Ашық тәрбие сағатың: « Қайырымды болып үйренейік»


Салимова Сайра Амангельдиновна
воспитатель КГУ «Качирский детский дом»

Мақсаты:

–         Баланың бойына рухани-адамгершілік  қасиеттерді ұялату, жақсы-жаманды ажырата білуге ,адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету.

–         Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту,оларды  адамгершілікке , имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мейірімділіктің және қайырымдылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: слайд, суреттер.

Сабақтың барысы:    Ал, балалар  тәрбие сағатымызды бастау үшін ең біріншеде бір – бірімізге жылы лебіздер тілейік.

Жақындап келіп қосыла,
Жер шарының көлемін.
Көңілді болып құрайық,
Жерден біз нәр алайық.

Қуанамын мен де, (Өзін көрсетеді.)

Қуанасың сен де, (Жанындагы досын көрсетеді.)

Қуанайық, достарым, (Бір-бірінің қолдарынан устайды.)

Арайлап атқан күнге! (Қолдарын жоғары көтереді.)

– Балалар, «Шаттық шеңберінде» бір-бірімізге өзіміздің жылы жақсы сөздерімізді шын көңілмен, мейіріммен жеткізейік.

Қимылдарды көтеріңкі көңіл күймен, өз еркімізбен жасайық.

—– Жақсы, балалар өте тамаша айттыңдар.

Балалар мен сендерге мынадай шағын кішкентай тапсырма бергім келеді,  осы тапсырманы орындасаңдар біздің тәрбие сағатымыздың атауы шығады.

Сондықтан:

Бірінші ретінде: Мен сөздерді тақтаға ілемін.

Екінші ретінде:  Сендер бірігіп оқисыңдар.

Үшінші ретінде: Осы сөздерді жинастырып бір сөзбен айтасыңдар.

Тәрбиеші:

Балалар! Бүгінгі біздің тәрбие сағатының тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет». Адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.

Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты – әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

 

I – тапсырма  Абайдың 14 сөзімен таныстыру

«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі.

Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?

— Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.

— Адамзат ненің, кімнің  мейіріміне бөленген?

— Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөлінеді.

 

Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:

«Мейірімді адам» жәнә «Қайырымды адам» дегенді қалай түсінесіңдер?   –

Қайырымды адам – қолында барын аямай, кем – кетікке барын бөліп беретін адам

– жомарт адам .

Адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі.

Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді.

Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?

Мейірімді, қайырымды адам – қиын сәтте қол ұшын беруге, көмектесуге даяр адам. Жақсылық жасайтын адам.

Табиғатты сүйетін адам. Аң-жануарлар мен құстарға қамқорлық көрсететін адам.

Сыпайы, әдепті, жинақы адам. Үлкенді сыйлайтын, достарын сыйлайтын адам.. (Балалардың жауаптары тыңдалады.)

 

II – тапсырма «Мейірімділік шуағы» сөзін топтастыру

(Тақтаға балалалар осы сөздің мағынасын ашатын сөздерді қойып шығады)

«Мейірімділік гүлін» құрастыру, түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды.

(Сүйіспеншілік, қамқорлық, жарастық, ынтымақ, бауырмалдық, махаббат, бірлік, достық.)

 

III – тапсырма «Мейірімділік» өлеңін оқу және мағынасын ашу

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,

Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.

Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,

Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.

Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,

Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.

Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,

Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.

Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,

Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.

Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,

Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.

 

IV –  «Болады-болмайды» тренингі (Сергіту сәті)

(балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші болатын нәрселерді айтқанда балалар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)

-Мейірімді болуға …. (болады),               Кешірімді болуға …. (болады),

Қатыгез  болуға …. (болмайды),              Тәртіпті болуға …. (болады),

Әдепті болуға …. (болады),                     Ұрысқақ болуға…. (болмайды),

Сыпайы болуға …. (болады),                   Қайырымды болуға …. (болады),

Бұзық болуға …. (болмайды),                  Бауырмал болуға …. (болады),

Ақылды болуға ….. (болады),                  Мақтаншақ болуға …. (болмайды),

Шыншыл  болуға …. (болады),                Арам болуға …. (болмайды),

Маман болуға …. (болады),                     Жаман болуға …. (болмайды),

 

V – Тапсырма:«Кім және не мейірімді? Не қайырымды? » түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

Күлімдеген …. мейірімді. (күн)      Кіршіксіз ақ ….  мейірімді! (қар)

Таза мөлдір….  мейірімді!  (су) Бәрімізді көтеріп түрған  …. мейірімді!  (жер)

Аяулы …. мейірімді! (анам)            Қадірлі …. мейірімді! (әкем)

Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)   Еркелеткен ….  мейірімді! (атам)

Жылы жүзді  …. мейірімді! (ұстазым)   Тату-тәтті …. мейірімді!  (достарым)

 

Келесі тақырып алдынан, балалар біз бір шағын көрініс көрсетейік, бұл көріністің мағынасын ашамыз.

Көрініс: «Кешір мені, ана»

Автор:   -Жалдамалы пәтерде анасы мен баласы әңгімелесіп отырады.

Анасы:  -Балам, сабағыңды жақсы оқы, әкең екеуіміздің ойлап жүргеніміз сенің қамың.

Жақсы тамақтанып, жақсы киінсін деп тынбай еңбек етудеміз.

Сабағыңды жақсы оқысаң, болашағыңнан үлкен үміт күтеміз. Ал,енді мен жұмысқа кеттім.

Баласы:  — Жарайды, ана, уайымдамаңыз.

Автор:   -Анасы шығып кетеді. Бала сабағын оқып отырады. Осы кезде сырттан екі бала келіп оны ұйымға кіруге үгіттей бастайды.

Олар:     -Сен біздің ұйымға кіресің бе, онда қызықты нәрселер көп.

Бала:      -Жоқ, мен анамның айтқанын орындап, сенімін ақтауым керек.

Екеуі қарқылдап күледі:   -О, күшік! Анасының айтқанынан шықпайды, жігіт емессің.

(Екеуі баланы ұрып-соғып қорқытады)

-Енді қалай, ойландың ба?

Бала:    Жарайды,жарайды.

Әлгі екеуі:  -Ендеше былай, қазір үйіңнен бізге ақша әкеліп бересің.  (Екеуі шығып

кетеді)

Автор:  — Бала қорыққанынан анасының сөмкесінен ақша ұрлап әкеліп береді.Анасы жұмыстан келген соң баласының түрін көріп таң қалады.

Анасы:  -Балам, түріңе не болған?

Баласы:  -Ештеңе, құлап қалғанмын.

Автор:    — Анасы сөмкені ашып қараса ақша азайған сияқты.

Анасы:  -Балам, сөмкедегі ақшаны сен алдың ба?

Баласы (дауыс көтеріп):  -Жоқ, неге менен көресіз? (Үйден шығып кетеді).

 

Балаларға пікірталас сұрақтар:

1. Осы жағдайға кім кінәлі?

2. Баланың іс-әрекеті орынды ма, сен болсаң не істер едің?

3. Әлгі екі бала туралы не айтасыз, мұндай балаларға бұл іс неге қажет болды?

4. Көрініс соңын қалай аяқтар едің?

VI –  тапсырма Жағдаяттарды шешу

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай  шықты , сен не істер едің?

3-жағдаят: Сенің  анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Тәрбиеші:  -Балалар  сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше  бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «Мейірімділік ағашына»  жемістерді ілеміз.

 

«Мейірімділікке және қайырымдылыққа үйренейік» видео балаларға көрсету.

 

Жүректен жүрекке» жаттығуы.
Алдарыңда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соны алайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар.
Қызыл-адамгершілік.
Сары- адалдық.
Қызғылт- мейірімділік.
Көгілдір- сүйіспеншілік.
Жасыл- әдептілік.
Көк- ізеттілік.
Ақ-қайырымдылық.
Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін

 

Қорытынды:  -Балалар бүгін тәрбие сағатта  адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер?

Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер?    (балалар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар  бір-біріне  әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін  күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған  адамдарға,бауырларына  мейірімділік таныта білуі керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *