Ашық сабақ “Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері”


Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

Есік қаласы «Абылай хан атындағы

№4 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық

мекемесінің  4 «В» сынып жетекшісі

Тустикбаева Айжан Жаксылыковна

Мақсаты:

  1. Оқушыларға тік төртбұрыштың және шаршының периметрін табудың әр түрлі тәсілдері туралы түсінік бере отырып,формула арқылы периметрді табуды меңгерту.
  2. Топтамалармен және кестелермен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, ауызша есептеу жүргізулерін,логикалық ойлауларын, есте сақтауларын дамыту.
  3. Оқушыларды әдептілікке, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   дәстүрлі

Сабақтың типі:   жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілі:   репродуктивті, көрнекілік, ұжымдық

Сабақтың көрнекілігі:   слайд, үлестірмелі топтамалар,кестелер, геометриялық фигуралар

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды бір жүйеге келтіру.

Психологиялық сәтті өткізу.

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастайық!

II.Мақсат қою кезеңі:

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

III.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Ұжымдық талдау. № 1.  Тік төртбұрыштың периметрін тап:

Новый рисунок (9)

  1. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру:

Ұжымдық жұмыс. № 3 Тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен тап:

а) Р = 15 см + 3 см +15см + 3см = 36 см   немесе   Р = (15 + 3) ∙ 2 = 18 ∙ 2 = 36 (см)

№4. Шаршының периметрін алдымен қосу амалы арқылы, содан соң көбейту амалы арқылы тап.       Р = 3 + 3 + 3+ 3 = 12 (см)    немесе  Р = 3 ∙ 4 = 12 (см)

№5.  Есеп:

6 тәрелкеге – 18 асхана аспабы

1 тәрелкеге – ? асхана аспабы

Шешуі: 18 : 6 = 3 (аспап)

Жауабы: 1 тәрелке жанына 3 аспаптан қойылды.

 

Әрбір кесе шайға – 2 шағым қант

20 кесеге шайға – ? шағым қант

Шешуі:  20 ∙ 2 = 40 (шағым қант)

Жауабы: 40 шағым қант салынады.

№6. Өздік жұмыс:

Новый рисунок (10)

Новый рисунок (11)

 

Новый рисунок (12)

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *