полатовна
воспитатель Ясли сад «Ақбота»

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы түсінік беру.

Білімділік: ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру.  Ертегі туралы білімдерін  кеңейту. Кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету.Сұрақ –жауап арқылы ертегіні  терең түсіндіру.

Дамытушылық:  рөльдерді  дұрыс орындауларын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын , сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.

Тәрбиелік:  балаларды еңбекке, достыққа , татулыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,   сахналау, қорытынды, мадақтау.

Қажетті заттар:  кйіпкерлер,  ортада үстел үстінде ыдыстар, қатық сыпырғыш, мейіз.

Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті
+

Мотивациялық қызығушылық.

Тақтамен жұмыс:

И. Н. Мурашковска әдістемесі:

Сергіту сәті:

Қорытынды:

Мадақтау:
«Шаттық»  шеңбері

–         Жақсы балалар!

Тақтадан қандай кейіпкерлерді көріп тұрсыңдар?

Бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

-дұрыс айтасыңдар балалар!

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы   « Мақта қыз бен мысық» ертегісі. Бұл ертегіні оқып, түсініп қана қоймай,  ертегі киіпкерлерінің  рөлінде өзіміз  ойнап көрсетеміз.  Бұл ертегі Ыбырай Алтынсариннің  «Мақта қыз бен мысық » ертегісі.

Ертегіні оқып, мазмұнын ашып әңгімелейміз.

Сурет бойынша әңгіме құрастыр

Балалар,  енді қолымызға мына ойыншық дүрбіні алып, суреттерді бөлшектерге бөле отырып сипаттаймыз және  әңгіме құрастырамыз.

Балалар, естеріңе  түсіріңдерші, ертегі қалай басталады?

–         дұрыс айтасыңдар

Олай болса ертегіні  мұқият тыңдаймыз.

Ертегі  қызықты болдыма?

Олай болса осы ертегіні сахналап көрейік.

-Сабағымыз қандай ертегі туралы болды?

-Ертегі киіпкерлерін айтып беріңдерші.

-Ертегі  сендерге ұнадыма?

-Ертегі қалай аяқталды?

Жарайсыңдар балалар!
Үлкен шеңберге тұрады

Армысың ,  арайлы көк аспан,

Армысың,  ардақты жер ана.

Армысыңдар, менің достарым,

Сәлем саған, сәлем маған!

Қимыл-қозғалыс арқылы жасайды

Қыз, мысық, сиыр, ағаш, қыздар,   дүкенші, тауық, тышқан .

«Мақта қызбен мысық» ертегісінің кейіпкерлері.

Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

Мақта қыз – оның басы, көзі, денесі, қолы, аяғы бар.

Сиыр ол үй жануары, оның басы, денесі, төрт аяғы, құйрығы бар және ол бізге сүтін береді.

Мысықтың басы, құлағы, денесі, төрт аяғы, құйрығы бар.

Тауық үй құсы. Тауықтың басы, денесі , аяғы бар. Ол шөппен , дәнмен қоректенеді.

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі құйрығы келтеде  деп басталады.

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз.

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз.

Аяқтармен топ-топ

Басып орнымызға барамыз.

Иә

Ортаға таңдалып алынған кйіпкерлер шығады.

Әже болып кйінген бір қыз ертегіні айта бастайды.

Қалған балалар көрермендер болып, қызықтап отырады

«Мақтақыз бен мысық»

ертегісі  туралы болды.

Кейіпкерлерді атап айтады.

Иә

Сәтті аяқталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *