Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы


Утепова Баян Тайжанқызы
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің арнайы пәндер оқытушысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға адам денесінің өлшемдік сипаттамасы туралы мәлімет беру, әр түріне қысқаша тоқталу.

Дамытушылық: Адам денесінің өлшемдік сипаттамасы жөнінде жалпы мәліметтер арқылы топтарға жіктеуде оқушылардың ой-өрістерін дамыту, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Жұмыс барысында оқушылардың тәртіп ережесін сақтауға, басталған жұмысты жауапкершілікпен, шыдамдылықпен, ұқыптылықпен орындауға үйрету, тазалыққа баулу;

Сабақтың көрнекілігі:  видеопроектор,  кеспе қағаздар

Сабақтың түрі: Тәжірибелік

Сабақтың әдісі:   Түсіндіру,  сұрақ-жауап, Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу,   түгелдеу, журнал толтыру, оқу құралдарын реттеу, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй  тапсырмасын тексеру

Тақырыбы: Келбет

Келбет туралы түсінік

Ересек адамдардың келбет түрлері

3. «Сиқырлы қоржын»   ойынында  нөмірленген асықтағы  20 сұраққа жауап беру.

№1.Келбет дегеніміз не?

№2.Ересек  адамдардың келбет түрлерін атаңыз.

№3.Ерлер келбеті мен әйел келбетінің айырмашылығы

№4.Қалыпты келбетке сипаттама беріңіз

№5.Еңкіш келбетке сипаттама беріңіз

№6. Шалқақ келбетке сипаттама беріңіз

№7. Ерлердің дене бітім типтері

№8. Әйелдердің дене бітім типтері

№9. Кеуделік тип дегеніміз?

№10. Бұлшық ет типі

№11. Құрсақтық тип

№12. Барлық денені май басу тобы

№13. Денені әркелкі май басу тобы

№14. Дене бітімі дегеніміз не?

№15. Пропорция дегеніміз не?

№16. Дене пропорциясы дегеніміз не?

№17. Дене пропорциясын неше типке бөлеміз?

№18.  Долихоморфтық

№19. Брохиморфтық

№20. Мезоморфтық

ІІІ. Жаңа сабақ

1.      Адам денесі мен оның бөліктерін өлшеу тәсілдері

2.      Дене өлшемдері

3.  Қосымша өлшемдер

Киім конструкциясын кез келген есеп әдісімен құру үшін ең алдымен ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек. Осы бастапқы деректердің бірінші және негізгі бөлігі болып өлшемдік белгілер табылады. Олар адам дене бітімін көлемі мен пішініне қарай сипаттайды, яғни оның өлшемдік сипаттамасын үғындырады.

Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш тәсілі бар:

– бірінші тәсіл арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез келген нүктелер арасының арақашықтық проекциясын өлшейді;

– екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын өлшейді;

–   үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді.

Нақты мәліметтер алу үшін барлық өлшемдер белгілі бір шарттарды қатаң сақтау

негізінде жүргізіледі:

а)    өлшенетін адам түзу, күштеусіз, бірқалыпты дем алып белгілі кейіпте тұрады;

б)    ерлер мен балалар аяқ киімсіз, іш киім киген, әйелдер іш киім мен көкірекше киген;

в)    барлық өлшеулер денеге белгілі нүктелер арқылы немесе тері қатпарлары және жұмсақ маталардың шекарасы арқылы жүргізіледі.

Анықталған нүктелер антропометриялық нүктелер деп аталады. Өлшеу барысында конструкциялау үшін 16 антропометриялық нүкте қолданылады (1-кесте).

г)          ұзындық және айналымдарды өлшеу 1 мм-ге дейін дәл өлшеуді талап етеді.

Негізгі өлшемдер

Бой — Б . Еденнен құлақ үсті нүктесіне дейінгі аралық.

Жартылай мойын айналымы — ЖАм. Мойынның толық айналымын өлшейді. Сантиметрлік таспаның төменгі шетін мойын нүктесі үстінен орналастырады, ол таспаны жанынан және алдынан бұғана нүктесінің төменгі шетін жанай мойынның басталу негізімен орналастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады. Өлшеу барысында мойын пішініне және орналасуы мен ерекшеліктеріне назар аудару қажет: ұзын-қысқалығына, алды мен артына иілуіне, жетінші мойын омыртқасы айналасын май басуына. Жаға фасонын таңдау ба­рысында мойын ұзындығы ескеріледі, ал конструкциялау барысында мойын ойындысының ені мен тереңдігін анықтауда мойын пішіні мен май басу сипаты ескеріледі.

Кеуденің бірінші жартылай айналымы — ЖАк1. Кеуденің бірінші айналымын толық адамдарда өлшейді. Арқаға сантиметрлік таспаны көлденеңінен жайғастырады, өлшеу көлемінің жартысы қолтық асты ойындысының жоғарғы шетін жанай өтуі тиіс. Жартысын жазып алады.

Кеуденің екінші жартылай айналымы — ЖАк2. Кеуденің екінші айналымын толық өлшейді. Арқаға сантиметрлік таспаны көлденеңінен қолтық асты ойындысының артқы бұрышына тиетіндей, қолтық асты ойындысымен қисық қиылысты тегістіктен өтетіндей етіп жайғастырады. Еркектерде сантиметрлік таспаны емізікті нүктелер арқылы, ал әйелдерде кеуде бездерінің шығыңқы  нүктелерімен жүргізеді. Соған орай бірінші, екінші кеуде айналымын сантиметрлік таспаны арқада жылжытпай бірінен кейін бірін өлшейді. Омырауы төмен түскен әйелдер дене бітімін сантиметрлік таспа­ны кеуде шығыңқысына көлденең жайғастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады.

Кеуденің үшінші жартылай айналымы—ЖАкГ  Кеуденің толық үшінші

айналымын өлшейді. Сантиметрлік таспаны еркектерде тұлғаны айналдыра емізіктік нүктелері арқылы, әйелдерде кеуде бездерінің шығыңқы нүктелері арқылы көлденеңінен орналастырады. Таспаны алдынан кеуденің оң, жағына қарай аяқтайды. Өлшемнің жартысын жазып алады.

6. Жартылай бел айналымы — ЖАбел. Белдің толық айналымын өлшейді. Таспаны тұлғаны айналдыра бел сызық деңгейінде жайғастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады. Өлшеу барысында бел пішініне көңіл аударады және паспортқа оның ерекшеліктерін жазып отырады: мәнерленбеген, цилиндрлік, арқа тұстан өте майысқан, қарны шығыңқы.

7. Жартылай мықын айналымы — ЖАмы . Мықынның толық айналымын өлшейді. Таспаны тұлғаны айналдыра шығыңқы нүктелерге: артынан – жамбасқа, алдынан – қарынға жайғастырады. Өлшемнің жартысын жазып алады. Өлшеу барысында мықынның пішіні мен орналасу деңгейін жазып алады: сопақ, дөңгелек, арқа жағынан тегіс, жамбастың өте шығыңқылығы, бүйір шұңқырлығы, сандардың сырт жағын май басуы, жоғары, төмен орналасуы.

8. Кеуде ені — Е. Еркектерде қолтық асты шұңқырларының алдыңғы бұрыштары ара қашықтығы өлшенеді. Таспаның төменгі шеті қолтық асты шұңқырларын жанап өтуі тиіс. Әйелдерде кеуде бездерін тігінен қоса есептегендегі колтық асты шұңқырларының алдыңғы бұрыштарының аралығы өлшенеді. Жарты өлшемді жазып алады. Өлшеу барысында кеуде қуысының пішініне және иық қалпының бұрылысына көңіл бөледі. Кеудені шығыңқы, түсіңкі, өте шығыңқы бұғаналарымен белгілейді. Иық бұрылысының жайылғанын немесе тарылғанын анықтайды. Жіңішке қапсырма сызығының жоғарғы бөлігін көру барысында кеуде қуысының және иық қалпы құрылымы ескеріледі.

9. Артқы бел сызығынан мойын негізделу нүктесіне дейінгі аралық —

Үа бб. Артқы бел сызығынан мойын негізіндегі иықтың тігістің жоғарғы нүктесіне дейінгі аралықты омыртқаға параллель өлшейді. Иық жапсырмасы бар болған жағдайда иық жапсырмасы иықтың тігісінің жоғарғы нүктесінен омыртқаға параллель белдегі көлденеңдікке дейін өлшейді.

Мойын нүктесінен алдыңғы бел сызығына дейінгі аралық — Үал б 6. Мойыннан кеуденің шығыңқы нүктесі арқылы өтетін белге дейінгі аралық

11. Кеуде биіктігі – Бк. Мойынның негізгі нүктесінен кеуденің шығыңқы нүктесіне дейінгі аралық.

Арқа ені – Еа . Жауырын бойымен қолтық асты шұңқырларының артқы бұрыштары арасындағы ара қашықтықты өлшейді. Өлшеудің жартысын жазып ала­ды. Өлшеу барысында жауырынның  шығыңқылығы мен арқаның қисаюына назар аударылады

Бұйым ұзындығы – Үб й. Шартты қабылданған типтік қалыптағы дене бітімдегі жағаны қондырып тігу сызығынан (мойын нүктесінен) қалаған ұзындығына дейінгі арақашықты арқа ортасымен өлшейді.

Иық белдеуі ені – Еи. Жобаланған иық тігісі негізгі нүктесін негізгі мойын ақырғы нүктесіне дейін өлшейді.

Жең ұзындығы — Үже . Иықтық нүктеден бос түсірілген қол жеңінің қалаған ұзындығы деңгейіне дейінгі арақашықтық.

Иық айналымы — Аи. Айналымды иық осіне пер­пендикуляр өлшейді. Сантиметрлік таспа қолтық астының артқы бұрышына тиіп және қолдың сыртқы бетіне тұйықталуы тиіс. Егер қол өте толық болса, оның толықтығын, тегістігін немесе қолдың жоғарғы бөлігінің май басу дәрежесін анықтау қажет.

Қосымша өлшемдер                                                                                                                                                                           8а. Кеуденің екінші ені — ЕкГ Әйелдерде кеуде бездерінің шығыңқы нүктесі бойымен көлденеңінен тігіне дейін өлшейді. Өлшеу көлемінің жартысын жа­зып алады.

9а. Мойын негізделу нүктесінен артқы тік бойымен бел сызығы деңгейіне дейінгі арақашықтық – ¥а бб.Иық тігісінің жоғарғы нүктесінен бастап, жауырынның көбірек шығыңқы нүктесі арқылы тігінен төменге қарай бел сызығына дейін өлшейді.

13а. Иықтың қиғаш алдынан екінші биіктігі – Б ц а2. Ерлерде иық нүктесіне дейінгі, әйелдерде  кеуде безінің шығыңқы нүктесіне дейінгі қысқа ңашықтық өлшенеді.

136. Емізіктік нүктелері арасындағы арақашықтық -е.Орт. Кеуде бездерінің шығыңқы  нүктелері арасындағы арақашықтық көлденеңінен тек қана әйелдерде өлшенеді.

15а. Бел сызығының алдыңғы жағынан еденге дейінгі арақашықтық — Үалд Әйелдерде – бел сызығынан қарынның көбірек шығыңқы нүктесі арқылы және әрі қарай тігінен еденге дейінгі арақашықтық өлшенеді.

Іштің (қарынның) шығыңқы деңгейі — Д.ш. Бел сызығынан іштің көбірек шығыңқы нүктесіне дейінгі арақашықтық тігінен өлшенеді. « + » және «—» белгілері бел сызығына қатысты іштің көбірек шығыңқы нүктелерінің жағдайын көрсетеді: Ц.ш . «+» белгісімен көбірек шығыңқы нүктенің бел сызығынан жоғары, «-» белгісімен бел сызығынан төмен орналасатынын көрсетеді.

Сан айналымы — Асан. Сан асты қатпарларын сантиметрлік таспаның жоғарғы шетін жалай, мықынды айналдыра көлдеңінен өлшейді; таспа аяқтың сыртқы бетіне тұйықталуы тиіс. Толық және жіңішке аяқтар түрі белгіленеді.

Балтыр айналымы — Абалт. Балтыр бұлшық еті тұсындағы аяқтың максималды айналымы өлшенеді. Сантиметрлік таспаны аяқты айналдыра орналастырады және жіліншіктің сыртқы бетімен тұйықталады.

Тізе айналымы — Ат. Өлшеу барысында сантиметрлік таспаны тізе томпағы деңгейінде аяқты айналдыра көлденеңінен орналастырады, аяқтың сыртқы бетіне тұйықталады.

Конструкция құру үшін қажетті бастапқы өлшемдік белгілер


Өлшемдік белгілердің атаулары
шарты
мөлшері
1
Мойынның жартылай орамы
Сш
17,7
2
І кеуденің жартылай орамы
СгI
42,9
3
ІІ кеуденің жартылай орамы
СгII
46,4
4
ІІІ кеуденің жартылай орамы
СгIII
44
5
Белдің жартылай орамы
Ст
35
6
Бөксенің жартылай орамы
Сб
48
7
Кеуденің ені
Шс
17,3
8
Арқа кеңдігі
ШгI
16,5
9
Иықтың ені
Шп
13,1
10
Алдыңғы бойдың ұзындығы
ДтпII
43,2
11
Арқы бойдың ұзындығы
ДтсII
42,7
12
Кеуде биіктігі
Вг
25,4
13
Иықтың қиғаш өлшемінің биіктігі
ВпкII
42,6
14
Қолтық ойындысының биіктігі
ВпрзII
20,9
15
Бұйымның ұзындығы
Дизд
145
ІV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген кеспе қағаздардағы тапсырмалар бойынша сұраққа жауап беріп, тәжірибе жасау.

1.Бой деп қай аралықты айтамыз?

2.  Антропометриялық нүктелер деп қандай нүктелерді атайды?

3.Жартылай мойын айналымының қысқаша белгісі

4.Жартылай мықын айналымының қысқаша белгісі

5. Сан айналымын өлшеу

6.Мойынның жартылай орамының шарты мен өлшемін атаңыз                                                                                              7.Кеуде енінің шартты белгісін атаңыз

8.Тізе айналымын өлшеу

9.Емізіктік нүктелер арасындағы ара қашықтықты атаңыз

10.Көлденеңінен тек қана әйелдерде ғана өлшенетін ара қашықтықты атаңыз

11.Бұйым ұзындығының қысқаша атауы

12.Балтыр айналымының өлшемін атаңыз

13.Иықтың шарты белгісін атаңыз

14.Кеуде биіктігі

15.Мойын нүктесінен алдыңғы бел сызығына дейінгі аралық

16.Иық айналымының қысқаша атауы

17.Иық айналымын өлшеу

18.Бел сызығының алдыңғы жағынан еденге дейінгі ара қашықтықты айтыңыз

19.Қолтық ойындысының биіктігінің шартын атаңыз

20.Конструкцияны құру үшін қажетті бастапқы өлшемдік белгілерді атаңыз

2-тапсырма. «Алма ағашы» ойынында берілген сұрақтың дұрыс жауабын алма ағашына жапсыру.

Жартылай бел айналымын қысқаша белгісін атаңыз

Ж.а.бел

Адам денесінің оның (антропологиялық)  бөліктерін өлшеудің үшінші тәсілін атаңыз

3 – тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшеу

Адам денесімен оның (антропологиялық) бөліктерін өлшеудің екінші тәсілін атаңыз

2 –  тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқаша қашықтығын өлшеу

Адам денесімен оның (антропологиялық) бөліктерін өлшеудің бірінші тәсілін атаңыз

Тік немесе көлденең жазықтықтағы кез келген нүктелер арасында арақашықтық проекциясын өлшеу

Кеуде ұштарын өлшену тәсілін көрсет

Емізік нүктелерінің ара қашықтығын өлшеу

Дтп ІІ толық атауы

Алдыңғы бойдың ұзындығы

Ст өлшем бірлігінің өлшем атауы

Белдің жартылай орамы

Балтыр айналымының шартты атауы

А.бат

Бөксе айналымын өлшеуді көрсетіңіз

Жамбастың ең шығыңқы нүктесін жанай отырып өлшеу

Иық белдеу ені

Жобаланған иық тігісі негізгі нүктесін негізгі мойын ақырғы нүктесіне дейін өлшейді

V .  Үйге  тапсырма

Адам денесінің өлшемдік сипаттамасын,  оның бөліктерін өлшеу тәсілдерін,    дене өлшемдерін өлшеу тәсілдерін және  қосымша өлшемдерді оқу, өлшемдерді дұрыс өлшеп алуды үйрену.

VІ.  Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындап отырған оқушыларды білім деңгейлеріне қарай бағалау кестесіне бағаларын қою,   естірту.

Бағалау парағы


Оқушылардың

аты-жөні

«Сиқырлы

қоржын»

ойыны

кеспе қағаздарға жауап
«Алма ағашы» ойыны
Қорытынды

баға

VІІ. Пайдаланылған әдебиеттер:

Литвинова И.Н., Шахова Я.А. «Әйел сырт киімін әзірлеу» Алматы. Ана тілі, 1993ж.-323-бет Аударған Ө.Кесікбаев
Шершнева Л.П. «Әйел және бала киімін конструкциялау негіздері» Алматы.1989 ж. Аударған Ерғали Әбілмәжітова
Ералин Қ., Накбаева А., Нұрланова Ұ. «Композиция». Оқу құралы. Түркістан . 2009 ж.
Жолдасбекова С.А., Қалабаева Қ.Р. «Киімді конструкциялау мен  модельдеу».
Жолдасбекова С.А., «Костюм тарихы». Оқу құралы. Шымкент 2004 ж.
Сабыркүл Асанова «Қазақтың ұлттық киімдері». Алматы. Атамұра, 1995 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *