Панно бетіне тоқыма жіптермен орындау


Шаймерденова Айгерим Талгатовна
«Түркістан Ахмет Ясауи»  кәсіби  колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Сабақтың тақырыбы: Панно бетіне тоқыма жіптермен орындау

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға панно жасауды үйрете отырып, сәндік қолданбалы өнердің жаңа түрімен таныстыру.

1.      Білімділік: Оқушылардың білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың панно бетіне тоқыма жіптермен орындау  жолдарын есте сақтауды  қалыптастыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, жасалатын бұйымға ынтамен қарауға, біткен бұйымды талдап, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Видеопроектор

Сабақтың түрі: Тәжірибелік

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу,  түгелдеу, журнал толтыру, оқу құралдарын реттеу, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй  тапсырмасын тексеру.

Тақырыбы:    Панно бетіне жануар эскизін орналастыру

1.Панно өнері

2.Эскизді орналастыру

2.1 «Нобайлар сөйлейді» ойыны бойынша  киім үлгісіндегі немесе ою арқылы берілген сұрақтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

1.Ою-өрнектердің кестелеу техникасының ең көп тараған түрі

2.Кестелеу барысында қандай жіптер қолданылады?

3. Сіз бүгін үй жұмысынан 5 алдыңыз.

4.Қымбат салтанатты киімдер қандай түсті тігістермен әшекейленді?

5. Киімдерді сәндеу барысында нелер қолданылды?

6. Сіз өте сұлусыз.

7.Қазақ ұлттық киім дегенді қалай түсінесіз?

8. Кестенің қай түрі арқылы сырт бұйымдарға және бас киімдерге ою-өрнектер әшекейленді?

ІІІ. Жаңа сабақ.

1.Тоқыма өнері (бейнебаян)

2.Панно түрлері

1.Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән бермеу адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл-күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғартуға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау еткен. Өнер туындыларының бет бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілімен атқарыла сыр шерткендей. Қазақ қолөнерінің түрлі,  сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің келуі көшпелі өмірмен тығыз байланысты. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның ортақ қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. «Шебердің қолы ортақ» деген мақал ел ішінде бекер айтылмаса керек. Нағыз шеберлікке жету үшін табандылық, іскерлік, талғампаздық, білім қажет. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнердің алуан түрлерін ойлап тапты. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегілі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-анамыз  өз бойындағы бар асыл қасиеттерін ұрпақтан ұрпаққа үйретіп келген.

Тоқу өнері-қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бірі. Бұл тамаша өнер қазіргі заманда жалғасын тауып, көрші халықтардың өнер шығармашылықтарымен толысып, дамып, әсемдігімен, көркемдігімен көз тартып, эстетикалық талғамда өркендей  бермек.

Тоқу өнері-қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер.  Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемдікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі-тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі-түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған.

2. Панно қоғамдық мәдени орындарын, үй –ішін көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы.Панно түрлері: Жасанды. Матадан. Қағаздан.
1. Икебано жасанды гүлдер және табиғи материалдардан жасалынған панносы.
2.Матадан жасалған гүлдер панносы.
3.Түрлі –түсті қағаздан жасалған жапсырмалау панносы.
Табиғи материалдардың көптеген түрі бар: ағаштың қабығы, бұтағы, кептірілген жапырақтар, кептірілген гүл, жаңғақтың сырты т.б

Панно (фр. panneau, лат. рannus – мата кесіндісі)

 

Панно

1) мүсіндік бейнелер немесе түрлі суреттермен әшекейленген қабырғаның бір бөлігі;

2) қабырғаның бір бөлігін немесе үйдің ішкі төбесін әсемдеу мақсатымен салынған кескіндемелік туынды.

Жасалу жолы:

Эскиз дайындап аламыз. Енді атқаратын жұмыстар бойынша панноға жіп түстерін дұрыс таңдап дайындап, пайдалану. Жұмысты жапсырмалау әдісімен орындайтын болғандықтан, үлгі суреттерінің ірі бөліктерінен, заттарынан бастауына болады. Әдетте тоқыма әдісінде төменнен жоғары қарай бірқалыпты әдіспен орындалады. Ол үшін жіпті дұрыс таңдап, оны желімдеп, заттар формасын айқындап, жапсырмалау керек.  Пайдаланған материалына (ағаш, металл, қыш, тас, әйнек, мата, т.б.) қарай әшекейленеді. Қазақ жерінде күмбезді құрылыстардың қабырғасын өрнекті кірпішпен өріп тұрғызу XI  ғасырдан белгілі. Мысалы, Бабажы қатын (XI ғ.), Қарахан (XI ғ.) және Айша Бибі (XI ғ.) мазарларындағы әшекей-өрнектер. Соңғы жылдары панно жанрлық жағынан ерекше дамыды. Сәулетті қоғамдық ғимараттар мен үйлердің интерьерлері, экстерьерлері безендірілді.

IV. Бекіту:

4.1 Дәл жауап бергейсің

Ойымды жалғастыр…..

-Еңбек түбі (береке)

-Білім инемен (құдық қазғандай)

-Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

-Бес бармақ жұмылса, (жұдырық болады)

-Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)

-Бірлік жоқ жерде (тірлік жоқ)

-Ине өткен жерден (жіп өтер)

4.2. Эскиздермен жұмыс. Түрлі-түсті жануар үлгісінде  салынған суреттер бойынша тоқыма жіптерді таңдап, сурет бетіне желімдеу.

Жұмыс 5 түрлі талап тұрғысынан бағаланады.

1.Жіп түстерін таңдау         (9-10 ұпай);

2. Суреттің ірі бөлігінен бастау    (7-8 ұпай);

3.Төменнен жоғарыға қарай бастау (5-6 ұпай);

4.Жіпті желімдеу (3-4 ұпай);

5.Заттар формасын айқындау  (1-2 ұпай).

4.3. «Ойландырар он сұрақ»  бойынша оқушылардан сұраққа жауап  алу.

1.Панно дегеніміз? (Қоғамдық мәдени орындарын, үй ішін көркемдеу үшін жасалған өнер   туындысы)

2.Панноның қандай түрлері болады? (Жасанды, матадан, қағаздан)

3.Жасанды гүлдер мен табиғи материалдан жасалған панно (Икебано).

4. Француз, латын тілдерінен аударғанда панно қандай мағына береді (мата кесіндісі).

5. Қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер саласының бір (тоқыма өнері).

6.Кесте тігетін жіп (мулине).

7.Түрлі-түсті қағаздан жасалған панно түрі (жапсырмалау).

8.Иненің серігі (жіп).

9.Жібек, шыт атлас (мата).

10. Киім тігетін құрал (машина).

V.Үйге тапсырма. Панно мен гобилен өнерінің айырмашылығын анықтау.

VІ. Бағалау.Сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындап отырған оқушыларды білім деңгейлеріне сай бағалау, журналға қою.

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Г.К. Ибрайшина Основы построения цветовых гармоний: учеб.пособие.-Алматы: КазГАСА,  2010г. стр.28, 64-95.

2.Л.В. Бриловская  Арт-дизайн: красивые вещи (серия «Стильные штучки», – Ростов н)Д:Феникс, 2004г.-256 с., стр. 36-56.

3. М.Купер, А.Мэтьюз  Язык цвета.-М. Эксмо, 2002г.-144 с.

4. Лилли Саймон и Сью. Сила цвета и цветотерапия: Используйте преобразующие силы света и цвета для здоровья и благополучия /перевод с англ.-СПб.: «ДИЛЯ», 2006г., 96 С.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *