«Ұлттық ойынмен шыңдаламыз»


Қаратаева Бибігүл Жұмабекқызы
Шортанды аудандық білім беру бөлімінің жанындағы МКҚК «Балауса» ясли-бақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы

Сабақтың мақсаты:
Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
2. Дамытушылық: Қазақ халқының ерлік – жауынгершілік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хан батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;
3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін – өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.
Қажетті құралдар: Арқан, Жылқы, Теңге, Қамшы, кәрзеңке, майда доптар, қазақтың күйлері.
Д/ш нұсқаушысы: Құрметті тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер! Сендерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын Бүгінгі «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер! Топ арасындағы жарысқа топтарды ортаға шақырайық.
Қаражорға әуенімен балалар ортаға шығады.

Д/ш нұсқаушысы:  Міне, балалар шықты алаңға,
Жас спортшылар жеке – жеке команда
Ал, балалар өздеріңді таныңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанды,

«Ура» деген ұранды біз тастаймыз
Жарысымызды ал енді бастаймыз
«Жеңіске жетеміз!» деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Д/ш нұсқаушысы:  «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» – атты жарысымызды бастаймыз.
Бүгінгі жарысқа қатысуға екі топ келіп тұр. Осы топтардың жарысына әділ бағасын беретін сіздерсіздер.

Ал, құрметті халайық
Жарысты енді көріңіз
Әділ қазы алқасы
Әділбаға беріңдер
– дей отырып топ капитандарына сөз берейік.

1 – топ «__________________»
Топ капитаны – ____________
2 – топ «_________________»
Топ капитаны – ____________

«________________» тобы
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па!
Қуып жету жақсы ғой
Озып шығу бір басқа.

«_________________» тобы
Босқа қарап тұрмайық,
Бағымызды сынайық
Намысты қолдан бермейік
Жарысты озып шығайық.

Д/ш нұсқаушысы: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз.
Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық…

Сайыс шарттары:
1. Бәйге
2. Арқан тартыс
3. Теңге алу
4. Қол күрес
5. Көкпар

6. Алтын қабақ (жамбы ату)

7. Хан «алшы»

8. Қай аспапта орындалып жатыр

9. «Құстардың келуі»

1. Ойын: Ұлттық ойын «Бәйге»
Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 – 4 м қашықтықта межелер белгіленді.
Екі топтың балалары ( арақашықтық2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.

2. Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойынның  бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
3. Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу»
Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.

4. Ойын: Ұлттық ойын «Қол күрес»
Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.
5. Ойын: « Қай аспапта ойнап жатыр?» Ойынның шарты:  Әртүрлі аспапта ойналатын музыкалар қоылады қазақтың ұлт аспабында ойналған әуенді табу керек.

 

6. Ойын: Ұлттық ойын: «Көкпар»
Ойын шарты: Ойынды ойнау үшін екі топтан 3 баладан шығады,әр бала бір-бір аттан мінеді, залдың ортасында  орындық  тұрады  оның үстіне «қой» қойылады,   Музыка ойнап тұрады, балалар «қойды» айнала  шабады. Музыка тоқтағанда «қойды» алуы керек, қай топтың баласы бірінші алса сол топ жеңіске жетеді
Ойын осылай жалғаса береді.

Д/ш нұсқаушысы:
Өнерге биік сеніңіз
Думанға қызық келіңіз
Әділ қазы ел сенген
Өнерге баға беріңіз.

7. Ойын: Ұлттық ойын: Алтын қабақ (жамбы ату) – шауып келе жатқан атың үстінен нысананы дәл көздеп  атып түсіру. Бұл ойының нұсқалары басқа халықтарда да кездеседі. Шығу тегі әскери ойынның  пайда болуымен байланысты болған,  оның қажеттігі 18 ғасырға дейін сақталған. Мұндай жарыс өткізілетін мерекелерде биік  бағана, болмаса ұзын сырық қадалып, оның ұшар басына нысана ретінде жамбы (күміс құймасы) ілінетін болған. Оны қылмен немесе жібек жіппен байлаған. Атпен шауып келе жатқан кісі садақпен жамбыны атып түсіріп, жеңіске жетуге тырысқан. Нысананы дәлдеудің басқа да  түрлері кездескен. Мысалы, жерде тұрып, немесе ат үстінде отырып, мылтықпен атуда қолданылған. Жамбы ату жігіттерді шабандоздыққа,  мергендікке үйрету де елеулі роль атқарған.

8. Ойын: Ұлттық ойын:  Хан «алшы»

Ойын шарты: Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық «хан» асығы.
Асықтар тізіліп қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тайқы-қалыптарымен түссе,бастаушы жақын құлаған асықтарды ата береді.
Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады.Ең соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.

9. Ойын «Құстардың келуі»Ойынның шарты: Алаңның бір жағында  балалар олар құстар.  Алаңның екінші жағынджа  заттар орналасқан: баспалдақтары бар тақтай басқыштар  аласа жәшәктер.Нұсқаушының  белгісі бойынша  «қанаттарын жайып» жан жаққа жүгіреді «Дауыл»  деп нұсқаушы белгі бергенде  балалар «терекке»  қарай жүгіреді «Дауыл басылды дегенде заттардан түсіп қайтадан жүгіреді
Д/ш нұсқаушысы:  Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру.
Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан – жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойыны – ұлықтайық» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен «_____________» және «________________» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *