«Қыстап  қалған  құстар» тақырыбындағы  ашық сабақ


Ахметсадыкова Жанипа Құмарбекқызы

ШҚО облысы, Тарбағатай ауданы, Ойшілік ауылы, «Әсем» ясли-балабақшасы

 балабақша тәрбиешісі

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  технологиялық  картасы

Күні:

 Білім  беру  саласы:   Әлеуметтік  орта

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті:  Айналамен  таныстыру

Тақырыбы:  «Қыстап  қалған  құстар»

Мақсаты:  1. Білімділік:   Балалардың  қыстайтын  құстар  туралы  түсініктерін  кеңейту,  білімдерін  бекіту.

  1. Дамытушылық: Құстар туралы  ой-өрістерін,  танымдық  қабілеттерін  дамыту.
  2. Тәрбиелік: Құстарды қорғауға,  қамқор  болуға  тәрбиелеу.

Көрнекілік:   Құстардың  суреттері.

Әдіс  тәсілдері:  Ой  қозғау,  сұрақ-жауап,     көрсету,  түсіндіру,  тосын  сый,  ойын,  ой  жүгірту.

Пәнаралық   байланыс: көркем  әдебиет,  тіл  дамыту

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
 

Мотивациялық  қозғаушы

ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойқозғау

 Ұйымдастыру “Жылулық  шеңбері”  Психологиялық  дайындық

-Балалар,  бүгін ерекше  күн.  Біздің  оқу  іс-әрекетіне қатысуға  қонақтар  келіп  отыр.

Олай  болса, қонақтармен  сәлемдесейік.

-Балалар  енді  қонақтарға  арналған  жақсы  тілектер  айтайық.

-Жақсы  балалар,  енді  орнымызға  отырайық

-Балалар,  қазір  жылдың  қай  мезгілі?

-Қыстың неше  айы  бар?

-Қыс  айларын  атаңдар:

-Қыста  табиғатта  қандай  өзгерістер  болады

 

 

 

Балалар  жылулық  шеңберіне  тұрып  қонақтармен  сәлем –

деседі!

Білер  қазақ  баласы,

Сәлем  сөздің  анасы.

Тобымызға  келген  қонақтарды  көргенде

Бәріне  де  ізетпен,

Біздер  сәлем  береміз.

-Сәлеметсіздерме  апайлар!

-Сіздерге   денсаулық  тілейміз!

-Қыс.

-Үш  ай

-Желтоқсан,  қаңтар,  ақпан.

Балалардың  жауаптары.

 

Іздену – барлау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тосын  сый

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой  жүгірту

Қазақ  халқының     ұлттық  ойыны:

«Ұшты – ұшты»

Балалар,  қазір  мен сендерге   жұмбақ  жасырамын.   Сол  жұмбақтың   шешуі  арқылы  оқу  іс-әрекетінің  тақырыбын  анықтаймыз.

Жұмбақтар:

Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ.

(Қарға)

Ала шапан кигені,

Сескенгіш болған соң,

Шықылықтап жүргені.

(Сауысқан)

Балалар,  жұмбақтың  жауабын   дұрыс  таптыңдар,  ендеше  біз  құстар  туралы,  соның  ішінде  қыстайтын  құстар  туралы  әңгімелейміз.

-Балалар  мына  құстардың  атын  атап  жіберейікші.

-Ал  енді  балалар біздің  жақта  қыстап  қалатын  қандай  құстарды білесіңдер?

-Суреттен  сол   құстарды  табайықшы, кәне  кім  көрсетеді?

-Дұрыс  айтасыңдар  балалар.  Қысқы  құстарға: қарға,  көгершін,  сауысқан, торғай  жатады  екен.

-Балалар  жылы  жаққа  ұшпайтын,  суыққа  төзімді  құстарды  қысқы  құстар  деп  атаймыз. Қысқа  қарай олардың  қауырсындарының  астындағы  мамық  жүндері  қалыңдайды, сондықтан  олар  суықта  тоңбайды,  төзімді   болады.

-Балалар, осы  құстар  қыста  немен  қоректенеді, не  жейді  деп  ойлайсыңдар?

Балалар  кейбір  ағаштар  мен  бұталарда  қураған  жапырақтар  сақталып  қалады  құстар  соны  азық  етеді.  Қыста  оларға  қар  астынан  дән  тауып  жеу  өте  қиын,  сондықтан  олар  үйдің  маңайына  ұшып  келеді.

Адамдар,  балалар  құстарға  жемшашар  жасап,  оған  нанның  қоқымын,  жем  салып  қамқорлық  көрсетеді.

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде  құстар  патшалығы  болыпты.  Патшалықты  басқаратын  ханзада  және  ханшайым  болыпты.  Құстар  патшалығының  ханшайымы  бізге  қонаққа  келеді.

Құстар  патшалығының  ханшайымы

– Сәлеметсіздер  ме, қонақтар!

-Сәлеметсіздер  ме,  балалар!

Мен  құстар  патшалығының  ханшайымымын.

Құстар  тақырыбында  ашық  оқу  іс – әрекеті  өтіп  жатыр  деп  естіп  әдейі  қатысуға  келдім.

Көрдіңдер  ме,  балалар  менің  сиқырлы  3  сандығым  бар.

–                     Мынау  жай  сандығым.

–                     Мынау  күміс  сандығым.

–                     Ал  мынау  алтын  сандығым.

Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, қандай  әдемі  сандықшалар!

Ханшайым  сандықтарыңызды  алып  көрсетіңізші.

–                     Сандықтың  ішінде  не  бар екен?– деп  біздің  балалар  асыға  тосып  отыр.

Ханшайым:  Балалар  менің  тапсырмамды  орындасын,  сонда  сандықтар  ашылады.

Тәрбиеші: Балалар  ханшайымның  тапсырмасын  орындап  сандықтарды  ашып  көрейік.

Ханшайым: Балалар 1 –ші  тапсырмамды  орындасаңдар  жай  сандық  ашылады.

Мұқият  тыңдаңдар!

1 тапсырма: Менің  қысқы  құстарым  туралы  қандай  тақпақтар  білесіңдер? Ханшайым:  Жарайсыңдар, балалар!

1-ші тапсырманы өте  жақсы  орындадыңдар!

Жай  сандық  ашыл!

Жай  сандық  ашылады.

-Балалар,   шаршаған  боларсыңдар  сергіту  жаттығуларын  жасайық.

– Торғайларға  ұқсайық,

Кәне,  қанат  жайайық.

Торғай  боп  ұшайық,

Ұшып-ұшып  алайық

Ханшайым:  Енді 2- ші  тапсырмамды  орындап  күміс  сандықты  ашуларыңа  болады.

2 – тапсырма: Менің  құстарымды  қорғау,қамқорлық

жасау  туралы  қандай тақпақтар  білесіңдер.

 

Ханшайым:  Балалар,  сендер  2-ші  тапсырмамды  мүлтіксіз  орындаңдар!

Күміс  сандық  ашыл!

Күміс  сандық  ашылады.

Ханшайым:

–                     Балалар  енді 3 –ші

тапсырмамды  орындап  алтын  сандықты  ашуларыңа  болады.

3 тапсырма: Менің  құстарым  туралы  қандай  тиым  сөздер  білесіңдер?

Ханшайым: -Жарайсыңдар,  балалар!  Сендер 3- ші  тапсырманы да  өте  жақсы  орындадыңдар!

Алтын  сандық  ашыл!

(Алтын  сандық  ашылады).

-Балалар,  осы  қысқы  құстардың  ішінде  қарға  көп   ертегілерде  жағымсыз  кейіпкерлер  болады?

-Балалар,  естеріңе  түсіріңдерші   қарға  қай  ертегіде  балаға  көмектеспей  қойып  еді?

-Жарайсыңдар   балалар!

-Балалар, тағы  бір  ертегіде  қарға  қарлығашқа  көмектеспей  қойып  еді  ғой  естеріңе  түсіріңдерші.

Ойынның  аты  «Ұшты-ұшты»

Тәрбиеші  балаларға  ойынның   шартын  түсіндіреді.

Ұшты-ұшты  қарға  ұшты

Ұшты-ұшты  арба  ұшты

Ұшты-ұшты  көгершін  ұшты

Ұшты-ұшты  сілеусін   ұшты

Ұшты-ұшты  бүркіт  ұшты

Ұшты-ұшты  іркіт  ұшты

Ұшты – ұшты  сауысқан  ұшты

Ұшты – ұшты  арыстан  ұшты

Балалар  жұмбақтың  шешуін  табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  суреттегі  құстардың  атын  атайды.

Балалардың  жауаптары

 

Балалар  қысқы  құстарды  көрсетеді.

Балалар  қысқы  құстар  туралы  суреттерді  қызығушылықпен  қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  тәрбиешінің   әңгімесін   зейін  қойып  мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  сандықшаларға  қызыға  қарайды.

 

Балалар  тәрбиешіге  қуана  келіседі.

Әміре:

Жылы  жаққа  ұшпайтын,

Біздің  жақта  қыстайтын.

Құстар  жүрсе  жуықта,

Жем  шашуды  ұмытпа.

Аружан:

Қарға,  қарға,  қарғалар,

Қар  үстінде  жорғалар.

Боран  соқса  қар  болар,

Бұтаға  келіп  қорғанар.

Балжан:

Ала   қанат  сауысқан,

Құртты  көрсе  жабысқан.

Бір  ағаштан  ағашқа,

Секең-секең  ауысқан!

Дамира:

Көк  көгершін,  көгершін,

Көгершін  келер  жем  үшін.

Балалар  жем  себелік,

Жем  жесінде  семірсін.

Балалар  тақпақтың  мазмұнына  сай   қимылдар  жасайды.

«Алтын   сақа»   ертегісі

 

«Қарлығаш  пен  дәуіт»    ертегісі

 

 

 

 

 

Балалар  ойын  ережесін  мұқият  тыңдап,  ойынға  белсене  қатысады.

Рефлексивті-түзетуші -Балалар,  сонымен  қыстап  қалатын  құстарға  қандай  құстар  жатады  екен?

-Бүгін  бізге  қонаққа  кім  келді?

-Ханшайым  қандай  сандықтар  әкелді?

Құстар  патшалығының  ханшайымы:

– Жас  достар, сендер  менің  құстарым  туралы  көп  тақпақ  тиым  сөз  біледі  екенсіңдер. Сендер менің  құстарыммен  дос  екенсіңдер!  Құстарды  қорғап,  қамқорлық  көрсетеді  екенсіңдер.  Мен  сендерге  өте  риза  болдым.

-Балалар  сендерге  әкелген  сыйлығым  бар  еді  соны  таратып  берейін

-Балалар, мен  енді  қайтайын

-Сау  болыңдар

-Балалар  барлығың  бүгінгі оқу  іс-әрекетіне  өте  жақсы  қатыстыңдар.  Өздеріңнің  білімді,  зерек,  алғыр,  тапқыр  балалар  екендіктеріңді  көрсете  білдіңдер.

-Балалар  келген  қонақ  апайлармен

қоштасайық.

Келген  қадамдарыңызға  гүл  бітсін!  Деген  ізгі  тілекпен  оқу  іс-әрекетін  аяқтаймыз.

Балалардың  жауаптары

 

 

-Құстар  ханшайымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Рахмет,  сізге!

 

 

– Сау  болыңыз.

Күтілетін  нәтиже:

Нені білу   керек:  Өлкемізде  қыстап  қалатын  құстардың  түрлерін және олардың қысқы тіршілігін.

Нені  игерді:    Қысқы  құстар  және оларға қамқорлық жасау туралы  тақпақтар,  тиым  сөздер  айтуды.

Нені біледі: Қысқы құстарға қамқорлық жасауды.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *