Наурыз – жыл басы 9 сынып


Рахимова Ману Сақтағановна

Рудный қаласы әкімдігінің “№10 мектеп-гимназиясы” КММ    қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға наурыз мейрамының шығу тарихы, наурыз көже берудің маңызы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың еліне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ұқыптылыққа, шапшаң болуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтық сайыс
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, итерактивті тақта, суреттер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
І. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Оқушылар бір – біріне мерекелік жылы сөздер айтады.
Мұғалім сөзі:
Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» мағынасын білдіреді. Қыс кетіп, көктем келіп, наурыздың 22 – сінде күн мен түн теңеледі. Қазақтар бұл мейрамды -“Әз – Наурыз” деп атаған. Халқымыздың ежелгі наным – сенімі бойынша наурыздың алғашқы күні жер – көкті жарып шыққан ерекше дыбыс естіледі. Дыбысты жұмақтан шыққан қой мен оны бағып шыққан қойшы ғана естиді. Наурыз мейрамы жаңа жылдың бастауы ғана емес, достық пен бірліктің, халықты тазалыққа шақырып, еңбекке бастайды.
Наурыз – табиғаттың жаңарып, мал төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Халқымыз мұнтаздай таза үйге кірсе, ол үй ауру – сырқаудан, пәле – жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңы қағылып, жуылып, тазартылады. Бұл күні таза киімдерін киіп, жыл басы жақсы басталса, аяғына дейін жақсы болады дейді. Наурыз мейрамында наурыз көже беріліп, түрлі ойын – сауықтар ұйымдастырған. Бүгінгі күні біз де ” Шапағат” және ” Бәйшешек” топтарының арасын сайыс ұйымдастырғалы отырмыз. Олай болса сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырамыз.
І. Таныстыру.
ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйер.(сұрақ – жауап)
ІІІ. Мақал – сөз мәйегі.
ІҮ. Кім тапқыр
Ү. Сандар сыры.
ҮІ. Ас – адамның арқауы
Сайысымыздың бірінші кезеңінің шарты: Екі топ өздерінің топтарының аты, төсбелгісі, ұраны және мүшелерімен таныстырады.
ІІ. Салтын сүйген, халқын сүйeр.
Шарты: Екі топқа сұрақтар қойылады. Қай топ бірінші болып жалауша көтерсе сол топ бірінші жауап береді.
1. Наурыз сөзі парсы тілнен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
2. Наурыз көже неше түрлі тағамның қосындысынан жасалынады?
3. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын ата.
4. Наурызшешек қандай өсімдік?
5. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесіңдер?
6. Наурыз тілек деген не?
7. Қазақтың ұлттық ойын түрлерін атап беріңдер.
8. Сүттен жасалынатын тағамдарды ата
9. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін ата
10. Наурыз бата деген не?
ІІІ. Мақал – сөз мәйегі.
Шарты: Берілген мақал – мәтелдің жалғасын табу қажет.
1. Орамал тонға жарамаса да, (Жолға жарайды)
2. Тойға барсаң бұрын бар,
(Бұрын барсаң орын бар)
3. Құтты қонақ келсе,
(Қой егіз табады)
4. Батыл жігіт жол бастар,
(Ақын жігіт той бастар)
5 (Алы жасар бала алыстан келсе)
Алпыс жасар кәрі алдынан шығар.
6. Той дегенде қу (бас домалайды)
7. Саналы ел (салтын сақтар)
8. Ата жолы – адамдық, (ана жолы – адалдық)
9. Ағадан – ақыл, (данадан – нақыл)
10. Әке көрген оқ жонар ( шеше көрген тон пішер).
ІҮ. Кім тапқыр!
Шарты: Қазақ халқының ұлттық салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарына байланысты берілген сұрақтарға жауап береді.
1. Қуаныш иесіне қуанышына ортақтасып сый беру (көрімдік)

4 комментария к “Наурыз – жыл басы 9 сынып”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *