Ашық тәрбие сағатың: «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!»


Токабаева Элмира Казкеновна
воспитатель КГУ «Качирский детский дом»

Мақсаты:
1) Балаларға еліміздің бас қаласы – Астана туралы мәлімет беру.
2) Астана туралы деректермен білімін дамыту, балалардың ой – өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тіл байлықтарын дамыту.
3) Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Астананың көрікті жерлерінің суреттері слайд, қанатты сөздер, Бәйтерек, пирамида макеттері және Ақ Орданың баннері ҚР картасы.
бейнероликтер, тақырыпқа байланысты түрлі тапсырмалар.

Әдісі: Сұрақ – жауап, ой қозғау, топтық, сезімнен туған өлеңдер, эссе жазу.
Түрі: ашық тәрбие сағаты

Тәрбие сағатың  барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, амандасу тренингті өткізу..
І. Ой қозғау.
Балаларға Алтынай Жорабаеваның орындауындағы «Елімнің жүрегі – Астана» әнін тыңдату. Тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырып талдау.
– Ән не туралы, ия балалар «Астана» туралы, себебі, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы  Астана қаласы құрметіне арналмақ «Еңселі Елорда, асқақтаған Астана!»

Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек.

Балалар, біз осы Астана туралы не білеміз? Астананы картадан кім көрсетіп береді? Астана туралы мәлімет жинақтаңдар.

Тәрбиеші: Мына қағидаларға Қазақстанның қай саласы сәйкес келеді

Слайдтан кезекпен балалар оқиды:

Еліміздің орта тұсында тұр

Көпұлтты өңір

Тоғыз жолдың торабында тұр

Бозоқ қаласының орны

Сыртқы шекарадан алыс орналасқан шетелге шығу «ТрансЕуразия» арнасына таяу орналасқан

Экономикаға тиімді 30 гектар бас алқабы бар

Экономикалық ахуалы қалыпты 32 өлшем бойынша басқа қалалардан артықшылығы бар Сауда орталығы болған

Әрине, бұл

Бірге:  – Астана.

Тәрбиеші: Балалар, біз неліктен «Астана» туралы ой қозғадық деп ойлайсыңдар?

Балалардың жауабы:
1 бала: Себебі, алдымызға еліміздің ең айтулы мерекесі Астанаға 20 жылдық мерей тойы келе жатыр.

2 бала: Өйткені Астана – еліміздің бас қаласы, еліміздің жүрегі.

Тәрбиеші: Ия, балалар, олай болса, бізде бүгін  Астана туралы  жырлап, әңгімелеп, мақтан етейік.
Балалар, Астана дегенде естеріңе не түседі? (балалар кезекпен айтады)
-Бәйтерек

-Ақ Орда резиденциясы

-Бейбітшілік пен келісім сарайы

-Тәуелсіздік Сарайы

-Қазақ елі монументі

-Нұр Астана мешіті

-Цирк ғимаратының құрылысы

– “Думан” ойын-сауық

-Республикалық велотрек

-“Астана-Арена»  футбол стадионы

-“Алау» мұз айдыны

– Назарбаев Университетi

-“Хан шатыр” ойын-сауық орталығы

-Қазақстан орталық концерт залы

-Хазрет Сұлтан мешіті

-Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені

3 бала: Әр елдің баласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек.

4 бала: Өйткені Астана –  еліміздің бас қаласы.

5 бала:  Астана –  Еуразияның нағыз географиялық кіндігінде орналасқан.

Тәрбиеші:

Астана қаласының бұрынғы атаулары туралы не білеміз?

Балалардың жауабы:

1 бала: Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн – 1998 жылы 10 маусым.

2 бала: Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған.

3 бала: 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді.

4 бала: 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды.

Тәрбиеші:  Елордасы Ақмоланың атын не үшін өзгертті?

Бала слайдтан оқып береді

– Себебі, “мола” қазақ ұғымында зират, өлген адамның мүрдесі деген мағынаны беретін болса, екіншіден шетелдіктер оны сөзбе–сөз аударып, қала болашағына қорқынышты тұжырымдар жасап жатты. Сондықтан, бас қалаға елді елең еткізер есім қатты қажет еді. Астананың атауына байланысты Елбасы: “Шынын айтқанда, астананың атауын ауыстыру ұдайы ойымнан шықпай, үнемі іздеумен болдым. Сөйтіп жүргенде, бір жолы түнде дәлірек айтсам, сағат түнгі екіде Астана деген атау ойыма сап етіп, көкейіме қона кеткені Астана дегеніміз – астана қазақша әдемі естіледі”

Тәрбиеші: Астана туралы тағы не дейсіңдер?

1 бала: Астана – Қазақстанның жаңа қаласы.

2 бала: Астана күн сайын, сағат сайын өркендеп өсіп келеді.

3 бала: Шетелдік қонақтар оны дүниенің сегізінші кереметіне теңеп «інжу маржан» деп бағалауда.

4 бала: Біз – осы елдің болашақ патриотымыз.

Тәрбиеші:

Қалай ойлайсындар Елбасы отыратын – орны

5 бала: Ақ Орда резиденциясы

6 бала: – Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. (баннер)

7 бала: Ақ Ордада Президентіміз шет елден келген елбасыларын қабылдайды.

8 бала: Түрлі жиналыстар өтіледі.

Тәрбиеші: Астананың  символы не?
1 бала: Есіл өзенінің сол жағында, Қазақстанның жаңа астанасына жарқырай енген, жаңа астананың символы –  «Бәйтерек» (Бәйтерек макетімен жұмыс)

2 бала: «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды.

3 бала: «Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады.

4 бала: «Бәйтерек» монументі (биіктігі 97 метр) рухы жағынан да, мағынасы жағынан да бізге, яғни қазақ халқына барынша жақын.

5 бала: Бәйтерек – Астананы құс ұшатын биіктіктен көрсетеді.

6 бала: Шардың ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының таңбасы бар үшбұрышты күміс бойтұмар орналасқан.

Тәрбиеші: Пирамида туралы не дейсіңдер?

(Пирамида макетімен жұмыс)

1 бала: Астана қаласында 100-ден  астам ұлт өкілдері тұрады.

2 бала: Бейбітшілік және Келісім Сарайы Қазақстан жеріндегі – бірлік пен достастықтың, бейбітшілік пен ынтымақтастықтың белгісі.

3 бала: Елордада Пирамида тәріздес сарайды салу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы.

4 бала: Жоба авторы белгілі ағылшын архитекторы Норман Фостер.

5 бала: ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.

6 бала: -«Астана – татулық пен бірліктің ордасы»

7 бала: Астана Боливияда өткен «Әлемдік қалалар» халықаралық конкурстарда «Бейбітшілік қаласы» аталды.

8 бала: Сүйікті Елордамыз Астана қаласы болашақтың қаласы көз алдымызда өсіп келеді.
ІІ. « Мейірімді жүрек» ойыны

ІІІ. Қызығушылығын ояту. (Ойларын ортаға салу). Астана қаласының айшықты жерлері туралы не біледі екен? Ойларын ортаға салсын.

Слайд арқылы жұмыс
“Нұр Астана” мешіті.

Есілдің сол жағалауындағы еліміздің бас мешітінің алтынмен апталған негізгі күмбезінің биіктігі – 43 метр, одан өзге 25 кіші күмбездері бар биіктігі 63 метрлік төрт мұнарасы бар. Имандылық үйінің сәулеті қызықтыра көз тартады. Мұнда бір мезгілде 10 мың адам намаз оқи алады.

Тәуелсіздік сарайы.

Тәуелсіздігімізді паш етіп тұрған тәуелсіздік сарайы туралы бізді Шынар таныстыратын болады. Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайы Елбасымыздың тікелей бастамасымен 2007 жылдың желтоқсанында алғашқы кірпіші қаланған сарай құрылысы бір жылдың ішінде толық аяқталды. Астана қаласының он жылдық мерейтойына арналып салынған бұл ғажайып ғимарат Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.

Тәрбиеші:  Балалар, сендер байқап отырған болсаңдар Астана қаласының барлық көрікті жерлері қай өзеннің жағалауына салынған?

– Олай болса Есіл өзені туралы не білеміз?

Балалардың жауабы:

Есіл – республикамыздың солтүстік өңіріндегі Қарағанды, Ақмола, Торғай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарының жерін басып өтетін өзегн атауы. Есіл деп аталатын елді мекен де бар.

– “Есіл” атауының алғаш дүниеге келуі туралы зерттеушілердің екі пікірі бар. Бірі- Есіл атауын “жасыл” деген зат түсімен байланыстырса, екіншісі – етістік түбірін тілге тиек етеді.

 

ІІІ Викториналық сұрақтар.

“Сен білесің бе?”

1.Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындарының саны қанша адамға жетті?
2.   стана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр ? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
3.   Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
4.   Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа)
5.   Астанадағы ең басты қатынас жолы. (Республика даңғылы)
6.   Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат. (Астана – Тауэр)
7.   Қазақстанның схемалық картасы іспретті парк қалай аталады? (Атамекен)
8.   “Думан” океанариумына теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
9.   1900 жылы Ақмола уезінің ең мықты болуына және қара күш иесі кім еді? (Қажымұқан Мұңайтпасов)
10. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)

 

ІV. Қорытындылау.

Астана туралы білетін, жинақтаған өлеңдері, жырлары болса айтып ортаға салып тәрбие сағатты аяқтаймыз.

 

Тәрбиеші: Міне, 1998 жылдан бері көркейіп келген Астана әсем қалаға айналды. Астананың өркендеуі – Қазақстанның дегендей, Астанаға әсем ғимараттар мен мәдени сарайлар салынғалы бері Астанамызға күн сайын жан – жақтан туристер, қонақтар ағылып келіп жатыр.

– Бүгін тәрбие сағатың тақырыбы қандай болды?
– Біздің Астана қандай қала?
– Астанаға қандай тілек айтасыңдар?

Тренинг: «Жүректен жүрекке»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *