«Төрлет Наурыз еліме»
Нугуманова Даметкен Алтаевна
Шортанды аудандық білім беру бөлімінің жанындағы МКҚК «Балауса» ясли-бақшасының әуен жетекшісі
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балалар санасына жеткізу. Наурыздың 22 – сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт – дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Роза Рымбаеваның « Наурыз думан» әні
Жүргізуші 1: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Босқа қарап тұрмаңыздар!
Наурыз тойы басталды.
Көргендер де арманда,
Көрмегендер де арманда,
Қызықтан құр қалмаңыздар!
Қайырлы күн,құрметті қонақтар, әріптестер және бүлдіршіндер! Наурыз тойы құтты болсын! Ит жылы баршамызға жақсылығын, жаңалығын алып келсін! Ақ мол болсын! Халқымыз тоқ болсын!
Ведущая 2: Добрый день, дорогие ребята, уважаемые гости! Мы приветствуем вас на праздновании весеннего праздника Наурыз. Наурыз- мейрамы — это светлый весенний праздник пробуждения природы, вселяющий веру и надежду на совершение самых светлых и заветных желаний.
Ведущая: Пришел Наурыз, весна пришла.
И сразу наша земля расцвела.
Все рады празднику вокруг,
И каждый здесь и брат и друг.
Согретые солнцем и теплом,
О Наурызе песню мы поем.
Бауыржан: Ән «Наурыз»
Жүргізуші 1: Балалар сендер көктемнің келгенін қалайсындарма? Бірақ біз оны қайдан табамыз?
Ведущая 2: А я знаю, кто нам поможет. К нам в гости пришел старик –мудрец.Давайте поздороваемся с ним?Сәлеметсіз бе, ақсақал! Здравствуйте, уважаемый мудрец!
Ақсақал: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Здравствуйте, дорогие ребята! Мен ақсақалмын. Мен көптеген ертегілір мен аңыздар білемін.
Жүргізуші 1: Құрметті ақсақал бізге көктемді табуға көмектесесізбе? Бүгін біз Наурыз мейрамына жиналып Көктемді күтудеміз.Бірақ көктем жолда адасып қалған сияқты.Сіз көктемді қайдан табуға болатының білетің шығарсыз?
Ақсақал: Тоқтандар балалар . Мен сендерге көктемді табуға көмектесемін.Менде сандық бар ол жай сандық емес сиқырлы сандық.(сандықты ашып ішінен қуыршақты алып шығады)Бұл қуыршақта жай емес сиқырлы қуыршақ.Балалар бұл қуыршақ маған бұл залда әдемі қазақтың биің билейтің қыздар бар дейді.
Ведущая 2: Ну что же, ребята, будем искать Весну, а помогут нам в пути песни, стихи и танцы.
Тақпақ: ортаңғы топ
Влад: Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейірім шуақ нұр.
Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ нәзік сыр.
Азамат: Наурыз тойы-елдің тойы ,
Көктем тойы- төлдің тойы.
Ән айтатын күні бойы,
Жақсы көрем наурыз тойын!
Аружан: Наурыз келді сән құрып,
Жасарып, жаңғырып.
Құлпырды жер мен көк,
Мейірімі таң күліп.
Элина:Салт-дәстүрім жарасса,
Қайта түлеп жаңаша.
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық жараса.
Жүргізуші 1: Наурыз — шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып, жас пен кәріміз,
Би билейік бәріміз.
«Ақбота» ересектер тобы: «Айгөлек биі»
Ойын: «Көкпар»
Мақсаты: 2 топтан 2 баладан шығады ортада орындықтын үстінде қой жатады.музыка мен орындықты айналып шауып музыка тоқтағанда кім бірінші қойды алады.
Көрініс: ортаңғы топ
Жүргізуші: Тыңданыздар! Тыңданыздар!
Құс төресі Бүркіт жан-жануарлар арасында өтетін қазақша күрес сайысына щақырады.Сайыста жеңіп шыққан палуанға арналған арнайы сыйлық бар.Күштілер мен ептілер жиналған бұл сайыста қазақ даласының түкпір-түкпірінен келген палуандар күш сынасады.Қанекей « Кім күшті» екен.
Бүркіт:Бұл жарысқа қазақ даласының түкпір-түкпірінен келген ең мықты балуандар қатысып отыр.Осы күрес сайысын біз жеңімпаз балуанның атауымен атауды ұйғардық. «Көш атасын танымас» деген.бәрінізге жеңіс жолында сәттілік тілейміз.
Жүргізуші: Алғашқы жұп аю мен қоян.Аю жеңеді. Ортаға екінші жұпты шақырамыз Қасқыр мен Барыс.Барыс жеңеді.Үшінші жұп орман алыбы Аю мен тау батыры Барыс шығады.Барыс жеңеді .
Бүркіт:Міне жеңімпазда анықталды.Барыс балуанның құрметіне бұл сайысымыз ендігі жерде «Қазақстан Барысы» деген атпен өтетін болады. құттықтаймыз.
Жүргізуші 1:Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Көп ұлтты мемлекет болғандықтан барлығымыз бір шаңырақтын астында тату тәтті өмір сүреміз.Үнді биімен Аружанды қарсы алыңыз.
Үнді биі: Аружан
Ведущая 2: «Ұлыстың ұлы күні – Великий день Наурыз», главным блюдом праздничного дастархана был «Наурыз-көже». Наурыз көже — это традиционный весенний суп из семи компонентов:Рис,перловка,гречка,овёс (овсянка или геркулес),пшеница (крупа манки),кукуруза,пшено.айран или қатық (курт) ,мясо (запасы от согыма)қазы,вода,соль.
Ведущая 2: В наши юные года,
Танцам рады мы всегда.
Даже через много лет,
Мы их не разлюбим, нет!
«Балапан» би «Қамажай» — екінші сәбилер тобы
Ақсақал: Балалар сиқырлы сандықты ашып қарайық(ішінен-ат алып шығады)
Ведущая 2: Ведь не зря старый мудрец достал из своего сундука лошадь. Ведь у казахского народа есть много игр и обряд, который связан с лошадью.
Жүргізуші 1: Ата жолын қуайық
Салт — дәстүрін сыйлайық.
Наурыз келсе, құт келгені халайық,
Шашу шашып, ел боп қарсы алайық!
Жүргізуші 1: Қазақ халқының өте көп салт-дәстүрлері бар.Бүгін бізге әжеміз өзінің немересімен қонаққа келіп тұр.Ол бізге атқа мінгізу дәстүрін көрсетеді.
Әжей: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, балалар! Наурыз мейрамы құтты болсын! Бүгін мендеде мейрам ,менің немерем 5жасқа толды.4-5 жасқа толған балаларды атқа мінгізген,ол үшін арнайы балаларға арналған ертоқым жасатқан. Онымен жуас тайды ертеп, баланы отырғызып,ауылды аралап улкендердің батасын алған.Балалар сендер менің немереме не тілейсіңдер ?
Балалар: Ер азамат болсын!
Жолы ақ болсын!
Аты жүйрік болсын!
Ведущая 2: Попросим благославления у нашего уважаемого аксакала. Ата бата беріңіз!
Ақсақал: Әкеңменен анаңның,үмітін ақтай біл.
Жорытқанда, балам жолың болсын,
Өмір — жасың ұзақ болсын! Әумин!
Жүргізуші 1:Олай болса әжені басқа балаларда күтіп отыр екен.Әжемізбен қоштасайық. Сау болыныз!
(Әже благодарит всех и уходит с внуком)
Ойын: «Қыз қуу»
Ойын: ортаңғы топ «Орамал тастау» Қызымызды ортаға шақырайық. Ұлдарымыз музыка әуенімен атпен шабады. Музыка тоқтағанда, қызымыз орамалды ортаға тастайды, ал ұлдар жерге түсірмей қағып алу керек. Қағып алған бала қыздың бетінен сүйеді.
Ақсақал: Балалар менің сандығымнан бір дауыс шығатын сияқты естип тұрсындар ма? Бұл ненін дауысы?(Домбыра алып шығады)
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра!
Би: «Домбыра»
Тақпақ: «Ересектер» тобы
Аделя: Ақ тілек бейбітшілік заман болсын,
Елім жұртым қадірлі аман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар,
Достыққа берік, мықты адал болсын,
Наурыз құтты болсын!
Ева: Наурыз жауын, наурыз сән,
Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған ,
Жасыл желек көк аспан.
Андрей: Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын Наурыз мерекесі.
Ақсақал: Балалар сендер жарық пен жылыны сезіп тұрсындарма?Ал менің сиқырлы сандығымда тағы бір қуыршақ бар.(көктем қуыршағын алып шығады) Таныдыңдар ма? Әрине бұл Көктем.
Ведущая 2: Растаял снег, звенят ручьи
Запели песни соловьи.
Земля проснулась и цветет,
И гости к нам Весна идет.
(под музыку заходит Весна): Сәлеметсіздер ме балалар және қонақтар.Наурыз мейрамы құтты болсын.
Ведущая 2: Здравствуй, Весна—Красна, мы рады твоему приходу, будь нашей гостьей дорогой. А ребята порадуют тебя своими талантами.
«Көктем» әні. Ересектер тобы
Ойын:Асық ату
Весна: Молодцы ребята, хорошо поиграли, а загадки вы отгадывать умеете? Сейчас узнаем, слушайте:
1. Ярко сияет, всех согревает? / Солнце/
2. Птички запели, ручьи зазвенели,
это девица пришла, а зовут её …/ Весна /
3.Қыста киімін тастайды ,көктемде киіне бастайды (ағаш)
4. Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады (күннің көзі)
5.Жылт жылт етеді жылғадан өтеді (су)
Жарайсындар балалар.
Би: «Қаражорға»
Көктем: Спасибо, вам, ребята, за ваши песни, танцы.
Ну что ж друзья, пора нам прощаться.
И в путь далекий собираться.
Весну ждут по всей земле, весне радуются везде.
До свидания, ребята! (уходит)
Жүргізуші:Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!
Шашу шашылады.