Ашық тәрбие сағатың: «Денсаулық бар байлығым»


Жанакулова Дина Тлектесовна
воспитатель КГУ «Качирский детский дом»

Тәрбие сағатың мақсаты:
Балаларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Балалардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: балалардың газеттері, түрлі түсті қағаздар, жіп және т.б.

Түрі: Ашық тәрбие сағаты, сайыс

Сабақ әдәсі: Интерактивті, баяндау, сұрақтар арқылы.
Тәрбие сағат барысы:

І. Шаттық шеңбері

Құрметті қонақтар, балалар! Балалар өздерің көріп отырғандай, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. «Сәлем -сөздің анасы, сөз – сарасы» – Қазақ халқының ұғымы бойынша сәлем беру- тәрбиелік пен адамгершілік белгісі. «Әдепті елдің баласы, Алыстан сәлем береді» дегендей сәлем беру қалыптасқан ұлттық дәстүріміз.

Сәлеметсіздерме апайлар!
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымызда, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге!

Кіріспе:

-Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет?

-Денсаулық

-Балалар денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жауабы: Спортпен шұғылдану, күн тәртібін жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу

«Денсаулық -зор байлық» деген сөздердің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Денсаулық- бар байлығым» деген тақырыпта ашық тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Бүгінгі тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді, өткен тақырыпты қайталап бекітеміз.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

(Әділ қазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: )
Бүгінгі сайысымыздың негізгі кезеңімен таныстырып өтейін:

І бөлім: Сәлем берем халқыма

ІІ бөлім  Денсаулығыңды  ойласаң

ІІІ бөлім   «Тәрбие көзі – халықта»  мақал-мәтелдер жарысы.

IV  бөлім  Мимикалық ойын

V-  бөлім Салауаттылық,  денсалыққа  викториналық сұрақтар.

VI  бөлім  Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын   жол  ізде.

Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.

 

-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.

1. Топ балаларын екі топқа бөлу. (Түрлі –түсті қағаз арқылы )
1- топ «Денсаулық»
2- топ «Салауат»
І бөлім: Сәлем берем халқыма

Шарты: Таныстыру, ұраны

1топ «Денсаулық» Ұраны: «Денсаулық –зор байлық».
2топ «Салауат»  Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»

ІІ бөлім  Денсаулығыңды  ойласаң

1топ «Денсаулық»
1-бала: Темекінің  шығу  тарихы.

Темекі  Европа мен  Азия  ХҮ ғасырда келген. Алғашқы  кезде  темекі  тіс  ауруына  қарсы  қолданылатын  дәрі  ретінде  пайдаланып  жүрген.

2-бала:

Темекі  шегуші  адамдар  тек  өзінің  ғана улап қоймай , қасындағы басқа

адамдарды да уланатыны  белгілі.

3-бала:

Темекінің  басты  зияндылықтарын  айтар болсақ,олар  төмендегідей  болады.

-Ерін,тіл  және  өңеш  қатерлі  ісігіне душар болады.

-Асқазанда  жара  пайда  болады.

-Жүрек  ауруларына  шалдығады.

-Тез қартаяды  теріде  әжім  пайда  бола  бастайды.

-Өкпе мен  көмекей  қатерлі  ісігіне  ұшырайды.

4-бала:

Жыл  сайын  дүние  жүзінде  темекі  шегудің  салдарынан 4млн  адам  қайтыс  болады  екен. Өлімге алып  баратынын  бірден-бір зиянды  зат  екенін  айтып , әрбір  тал  темекі  адам  өмірін    12 минутқа  қысқартқанын  анықтаған.

5-бала:

Темекі  тарту  адам  денсаулығына  көп зиян  келтіреді. Адамның  дене  мүшесіне ең  ауыр  әсер  беретіні – никотин. Ол темекі  жапырағының  алкалоиды  майлы  түссіз  немесе  жағымсыз  иісі және күйдіргі  дәмі  бар  ақшыл  сары  сұйықтық. Никотинге  адам  денесінің тез үйреніп  кететіндігінен  оған  уланып жатқанын  сезбейді.

2- топ «Салауат»
1-бала:

Алқаголь  — адамның  денсаулығына  қауіпті  жау. Ғалымдардың  айтуына  қарағанда  ішімдік  ішетін  адамдардың  ағызасына

зақымданбаған  ағыза  болмайды  екен. Арақ ішетін адамдардың өмірі  ағызаның  әлсіреуіне,ерте  қартаюға,  өмірінің қысқа  болуына себеп болады.

2-бала:

Арақ ішетін адамдардың өмірі арақ ішпейтін адамдардың өмірінен 15-20 жылға қысқа болады екен.

Ол адамның мина орталық жүйке жүйесіне зақым  келтіреді. Ми  жасушаларын  өлтіреді. Тіл, бауыр, кеңірдек,  бүйрек  қатерлі  ісігімен  көп  жағыдайда  маскүнемдер  ауырады.

3- бала.

Ішімдік  ішетін  адамның есту, есте сақтау  қабілеті  төмендеп, күш-жігері  әлсірейді.  Миы  уланып  дұрыс  жұмыс  істемеген  соң денесі  жарақаттайды, жүрісі  бұзылады.

4-бала.

Жасөспірімдер  арасында  ішімдік  ішуге  әуестенуге  себеп-өз  жанұясы. Маскүнемдік  жанұяға  әрқашан  үлкен  кедергі  тигізеді. Ішіп  алған  адам  жанұясында  жанжал  шығарып, шырқын  бұзады.

5-бала.

Маскүнемдікті  дер  кезінде  тоқтатпасаң, айықпас  дертке  ұшырап,  өз   өміріңе  өзің  балта  шабасың !

1топ «Денсаулық»
1-бала.

Нашақорлық- бұл адамның  көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез

құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат.

Ол  адамның   есін  алып,  құмарлық  желісіне  ұшыратады, нашақор есірткісіз  өмір  сүре  алмайтын  бейшара халге  түседі.

2- бала.

Нашақор адам өзін өте жеңіл сезінеді,өзге бір  мәселелерді және

жауапкершілікті ұмытады.Егерде   нашаны  ары  қарай   қолдана  беретін  болса  адам  денесі  оған  үйреніп  ауыр  улануға  душар  болады.

2- топ «Салауат»
1-бала:

Нашақорлар  өздерінің дене мүшелерін ғана улап қоймай  жандүниелерін де бұзады.  Жұмыс   істеу  қабілеті  нашарлайды,  біртіндеп

толық     мүгедектікке  айнала  бастайды,  соның  негізінде  жас  кезден-ақ  нашаның   салдарынан  адамды  өлімге  жетелейді.

2-бала.

Жаман  адамдар  сені  қорқытып,  саған  үстемдік  көрсетіп  топқа  қоспаймыздеп  маған  билік  жүргізгісі  келеді. Ондай  адамға  еруге   болмайды.

ІІІ бөлім   «Тәрбие көзі – халықта».

Екі топ денсаулық, ауру туралы мақал – мәтел ауызша. Кезекпен 5 мақал-мәтел.

ДЕНСАУЛЫҚ, АС-ДӘМ, СЕРГЕКТІК ТАЗАЛЫҚ ТУРАЛЫ

 

1.Денсаулық зор байлық.

2.Тазалық — саулық негізі.

3.Бірінші байлық — денсаулық,

Екінші байлық — ақ жаулық,

Үшінші байлық — он саулық

4.Аурудың алдын ал.

5.Демі бардың емі бар.

6.Көзің ауырса, қолынды тый,

Ішің ауырса, тамағың тый.

7.Көкірек ауру күле кетер.

8.Ауру аздырады,

Суық тондырады.

9.Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

10.Ауру батпандап кіріп,

Мысқалдап шығады.

Мақал мәтелдің жалғасын тап:

1.Дауды елемеген төлейді,

Ауруды елемеген өледі.

2.Іздеп алған аурудың емі табылмас.

3.Жасыңда салақ болсаң,

Бара-бара былық боларсың.

4.Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде.

5.Ауру желмен келіп, термен шығады.

6.Сырқат – тән жарасы,

Қайғы – жан жарасы.

7,Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.

8.Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

9.Демі бардың емі бар.

ІV Мимикалық ойын:

1.     Темекі зиян екенін көрсету.

2.     Арақ,есірткі шеккен адам. Бейнесін көрсету.

3.     Таңғы жаттығулар немесе спортпен айналысу.

4.     Таза ауада серуендеу.

V бөлім  Салауаттылық,  денсалыққа  викториналық арналған сұрақтар.

Дені сау   адам  қандай   болады?

Табиғатты   неге   денсаулықтарыңды   қалай  күтесіңдер?

Өз   денсаулықтарыңды    қалай  күтесіңдер?

Денсаулыққа  қажетті   дәрумендерді  қайдан   алуға   болады ?

Дұрыс   тамақтану  дененді    қайдан   түсінесіңдер ?

Қандай   спорттың    түрлерімен   шұғылданасыңдар ?

VІ  бөлім  Ауырып  ем  іздегенше, ауырмайтын   жол  ізде.

Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.

Тәрбиеші:

-Балалар, біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық?(Денсаулық)

Сонымен денсаулық деген не?

Денсаулық – адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.

Денсаулық – дұрыс тамақтану.

Денсаулық – тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.

Денсаулық – таза ауада көбірек жүру.

Денсаулық – тазалық сақтау.

Денсаулық – тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.

Денсаулық – тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

Деніміз сау болсын десеңдер, міне жоғарыда айтылғанның бәрін денсаулық үшін істелетін жұмыстар. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтқандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз керек.

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па,әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та,даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды.Дені сау кедей,ауру патшадан бақыттырақ » деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек,. Сонымен «Денсаулық бар байлығым»деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

Бекіту:
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір бала «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған балалар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
VII Қорытынды:
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *